24.09.2024
  10


Автор: Түркістан қаласы

Құттықтаймын бүгін қала күнімен!

Құттықтаймын бүгін қала күнімен,
Түркістаным жарқырай түс, жандана!
Биіктерді бағындыршы, әрдайым,
Бір өзіңе тәнті болып бар қала!

Құттықтаймын бүгін қала күнімен,
Жолың ашық болсын дәйім Түркістан!
Жаратқаным бір өзіңе жар болсын,
Бар жақсысын саған арнап тұс-тұстан!

Құттықтаймын бүгін қала күнімен,
Түркістаным алға қадам баса бер!
Бұл өмірдің сындарына бағынбай,
Асулардан еш қиынсыз аса бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу