Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  65


Автор: Жібек Ысқақова

Қазақ қызы әдемі

45) Қазақ қызы әдемі

Қазақ қызы әдемі гүл жайнаған,
Жүздерінде мейрім бар нұр ойнаған.
Қазақ қызы сүйкімді, жүзі жылы,
Бүгіні мен ертеңгі күнді ойлаған...

Қазақ қызы әдемі жаны сұлу,
Шуақты атар шырайлы таңы сұлу.
Қазақ қызы кеңпейіл, кішіпейіл,
Шолпысы бар бұрымы бәрі сұлу...

Қазақ қызы әдемі баурап алар,
Қылығымен биязы алда болар.
Қазақ қызы ең сұлу табиғаты,
Ұмай, Зере анадай жанға балар.

Қазақ қызы әдемі, айдай көркем,
Жүрек жарды сөзімен тебіренткен.
Қазақ қызы Әлия, Мәншүгімдей,
Қайсарлықпен жүректі елжіреткен.

Қазақ қызы әдемі ақын жанды,
Өлеңімен тербеген барлық маңды.
Қазақ қызы Марфуға, Фаризадай,
Жырыменен баураған барлық жанды.

Қазақ қызы әдемі атар таңдай,
Жарасады қылығы, сөзі балдай.
Қазақ қызы күндей боп жылу сыйлап,
Жүрер әркез күлімдеп, жүзі жайнай...

Жібек Искакова, 25.06.2023 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу