Өлеңдер ✍️

  19.06.2024
  96


Автор: Мұхарбек Жәкейұлы

"Әпшу берем!"

 «Әпшу берем!»  


 


Ұлағатым ұрпаққа жетсін деген,


Бабалар-ай, дәстүрін көпсінбеген!


Сәби шақтан сіңірген санамызға,


Әлдиден соң әйбат сөз – «Әпшу берем!».


 


Бұйымың ғой өзіңнің басыбайлы,


Таратасың аямай насыбайды.


«Әпшу берші» деген сөз сені әйтеуір,


Беске толып кеткенше асырайды.


 


Сенің үшін қу жаны қоса құрбан,


Иіскемесе бір рет басы ауырған.


Әпшу берші деп сұрап, Ә-ә-п, шу! – дейтін,


Бір қария таппайсың осы ауылдан.


 


Сөгесіңдер ол үшін несін мені?


Бүгінгінің баласы көш ілгері.


Әпшу беру дегенді (дұрыс шығар),


Кенжеміз де сап тиды кесілгелі.


 


Жақсы қызды өсіріп жақсы ұлменен,


Табиғаттың тылсымын тәпсірлеген.


Біздің шалдар шүмектен ұстағанда,


Тазалық деп білген-ау «Әпшу берем!»


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу