09.10.2024
  54


Автор: Семей қаласы

Семейімнің тарихи

Қазіргі таңда Абай облысының орталығына айналған Семей қаласының тарихы тереңде.
«Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, І Петр шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді» делінген.
«Семей» сөзінің төркініне үңілер болсақ көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдіреді екен. Қаланың алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті Семейге жібереді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсіріп, қарқынды жұмыс жасайды. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. Ал 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болады. Содан шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналып шыға келеді. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.
Осылайша Ресей империясының кезеңінен ақ үлкен облыс атағына ие болған Семей қаласы сол өткен ғасырлардың өзінде ең маңызды қала болғаны тарих беттерінде айқын көрсетілген.
2022 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде Абай облысының орталығы болған Семей қаласының тарихы тереңге жайылған елімідің ең үлкен қалаларының, маңызы зор қалаларының бірі дей аламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу