Өлеңдер ✍️

  27.09.2024
  8


Автор: Талдықорған қаласы

Талдықорған бағымсың.

Талдықорған бағымсың,
Ғашығымсың, жанымсың.
Арайланып ататын,
Шапағатты таңымсың!

Талдықорған бағымсың
Намысымсың, арымсың.
Еркелетер біздерді,
Мырзамызсың, ханымсың.

Талдықорған сәнімсің,
Шырқап айтар әнімсің.
Жанымның зор тұрағы,
Шекерімсің, балымсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу