Өлеңдер ✍️

  31.08.2024
  107


Автор: Қыз ұзату тойы

Ұзатылу тойына

«Қыз мұраты кету» деген Қазағым,
Қыз жат жұрттық, ұзатылар үйінен.
Күйеуінің отбасын үйі етіп,
Табалдырық аттар келін күйімен.

Қыздар үйдің қонағы ол атанған,
Өз үйіне қонақ болып келетін.
Ұзатылып, ұшып кетер үйінен,
Барған жерге оң аяқпен енетін.

Қыз жүрегі үнсіз ғана жылайды,
Ұзатылып бара жатып, ұядан.
Өз мекенін табар қыздың жолы бұл,
Орнығатын өз елім деп қиядан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу