Шығармалар ✍️

Құрылысшылар күні
Әрбір саланы атап өтер өзіндік күні болса, құрылысшылардың да атап өтер Құрылысшылар күні бар. Атаулы мерекеде Құрылысшылардың еңбектерін бағалап, оларға түрлі марапаттар мен алғыс хаттар беріледі. Құрылыс саласы еліміздің әрбір қаласында қарқынды жүріп жатыр. Жылына қанщама биік ғимараттар мен этажды үйлер салынуда. Солардың барлығының қасында жүрген Құрылысшылар сол ғимараттарды тұрғызып, маңдай терімен еңбек етіп жүрген осы біздің Құрылысшылар дер едім. Ойланып, қарайықшы, Құрылысшылар болмаса осындай биік ғимараттар қайдан пайда болады? Олар болмаса әр қалада салынып жатқан көп қабатты үйлер қайдан шығады? Көп қабатты үйлер болмаса үйсіздер саны артып кетпейді ма?! Ал сол құрылысшыларды кейде елеп, ескермей жатамыз, солай емес пе?! Құрылысшылардың еңбектері кейде бағаланбай жатады. Олар маңдай терімен жұмыс жасап, күннің ысытығы мен суығына қарамай еңбек етсе, біз олардың еңбектерін жеп жатамыз. Қаншама ай аяқтан тозып айлықтарын ала алмай жатады. Жалпы елеусіз қалатын, бірақ елімізге көп пайдасы тиіп жататын ең маңыздысы осы Құрылысшылар дер едім. Жұмыстары қауіпті, еңбектері елеусіз, ақшаларын уақытылы бермейді. Міне, біздер Құрылыс саласында еңбек етіп жүрген Құрылысшыларға қалыпты көзқараспен қарамаймыз, бірақ сол қырылыста біздің ағамыз бен ініміз, асқар таудай ағаларымыз жүр. Сол жанымызға жақын жандардың еңбектерін еш етіп жататынымыз бар. Көпке топырақ шақпаймын, бірақ сондай жандар бар екені сөзсіз. Дей тұрғанмен, Құрылысшылар күнінде айтар едім, Құрылысшыларға өздеріне лайықты сый құрметтер жасалса екен деп. Тіпті, марапат, аванс сияқты ақшалай сыйлықтар беріп қуантса екен деп. Өйткені, расыменде олардың еңбектерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Бүгінгі келіп жеткен Құрылысшылар күнімен құттықтаймын! Құрылысшыларымыз аман болсын! Еңбектері бағаланып, мерейлері үстем болып, абыройлары арта берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇