22.07.2024
  90


Автор: Ермұханбет Қуандық

Студент болдым

 


 


Сонымен, 1984 жылы студент атанып, оқуға түстім. Ауылша-руашылық жұмысына барып келдік. Жиырма бес баланың ішінде үшеуіміз ғана әскерге болып, жұмыс істеп, аз-кем «өмір көріп» ысылған, еңбек өтілі барлар санатынан екенбіз. Қарапайым от-басынан шыққан «қарабайыры» да – үшеуіміз. Қалғанының көп-шілігі – «шенді-шекпенділердің» ұл-қыздары және дені мектептен келгендер. Соның ішінде, бары-жоғы – бес ер баламыз. Арман болған студенттік билетіміз де қолға тиді. Маған ауырлау тиген: «Не жатақхана аласың, не стипендия аласың» деген шарт болды. Мен екеуіне де зәрумін. Бірақ оны маған кім беріпті? Алматының ұл-қыздары әке-шешесінің үйінде тұрады да, стипендия да алады. Мен жатақханада тұрам, стипендия жоқ. Несін жасырайын, біраз қиналдым. Бірінші сессияны тапсырған соң барып, стипендияны да, жатақхананы да алуға қол жеткіздім.


Сабақ үлгеріміне келсек, менде бірде-бір пәннен «қарыз» бол-ған жоқ. Бірақ өте жоғары оқыдым деп те айта алмаймын. Себе-бі, мен қазақ мектебін бітіргенмін. Ал сабақты орысша оқыдық. Алғашқы жылы, негізінен, арнайы курстар жүрді. Логика деген пән мені қинады. Ол бірінші курсты бітіріп жатқан кез болатын. Есімде қалғаны – Агашков деген мұғалім. Ол иттің баласы студент-терді, негізінен, қазақтарды дачасына апарып жұмыс істеткізіп, сөйтіп «зачет» қояды екен. Мен ондайға бармаймын. Тіке барып емтихан тапсырам, құлатып жібереді. Бірақ қоймай жүріп алдым. Ол оқулықтан сұрамайды, тек өзінің лекцияда айтқанын ғана сұрайды. Сондай «қуғынбай» мұғалімдер болған. Бізге спецкурс лекцияларын көбіне партшколдың ұстаздары келіп оқитын.


Бірінші курс бітті, алғашқы ССО-ға, құрылыс отрядымен жұмысқа кеттік. Нарынқолдың Қызыл шегара деген аулына бар-дық. Жаздың күні, жергілікті жұрт күпәйкамен жүр. Қызыл ше-гара – дәл Қытаймен шегараның бойында тұр. Тікенек сымдар тартылған. Ол жерге баруымызға себеп, сол совхоздың дирек-торының қызы біздің факультетте оқиды екен. Сол қыз комиссар болды, тағы біреу командир дегендей... Қой қора салдық. Жақсы табыс тауып қайттық.


Отрядымызда екі-үш қыз болды. Болашақ ұлымның шеше-сімен сол ССО-да таныстым. Ол менен екі курс жоғары оқиды, 3-ші курс бітірген. Жатақханада тұрмаған. Алматының іргесіндегі Есіктің қызы. Сол жерде танысқанымыз болмаса, тереңге барғамыз жоқ. Бірақ кейін ол жатақханаға ауысты да, шайға, та-маққа шақырып жүріп... екеуіміз тым жақындасып кеттік. Рас, алып бара жатқан махаббат, үйленіп, үй болу туралы әңгіме болған емес, есесіне, алды-артыңды ойлатпайтын жастық қызбалық, ал-бырттық пен аңғырттық болды...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу