Эсселер ✍️

  03.09.2024
  68


Автор: Құрылысшылар күні

Құрылысшылар үнімен

Мен Құрылысшымын. Құрылысшылар қатарына келгеніме біраз уақыт болмаса да, құрылыстың қыр-сырын біліп қалдым. Ұстаның көмекшісі болып жүріп аз уақыт ішінде көп нәрсені үйреніп алдым. Жалпы айтқанда қандай жұмысты болмасын көзін тауып жасар болсақ қолымыздан келмейтін іс болмайды деп ойлаймын. Құрылысшы болу үшін арнайы мамандықты таңдап, оқу керектігі көрсетілмесе, сол құрылыста жүрген Құрылысшылардың барлығын практикадан жүрген жандар дер едім. Өйткені, көзбен көріп, қолмен ұстап көрген жұмысты нағыз жұмыс деймін. Мыне, Құрылысшылардың барлығын нағыз жұмыс жасап жүрген мамандар деп айта аламын.
Тіпті, арамызда дипломы бар оқыған жандарды да көре аламыз. Қолынан іс келмейтін жандардың барлығына қорған болған, құрылыс саласында өзіндің орны бар Құрылысшылар да бар. Сондай адуынды ағалар мен асқар таудай әкелерің қасында жүріп жұмыс жасау мен үшін бір бақыт дей аламын.
Басқа мамандықтар сияқты, Құрылысшылардың да өзіндік төл мерекесін тойлайтыны жанымызға бір қуаныш сыйлайды. Құрметті Әріптестер, бүгінгі Құрылысшылар күні құтты болсын! Басымыз аман, денсаулығымыз мықты болсын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу