22.07.2024
  218


Автор: Ермұханбет Қуандық

Жаңсақ қадам

 


 


Сонымен, Украинада ССО-да болып келсем, «Есіктің қызы» мені күтіп жүр екен. «Менің аяғым ауыр, үйленейік...» деп. «Өй, сен не айтып тұрсың?!.. Біздің арамызда ондай әңгіме болған жоқ қой? Мен үйленбеймін!.. Оқуым керек!» деймін. Сол кезде әкем сырқаттанып жатқан. Артынан, шешесі келді. «Мен қызыңды аламын, үйленеміз деп айтқан жоқпын. Өз ықтиярымен бірге бол-ғанымыз рас. Мынандай қалпында үйіме апара да алмаймын...» – дедім. «Онда, ең болмаса, ЗАГС-ке тұрыңдар, бала заңсыз тумасын, паспортыңды бер», – деді. Ойымда ештеме жоқ, паспортымды бере салдым. Шешесі Горный-Гиганттан квартира жалдап қойыпты. «Аяғы ауыр ғой, қызым қорқып қалмасын, босанғанша бірге тұр қасында», – деп тағы келді. Бардым. Біреудің үйінің подвалы. Көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймаға жүкші болып жұмысқа тұр-дым, қосымша. Чернобыльден тамыз айында келген болатынбыз. Оқуға дейін біраз уақыт бар. Бір күндері паспортымды сұрасам, бермейді. Сөйтсем, шешесі ауылдарына барып, екеуімізді сырттай некелестіріп, «ерлі-зайыпты» қылып қойыпты... «Жағдайды әкесі білмейді», – деді.


Жаңа оқу жылы басталатын болды. Жатақханаға келуім керек. Мен ана жақта тұрып жатырмын. Гу-гу әңгіме. Ойлағам, ешкім білмейді деп. Бірақ бәрі белгілі болыпты. Оның дос қыздары әң-гіме таратып жүрген сияқты. Ол – бесінші, мен – үшінші кур-стамын. Қалай жүресің жұрттың көзінше талтаңдап, ұятым жібер-меді. Шыдамай, ауылға барып, жағдай осылай да осылай, үйленуге тура келіп тұр деп, екі ағама айттым. «Ал, мақұл, бала сенікі ме?» «Иә, менікі...» «Қанша айлық?» «Анығын білмеймін, жеті-сегіз ай шығар, шамамен». «Қайтеміз онда, алып кел», – деді. Алып бар-дым. Әкем ауырып жатыр. Беташарын жасап, көп болмай, қайтып кеттік....


Киевте жүргенімізде, біз туралы мақалалар көп шыққан, сол кездегі жастар газеті «Лениншіл жас», тіпті республиканың бас газеті «Социалистік Қазақстан» тілшілері де телефон арқылы ин-тервью алып, сұхбаттар жазды. Келген соң, бірде, тағы бір тілші келіп тұр: «Сен туралы мақала жазайын деп едім», – дейді. Бі-раз әңгімелескендей болдық отырып. Бір күні газетін алып кел-ді. «Ленинская смена» газетінде «Чужой беды не бывает» деген тақырыптың астына ірілетіп менің комсомол билетімнің нөмірі теріліп беріліпті. «Рақмет» деп газетті алып қалдым. Жастық кеу-денің әсері ма, сол журналистке шамалы ықылас жасап, ілтипат білдіруді де ескермеппін. «Соншама, 30 адамның ішінде неге тек маған келді екен?» – деп, кейін, арада жылдар өткенде барып ой-лаймын. Сол жарияланымдарды ауылдағылар да оқыды ма деймін. Әйтеуір, Желтоқсанда «отырып» келгеннен соң, анам жарықтық: «Мен десең, бұдан былай осы, кәзит-жорнал, телебезір дегенге жо-ламай, аулақ жүрші, балам!..» – деп қатты өтінгені есімде қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу