Шығармалар ✍️

Менің досымның әкесі Құрылысшы
Менің жаныма жақын досым бар. Оның әкесі Құрылысшы болып жұмыс жасайды. Олар үлкен, көз тартатын ғимараттарды салып, көптеген халықтың алғысына бөленіп жүреді. Құрылысшылардың арқасында деп білемін, әрбір қаладағы әдемі Ғимараттардың салынуы, Досымның әкесі құрылыста бастық болып қызмет еткенмен өзі қарапайым. Өзін ешқашан ешкімнен биік санамаған. Құрылысшылардың қатарында, құрылысшыдай қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал менің досымның әкесі өте қарапайым, ұл-қыздарын қарапайымдылықпен өсіріп, жақсы тәрбие беріп отыр. Жұмыстың үлкен кіші болмайтын сияқты, оның ауыр, жеңілі болмайды. Қандай жұмыс болмасын қауыпсіздігін сақтау өте маңызды дейді.
Досымның әкесінің осындай сөздерін естіп, құрылыста жұмыс жасаудан ешқашан ұялмау керектігін түсіндім. Құлысшылардың еңбектерінің бағалануын білдім. Құрылысшылар деп жәй, ат үсті қарай салғанымыз дұрыс емес. Олардың еңбектерін бағалап, оларға деген кіршіксіз махаббатымызды көрсете білуіміз керек!
Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Құрылысшылар күнінде Құрылысшы ағалар, әкелер барлығына зор денсаулық қажымас қайрат тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇