08.07.2024
138

Берекелі, мерекелі күн бүгін
Құтты болсын берекелі, мерекелі күн бүгін,
Сәби үні ашты үйде түндігін.
Құтты болсын, Сәбиіміз келген бұл,
Кесіп бүгін сәбидің бұл кіндігін
Бауы берік болсын дейміз біздер тек,
Жалғансын деп алда игі іздер тек.
Жарқырасын аспанында күн айы,
Қуанышқа кенелейік біздер деп.
Сәби үні шаңырақты тербетсін,
Керегені керіп тағы кеңде етсін.
Қылығына тәнті болып жүрейік,
Тәтті үні жанымызды емдетсін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇