Өлеңдер ✍️

  31.08.2024
  129


Автор: Қыз ұзату тойы

Қызым менің сырғалым

Қызым менің сырғалым,
Аман болып жүр жаным.
Барған жерде бақытты,
Бақытты боп тұр жаным.

Қызым менің сырғалым,
Бар сөзіңді тыңдадым.
Ата-енеңе сыйлы боп,
Азанда ерте тұр жаным.

Қызым менің сырғалым,
Бұрыс әдет қылмағын.
Барған жерді бақытты,
Сен бақытты қыл жаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу