22.07.2024
  23


Автор: Ермұханбет Қуандық

Шырғалаң

... Жетпісов тобының қолына түскен сол күннен кейін-ақ ит ырғылжың өмір басталды. Кенеттен, күтпеген кезде келеді де, сабақ үстінен шығарып алып кетеді. Күніге, күнара тергеу. Анда шақыру-мұнда шақыру, альбомдардағы жүздеген суреттерді көрсе-тіп: «Мынау кім? Танымаймын деп неге өтірік айтасың!?..» – деп, қорқыту, үркіту... Сол кезде білдім, Гагарин–Тимирязев көшелері-нің қиылысында, Қамзолдаевтың қызмет кабинеті бар екен. Бір-неше рет сонда апарып тергеді. Екі структураның қызметі бір-бі-рімен келіспей жұмыс істегеннің салдарынан, қаңтар айында бір «қызық» жағдай орын алды...


Негізі, мені алғашқы күннен бастап Қауіпсіздік комитеті тер-геді. Қалай екенін білмеймін, менің аты-жөнім Ішкі Істер басқар-масына да түсіпті. Ол саланың жігіттері де бір-екі рет сабақ үсті-нен алып кетіп, «Целинный» кинотеатрының қасындағы ғимарат-тарына апарған. Олар да тергеді, жауап алды. Кейде кешке дейін ұстайды. «Қырам-жоям, түп-тұқияныңмен жоқ қылам!..» деген сияқты қоқан-лоқының көкесі соларда. Психологиялық сындыру ғой, баяғы. Кейде екі-үш сағат күттіріп, есіктің алдына отырғызып қояды. Сұрайтындары: «Қайда болдың, не істедің, кімді ұрдың?!..»


 


Альбомнан суреттер көрсетеді. «Мынаны танисың ба? Өзің қайдасың?..» Сондай бір болмайтын сұрақтар. Бірақ сол «болмай-тын» сұрақтардың өзімен жаныңды жеп қояды!.. Мысалы: «Пле-нум болғандығын, оның шешімі туралы кімнен естідің?» дегенде, бір адамның атын атаудың өзі қорқынышты. «Содан естіген едім» деп көрсеткен адамың сен үшін жауап беретінін түйсігіңмен аң-дайсың да тіліңді тістейсің...


Сөйтіп, ІІБ-сы қосарланып жауапқа тарта бастады. Мені Ко-митеттің «иеленіп» жүргенін біліп жүрмін. Пәтерде тұрып жатқан үйімнің жанында, көшенің шетінде шағын алаңқай болатын. Сон-да күндіз-түні бір «Волга» машинасы тұрады. Түнімен төрт адам отырып алып карта ойнайды, мені аңдиды. Оқиғаның алғашқы кү-нінен бастап, жатақханада студенттерді жинағаным, жиналыс жа-сағаным, сөйлегенім туралы айналамдағы жігіттер айтып қойған ғой. Бұларға тек менің алаңда болғандығымды дәлелдейтін дәйек керек. Не суретім болуы керек, немесе «алаңда біреуді ұрып жат-қанын көрдім» деген сияқты куа-дәлел іздейді. Біздің сондай жұмысты өз бетімізбен жасай алатындығымыз бұлардың басына кірмейді. Олардың ойынша, бұл іске мені біреулер айдап салуы керек. Менімен біреулер байланысқа шығуы керек. Сондықтан, қаншама кісіні аңдытып, үйдің қасына отырғызып қойған. Мақ-саттары – қалайда, сол «байланысшыны» ұстап, анықтау...


Бір күні, кезекті тергеу кезінде, дым білмейтін адам құсап, Жетпісовке айттым. «Менің үйімнің қасында бір «Волга» күні-түні тұрады», – дедім. Қасындағы екеуі бір-біріне қарады да, «бопты» деді. «Қызық» келесі күні болды. Кешке қарай Комитеттіктер «Газ-24» көліктерімен менің үйімнің қасына келіп тоқтайды. Оны ал-дында маған ескерткен. «Біз барып тоқтағанда, үйіңнен жылдам шық та, тез мәшинеге отыр» деген. Мені біреумен кездеседі деп, енді, бұлар ойлайды. Сонымен, олар келіп тоқтаған сәтте, мен үй-ден жүгіріп шықтым да, мәшинелеріне отырдым. Сөйтіп бұлар «Солнечный» деген көшемен шығып, «Арман» автостансысына қарай құйғытты. Арттағы «Волгадағылар» да соңымызға түсіп, қуып келеді. «Арманға» жеткен кезімізде, екі жақтан екі жеңіл мәшине ытқып шығып, соңымыздағы «Волганы» қыспаққа алып, тұмсық түйістіре тоқтатты. Үш мәшинеден атып-атып шыққан жігіттер бір-біріне қару кезеніп, қызметтік куәліктерін көрсетіп, біреулері «ДВД-мыз!» – десе, екінші біреулері «КГБ-мыз!» – де-сіп, дабыр-дұбыр, абыр-сабыр болды да қалды!.. Осындай, дәп бір, атыс-шабыс киносындағыдай қорқынышты әрі күлкілі жағдай да болғаны бар.


Сонда, олардың бәрінің ойынша, жиырмадан сәл асқан жас студенттің, яғни менің анадай мазмұндағы үнпарақты (листов-каны) қиыстырып жазуым мүмкін емес. «Жоғарыдан» біреулер-мен байланысы бар болуы керек» деген күмәндарын дәлелдегілері келеді ғой. Ал, ақиқатында, менде ондай ешкім болған жоқ, маған ешкім ештеме үйреткен жоқ. Бәрі жігіттермен өз арамызда бірігіп отырып жазылған дүние еді!..


Жауапқа алынған алғашқы күннен «Мен алаңда болдым» деген сөзді ешкімге айтқаным жоқ. Бар айтқаным, «Алғашқы,16-желтоқ-сан күні сабақтан соң үйге келдім. Әйелім перзентханадан жаңа шыққан, сосын, жас нәрестесімен оны төркініне апарып тастадым. Сонда болдым. Алматыға келе жатқан жолда, Есіктегі аудандық ішкі істер бөлімі мені ұстағандығын сол жақтан тексере аласың-дар», – дедім. Алайда, мен жалтарып, мойындамағаныммен, олар бәрін менің айналамдағы студенттерден тергеп біліп алған. Ол кез-де оны мен білмеймін. Өйткені: «Сол күндері қайда болдың?» – деп, айналдырып әкеліп сұрай беретін. Мен жаңағы сөзімнен тан-баймын. Өзіміздің жігіттермен күндіз кездесіп қалғанымда сұрай-тынмын: «Сендер не айтып жатырсыңдар?» – деп. Олар: «Ештеме айтып жатқанымыз жоқ!» – дейді. Бірақ сыртымнан болған іс-әре-кеттеріміздің бәрін айтып, мәліметтерді беріп қойған. Ал мен, аңғалдықпен: «Жігіттердің аузы берік, ешкім ештеме айтпайды. Тіпті бірдеме белгілі боп қалған жағдайда, ұсталсақ, бәріміз бірге ұсталамыз», – деп ойлап жүргенмін. «Үйде, қатын-баламмен бол-дым, одан қайын жұртымда болдым. Оның арғы жағында жұмыста болдым. Оны да сұрап біле аласыңдар» дегеннен танбаймын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу