Өлеңдер ✍️

  27.09.2024
  12


Автор: Талдықорған қаласы

Талдықорған жүрегім

Талдықорған жүрегім,
Туған жерім, тірегім.
Жазиралы мекенім,
Сен деп өмір сүремін!

Талдықорған күн, айым,
Жүрегіңді тыңдайын.
Мен де қосып әнімді,
Жүрегіммен шырқайын!

Талдықорған жарқыным,
Сенсің гаухар, алтыным.
Шаттығымен тербетер,
Сенде өткізген әр күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу