Шығармалар ✍️
Қостанайдың мекенінде
«Қостанай қаласы - Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан, осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі»
Қостанай жайлы тағы да айтар болсақ қала Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама алдыңғы қатарда тұрған, қаланың солтүстігі Ресеймен шекаралас болғандықтан Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алатын қала. Сондықтан нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналған қала. Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда өнеркәсіп жолдары жоғары дамыған қала десек қате айтқанымыз болмас. Атап айтар болсақ' Қостанайда жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, тағы басқа да өнеркәсіп орындары пайда болды.
«Шаһардың қазіргі тіршілік тынысына бет бұрар болсақ: мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар жұмыс істейді.» делінген ғаламтордан алынған жазбаға назар салатын болсақ Қостанай қаласындағы өнеркәсіптердің жоғары деңгейде дамып, жақсы жұмыс жасап жатқандығына куә боламыз. Бұл әрине біздерді қуантады.
Қостанай сияқты өнеркәсіп орындары жақсы дамыған қалаларымыз көр болсын дейміз. Қазақтың әр қаласы жандана берсін, Қостанай қаласы. Қала тұрғындары қаншама орыстанып кеткен десе де, Қостанай қаласында жүрегі Қазақ деп соғатын жандардың көптігіне сенемін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter