file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  189


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қызығамын ғашықтарға

Өмір деген болмайды оңайынан,


Махаббаттың ащы дәмін ұмытпағам.


Қанша жерден сағынып іздесемде,


Сені маған бәрібір бұйырмаған...


 


Қиналамын сұлуым қиылмаған ,


Басқа жанмен сені көру қиын маған.


Өмірдің өзеніне мұң айтамын,


Жан дүнием теңіз болып толқындаған.


 


Махаббаттың шыңына шыға алмасақ,


Қимасақта қоштасып айырылған.


Романдардың негізі біз екеуміз,


Сүйіп тұрып бәрібір қосылмаған.


 


Сезім деген болмайды жақсы ғана,


Оған қарсы күресуге шамаң барма?


Мен қызығамын бұл дүниеде,


Сүйіп тұрып қосылған ғашықтарға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу