Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  105


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Несі керек

Ауытқып кетіп өмірден алай-бұлай,


Өз өзімді түсінбей жүргенім ай.


Нені күтем өмірден несі келер


Тағы қандай қара хабар беріп кетер


 


Тым-тырыққа қараған көздерім-ай


Неге үміт күтемін неден Құдай?


Махаббат аты ұлылық өтірікте


Жалғанның шындығын іздедімбе?


 


Жаңа күндер артында күнде жылай


Бір шешімге келе алмай жүргенім-ай


Жоғалармын бір күні тыныштықта


Ештеңеде соңымнан қалдыра алмай


 


Қыран топан күлкіге қалған кезде


Бар дұшпаным басыма бәйге берген


Құдай берген өмірден айырсада 


Мен олардың алдында биік өлем


 


Масаттанып қаламын жырым бар деп


Әлі күнге ол жырдан түк өнбеген


Нан пісердей кеудемді көтергенмен


Іші өлік түтін қалған кімдер білген.


 


Не керек несі керек осы маған


Ала сұра өмірден несін алам


Қарауылдап алдымда көп иттер тұр


Арыстанның өлімін көп аңсаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу