22.07.2024
  29


Автор: Ермұханбет Қуандық

Оқуға құлшыныс

1983 жылдың күзінде әскер қатарынан келген бойда, ауылда бір аптадай болып, бірден Қарағандыға оқуға құжат тапсыруға кет-тім. Онда қалың қар, бұрқасын боран, қыс болып тұр. Тарих фа-культетінің дайындық бөліміне құжат тапсырайын десем, қабыл-дап жатқандар: «Тарихқа орын жоқ, басқа кез келген мамандыққа тапсырсаңыз, қабылдаймыз», – дейді. Өз шамам өзіме белгілі, математика, физика, химия дегендерге «күшім» жетпейді. Жазда көрермін деп, амалсыз кері қайттым. Мектепте бірге оқыған ауыл-дың екі-үш баласы Шымқалада жұмыс істейді, солардың пәтеріне соқтым. Олар күндіз жұмыс істеп, кешке, «вечернийде» оқиды. Бір күні солардың біреуі алып келген «Оңтүстік Қазақстан» газетінен жарнама көріп қалдым. ПТУ (профессионально техническое учи-лище) әскерден келген жастарды алты айлық оқуға қабылдайды екен. Степендиясы – 50 сом. Екі айдан соң практикаға шығарады. Одан тапқан еңбекақыңның елу пайызын тағы алады екенсің. Сон-да, айына 120 сомдай айлық шығып тұр. Маған да керегі алты ай мерзім болатын. Сөйтіп, көзді жұмып, құжаттарымды тапсырдым да, ауылға, үйге бардым. Әкем оқуға түсе алмағанымды білді де: – Не болды, балам? – деп жөн сұрады.


– Ол оқу болмады. Бірақ Шымкентке бір училищеге құжат тапсырып келдім деп едім:


– Қандай мамандыққа?.. – деп қайыра сұрады.


– Сварщик... – деп едім, онша дұрыс қабылдамағандай болды. – Бірақ көке, стипендиясы – 110 сом! – деп едім, әкем елең


ете қалды. Елең ететіні, ол кісі, колхоз-совхозда өмір бойы жұмыс істегенде, 60–80 сомнан асырып айлық алып көрмеген. Сосын, таңырқап:


– Ол не қылған оқу, сонша ақша төлейтін? Ақша беріп оқыта-тын да оқу бар ма? – деп, жүзі жылып қоя берді.


– Иә, сонда көктемге дейін, алты ай оқып, жаз шыға, оқуға тапсырамын, – деп, түпкі мақсатымды айттым. Қарсы болған жоқ. Әскерде жүргенде хат жазысып тұратын бір қыз болатын. Пе-динститутта кешкісін оқитын. Соны күтіп алып, шығарып салып жүретінмін. Бір күні, сол институттың жанынан бір жарнама көріп қалдым. Көктем, май айы. «Мектептен кейін жұмыс істеген, тә-жірибесі бар жастарға: Ленинград, Минскі, Киев, Москва, Сара-тов, Қазан, Свердлоск университеттеріне философия, СОКП та-рихы мамандықтары бойынша талапкерлерге жолдама беріледі» деген. Ол жолдама жергілікті, облыстық партия комитеттерінен беріледі екен. Келесі күні әркім-әркімнен «қалай?» деп сұрастыра бастадым. Сөйтсем, мен сияқты оқитындарға, әуелі, сол оқу меке-месінен аудандық комитетке мінездеме беріледі. Аудан мақұлдап, облыстық партия комитетіне жібереді, одан әрі облыс шешеді екен. Мен әскерге кеткенге дейін де, санаулы уақыт болса да жұмыс іс-теп, еңбек кітапшамды аштыртып кеткем. Әскер қатарындағы мер-зімді қосқанда, екі жылдан астам еңбек стажым бар. Айтылған та-лаптардың бәрін орындап, облыстық партия комитетінен жолдама алдым. Свердловск университетіне, «СОКП тарихы» мамандығы бойынша деп. Себебі, сол кездегі білуімде, «Қазақстан оқу орын-дарына парасыз түсу мүмкін емес» деп естиміз. Тұрақты «став-кілері» де бар дейтін. Сондықтан, не де болса, «Ресейге барып көрейін» дедім. Ал Ресей қалаларының ішіндегі бізге жақындауы Свердловскі болды. Әйтпесе, өзіміздің Алматыдағы ҚазМУ-ға мен таңдаған «СОҚП тарихы» мамандығы бойынша жолдама болды. Бірақ жолдама шектеулі. Демек, «ол орындарды қалталылар мен шенді-шекпенділердің бала-шағалары иемденетіні белгілі» деп ойладым...


Барлық талапкерлерді бір күнде жинап, облыстық пария коми-тетінің өкілдері сөз сөйлеп, «мамандық алып, елге оралып, туған жерге қызмет етіңдер» деген тілекпен, қолыма жолдаманы ұстат-ты. Менің түсінгенім, емтиханды Алматыда ҚазМУ-да тапсырып, түскен жағдайда, оқуды Свердловскіде оқисың. Сол оймен, мен, емтихан тапсыруға Алматыға, ҚазМУ-ге бардым. Сөйтсем, он-дағылар: «Бізде ондай жоқ, сіз дұрыс түсінбеген шығарсыз?..» – дейді. Құжат тапсыру науқаны басталып кеткен. Сол жерде «қа-лайша, бұлай?!» деп, мен дауыс көтеріп, құжат қабылдаушылармен сөзге келіп қалдым. Содан қасымыздан бір үлкен кісі өтіп бара жа-тып: «Не болып жатыр, мұнда?» – деп қайырылды. Құжат қабыл-дап жатқандар:


– Мына жігіттің жолдамасы бар екен. Бірақ Свердловскі уни-верситетіне. Емтиханды осында тапсыруым керек дейді, – деп тү-сіндірді. Сосын, ол кісі:


– Иә, ондай бізде жоғы-жоқ қой. Сол Свердловскіңе барып тапсырасың емтиханыңды, – деп, бұрылып жүре берді...


– Мен енді Свердловкіге жету үшін, аэропортқа баруым керек пе?! – деп, тағы дауыстадым. Ана кісі қайта қайырылып:


– Әй, бала, ол жаққа шапқылағанша, осында, өзіміздің тарих факультетіне неге тапсыра салмайсың құжаттарыңды? – деді. – Бізде де тарих факультеті бар. «СОҚП тарихы» бөлімі, былтыр ашылды, – деді.


– Аға, – дедім, – жолдамада Свердловскі деп тұр, сіздерге қа-лай болады?.


– Ой, жоғарғы оқу орындарының жолдамасы бірдей болады, қабылдаймыз ғой, – деді.


Сөйтіп, күтпеген жерден құжатымды сол жерге тапсырдым. Бұл жақтан медосмотрдың бәрін өтіп барғанмын. Содан, құжат тапсырдым да, ауылға қайтып кетіп, емтиханға бір-ақ келдім. Алла оңынан қаласа, солай болады. Әскерде жыл бойы оқып дайын-далған Ілияс, Бейімбет, Сәкендердің «90 жылдығы» болатын сол жылы. Шығарма тақырыбы солардан келді! Не жазғаным, қалай жазғаным есімде жоқ, әйтеуір, еркін тақырыпқа жаздым. «Төрт» деген баға алдым!.. Екіншісі – Қоғамтану. Құда баламның үйінде жатқам. Түнде отырғанда ол:


– Күндіз-түні оқып, сонша дайындалып жатсың, капитализм-нің бес белгісін білесің бе? – деді. Мен сандырақтап бірдемелерді айтқан болдым. Содан оның «Мына жерлерін қате айттың», – деп, түзетуімен, екеуміз соны қайтадан қайталадық. Содан Қоғамтану-дан емтиханға барғанымда, келген үш сұрақтың бірі – капитализм-нің бес белгісі!.. Содан әйтеуір, өйтіп-бүйтіп айттым. «Үш» деді. Шықтым, екі езуім, екі құлақта. Шықсам, жұрттың ата-аналары топырлап жүр. Менің ешкімім жоқ. Жалғыз өзім. Күліп шыққанға жұрт ойлады ғой деймін, «бестік» баға алды деп.


– Тапсырдың ба? – дейді маған қызыға қарап. – Тапсырдым!


– Қанша?..


–«Үш!» – деп қоям. Қолдағы қағазды алып қалған. Олар бір-бі-ріне қарағандай болды. Мынау неменесіне мәз болып келе жатыр. «Үштікпен» конкурстан өте алмайды деп тұр ғой. Мен өзімнің «вне конкурсник» екенімді білем. Әскерден келгем, жолдама алып келгем. Конкурссыз өтуге құқығым бар. Оныншы класта Мұса-хан көкем сабақ берді. Мен ауылда сегізінші класқа дейін неміс тілін оқығам. «Қай мамандыққа барсаң да, төртінші емтихан шет тілі болады. Саған справка жасап берейін» деген. Егер «шет тілін 8-класқа дейін ғана оқыған» деген анықтама болса, саған емтихан-сыз «үш» қойып беретін болады» деп, сол анықтаманы дайындап берген. Оны құжат тапсырғанда қоса тіркетіп қойғам. Кірдім де, «автоматический» «үштік» қойдырып шықтым. Соңғы, төртінші емтихан – Тарих пәні. Одан өз дайындығыма сенімдімін. Сөйтіп, Тарих емтиханына да кірдім. Билет алдым. Екі сұрақты білем. Үшінші сұрақты білмеймін... Ары отырдым-бері отырдым, ештеңе есіме келмеді. Жарайды, екі сұрақтың жауабына үш қояды деп отырмын. Шақырды: «Дайынсың ба?» Бірден айттым: «Алғашқы екі сұраққа жауап берем. Үшінші сұрақты білмеймін. Қосымша сұрақ қоясыз», – дедім. «Жауап бере беріңіз», – деді. Біріншіні ай-тып жатсам, тоқтатады. «Екіншіге көшіңіз», – дейді. Екіншісін ай-тып жатсам, тоқтатады...


– Үшіншісін білмеймін деп мен айттым ғой. Қосымша сұрақ қойыңыз, – деймін.


– Сіз бірінші, екінші сұраққа толық жауап бермедіңіз. Сіздің жауабыңыз қанағаттанғысыз, – дейді.


– Қалай қанағаттанғысыз? Ол мүмкін емес, мен жауап бердім. Сіз мені тоқтатпаңыз. Қайтадан айтайын...


Қарап отырып «құлатып жатыр!»... Орын толып қалған ғой, ана жақта, әйтеуір құлату керек. Емтихан қабылдаушы – Жанба-тырова деген. «Шығыңыз, кетіңіз!» – деді. «Жоқ, кетпеймін, онда аппеляционный комиссияға барамыз», – деп отырып алдым. Ары айтты-бері айтты, бір кезде «Жүріңіз», – деп, қағазды алып, келесі кабинетке барды. Ішінде әнеу күнгі «Құжатыңды осында тапсыра салмайсың ба?» деген кісі де бар – төрт қасқа бас отыр. Таны-маймын, кім екенін де білмеймін. Бәрі шахмат ойнап отыр. «Не болды?» – деді. «Не соглашается с оценкой», – деді мені ертіп кел-ген мұғалім. Мен де орысшалап: «Конечно, не буду соглашатся, на два вопроса ответил. У меня твердое тройка, на нет!..» – деймін. Содан ана кісі қарады да, «Әй, бала, сен отыра тұр», – деп, мұға-лімге бара бер дегендей ым жасады. Ол шығып кетті. Бұлар шах-мат ойындарын жалғастырып отыр. Қастарында аузы ашылған шыны бөтелкеде минерал суы тұр екен.


– Аға, су ішуге бола ма? – дедім.


– Іше ғой, – деді. Содан, бөтелкедегіні стақанға лақылдатып құйып ем, бәрі маған қарады. Толтырып құйып алдым да, түбіне дейін төңкеріп ішіп салдым. Маңдайымнан тер бұрқ ете түсті. Аз-дан соң, жаңағы үлкен кісі маған қарап:


– Ал, бала, жауап бер, – деді. Бірінші, екінші сұраққа судыра-тып жауап бердім. «Тоқта-тоқта, жарайды-жарайды», – деді. «Үшінші сұрақты білмеймін, аға, шынымды айтайын. Қосымша сұрақтар қойсаңыз...» – дедім бұ кісіге де. Содан қосымша сұрақ қояды. «1905 жылы не болды? Қос үкімет деген не?..» деген сияқты, болмашы сұрақтар.


– Ей, мынау әжептәуір жауап беріп отыр ғой. «Удо» жарай ма? – деді.


– Жарайды, аға, – дедім. Соныменен, шықтым айғайлап. Студентпін!.. Ол кезде 2-ші Алматыда, қазіргі Абылай ханның (бұрынғы Коммунистический) бойында жалғыз «переговорный пункт» болатын. Сол жерге келіп, басқа ешкімде телефон жоқ, Нұржамал әпкемнің магазиніндегі жұмыс телефонына қоңырау шалдым. «Студентпін!» – деймін айғайлап. Әлі қабылданғандар тізімі шыққан да жоқ. Құда бала Құрманның үйіне бардық. Олар да қуанып жатыр. Дос баласын алып келді. Дастарқан жасады. «Экспедиция» деген жерде бір бөлмелі пәтерде тұрады. Сол күні өмірімде бірінші рет коньяк іштім. «Сыртқа шығып, темекі шегіп, демалайық», – деді. Мен темекі шекпеймін. Бірақ тұрайын десем, тұра алмаймын. Буынымды алып қойған. Қабырғадан ұстап келем, күле берем. «Капитализмнің бес белгісін білесің бе?» – деп сұрап, жауабын миыма шегелеп берген сол ғой...


Сөйтіп, түскендердің тізімін жариялайтын күн де келді. Анау, қасқа бас үлкен кісі – тарих факультетінің деканы Шәлекенов Уа-хит Хамзаұлы. танымал тарихшы ғалым боп шықты. Сол кісі қа-былданғандардың аты-жөнін өзі дауыстап оқыды. Алтын медаль иегерлері бір емтиханнан «бес» алса, бірден түседі. Алтын медаль-мен келген үш-төрт баланың тізімін алдымен оқыды. Одан кейін еңбек өтілімен келген үш адамды атады, ішінде мен де бармын! Сосын, қалғандарының ұпайларын санап жатты ары қарай... Қа-былданғандар туралы ректордың бұйрығы да сол жерде оқылды. Біреулер қуанып, біреулер жылап, естері шығып жүрсе, «Студент-тік билетті қашан бересіңдер?» – деймін мен. «Ой, қайда оған, бәлен күні келесіңдер. Әуелі, сельхозкаға, жұмысқа барасыңдар», – деп жатыр...


Ауылдағылар үшін, ол енді, қиямет оқиға! Менің Алматыдағы атақты оқу орнына қалай түсуім мүмкін екендігі туралы гу-гу әң-гіме!.. Екінші ағам достарын шақырып, дүрілдетіп жуып жатыр.


 


 


Біраз күннен соң, сол лепірген көңіл күймен, ауылдағы бір тойға ер-тіп барды. Сол тойда төбелес болды. Осыған дейін ауылдағылар атын естігені болмаса, бірде-бір бала түсіп көрмеген, астанадағы «Қаза-қстан бойынша ең жоғарғы оқу орны – ҚазМУ-ге түсіп келдім!» де-ген көкірек қандай!.. Сол төбелестің жуан ортасында мен де жүр-сем керек... Ертесі милиция іздестіре бастаған көрінеді. Содан, ағам маған «Жоғал ауылдан!» – деді де, бірсыпыра киімдерім салынған шабаданымды қолыма ұстатып, Алматыға шығарып салды...


Кейін ойлаймын: «Менің тағдырыма үлкен әсер еткен, әлгі кісі», – деп. Ол кісі сол күні, тап сол сәтте ұшыраспаса, менің шығып жүре беруден басқа амалым жоқ еді. Ресейге кетіп қалудан мені тоқтатқан сол кісінің бір ауыз жанашырлық сөзі болды. Кет-кенде, барған жерімде оқуға түсер-түспесім бір Құдайға ғана аян... Ал енді, емтихан тапсыру үстінде дауласып, тағы да тағдыр айдап, сол кісінің алдына барып жүгінуім, шиеленісті одан әрі ушықтыр-май, оң шешуі туралы не деуге болады?!.. Сөйтсем, тарих факуль-тетінің деканы Уахит Хамзаұлы – қан кешкен майдангер, атақты археолог, көптеген шәкірт тәрбиелеген ғалым-ұстаз екен. Кейінге шейін көп жылдар факультетті басқарды. Осылайша, жаратқанның жазуымен, алдынан кездейсоқ кездескен бейтаныс талапкердің «қыл үстінде тұрған» тағдырына бір емес, екі қайтара «арашашы» болып, ендігі өмірімнің түбегейлі өзгеруіне тікелей ықпал еткен сол кісі, мен үшін, шылауымды ұстаған Қызыр-Ілиястан бір де кем болған жоқ! Қалай болғанда да, сол сәтте маған жасағаны – ол кісі-нің соғыстың қанды қырғынын басынан кешкен, өмір бойы ұстаз-дық етумен бірге ғылымға адал қызмет етуден айнымаған азамат-тық болмысы биік тұлға екендігінің қарапайым бір ғана мысалы болса керек...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу