Эсселер ✍️
Шымкент қаласы
Шымкент жайлы сөз ете бастасақ Шымқаланың көрікті жерлері есімізге түседі. Шымқаланың шырайлы жерлеріне қарап көзім тоймай, таңырқай қарай беремін. Расыменде жасыл желек аймағы бар, қаншама халқымен ерекшеленіп тұратын Шымқаланың орны ерекше ғой. Түркістан қаласынан келе жатып Шымқалаға кірген кезде ерекше бір әсерде боламын. Шымкент бұрыннан, дәлірек айтқанда 12 ші ғасырда құрылған көне қала. Бұрынғы атауы Чимкент болса, қазір «Шымкент» деген қазақша атауға ие. Шымкенттің статусына қарайтын болсақ, «Республикалық маңызы бар қала» делінген. Яғни, Қазақстанның ең үлкен қалаларының бірі деуге болады. Халқы жағынан дараланып, Мегаполис 3 қаланың қатарына енген қала осы біздің Шымкент қаласы. 2018 жылдың 19 маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан Облысының орталығы болған қала. Қазіргі таңда өз алдына «Мегаполис» атанған қала болып табылады. Жоғарыда айтып өткенімдей, Шымкент қаласы тарихи қалалардың қатарына кіреді. Бұл күндері қаланың аумағы кеңейіп, аудандары көбейе түскен. Осындай үлкен қаламызбен біз әрине мақтанамыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter