file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.09.2024
  272


Автор: Шынар Әділова

УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Пост-кеңестік көршіміз Ресейдің тайм-менеджмент сарапшысы Глеб Архангельскийдің айтуы бойынша, «Өз уақытын басқару» түсінігі адамның барша мүмкіндіктерінің ішіндегі ең құндысы «уақыт» болғандықтан ортаға шыққан. Уақыт – қайтып айналып келуі мүмкін болмаған әрі өте шектеулі қор. Сондықтан барлық басқару жүйесін уақытты есепке ала отырып реттеу қажет.


Енді осы түсініктемеге асыл дініміздің призмасынан да қарай отырып, анықтама беруге тырысатын болсақ, тайм-менеджмент дегеніміз – бұл дүниеде және ақыретте жетістікке жету үшін, өзімізге әрі өзіміз жауапты жандарға пайдалы ғұмыр кеше білу үшін уақытты дұрыс пайдалану мен тиімді жұмсауды жоспарлау.


Өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ өзін-өзі және уақытты басқару тұрғысында көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазып кеткен Америка-Австриялық кеңесші Питер Друкер ескеруіміз қажетті мынадай нұсқаулық береді: «Табысты меңгеруші бірден тапсырмаларды орындауға кіріспейді, алдымен уақытына қарайды. Олар бірден жоспарлауға кіріспейді, алдымен уақытын қандай істерге жұмсайтынын нақтылайды. Сонымен қатар олар уақытын босқа шығындайтын қажетсіз істерді барынша қысқартуға бар күшін салады».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу