17.07.2024
  104


Автор: Сәуле Сейсембай

Сәуле Сейсембайдан кеңес

 


1. Ер адам мен әйел адам қатар дамуы керек. Егер біреуі көш ілгері кетсе, екіншісінің оған деген қызығушылығы төмендеп, арада келіспеушілік туындауы мүмкін. Сондықтан даму жолында көп айырмашылық болмауы тиіс — ол қарым-қатынасқа қылау түсіреді. Бірге дамыңыздар!


2. Әйел адам табыс тауып үйренгенде ғана, өзін әлдеқайда қауіпсіз сезінетін болады. Күйеуі жұбайының есепшотын ондаған мың долларға толтырып қойса да, ол әйелдің өзіне деген сенімін арттырмайды. Марғұлан Сейсембай әйелінің есепшотына миллиондаған доллар аударса да, жұбайы ол қаржының өзіне емес, күйеуіне тиесілі екенін әрдайым білетін. Табыс тауып үйреніңіз, сонда өзіңізге деген сенімділігіңіз артады.


3. Әйел — күйеуінің отбасындағы жеке PR-менеджері. Әйел адамның жанұяда әкенің дұрыс имиджін қалыптастыруы өте маңызды. Мәселен, жұбайының өз күйеуін "жатып ішер", "маскүнем", "түкке пайдасы жоқ" деп атағанын балалары естімеуі керек. Өйткені, соның салдарынан баланың әке туралы ойы өзгеріп, балалық шақта да, өскенде де ара қатынастары нашарлап кетеді. Өзіңіз ойлап көріңізші, өмір бойы әкесінің басқа да еркектер сияқты "түкке жарамсыз бейбақ" екенін естіп өскен қыз қандай болады? Ол ер адамдармен қалай араласуы керек? Сондықтан, кей кездері аздап әсірелеп жіберу керек болса да, әкені әрдайым әдемі қырынан көрсетуге тырысыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу