file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.06.2024
  369


Автор: Диктант

4 сынып диктант жинағы

Сілеусін


 


Тауды,орманды мекендейтін ірі денелі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып тастағандай қысқа, өте епті,ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы сексен екі, жүз бес сантиметр,құйрығының ұзындығы жиырма –отыз бір сантиметр, салмағы сегіз,он бес килограмм. Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек өте бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.( 71сөз)


 


 


Санау


Адамдар санауды өте ертеде үйренген.Алғашында саусақтарын санайтын.Кейін он саусақ аз бола бастады.Есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды.Біршама уақыт өтті.


Адамдар тастарды жіптерге тізіп қоятын.Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды.Бұл қазіргі есеп шоттың бір түрі еді.Техника өсті.Есептер қиындай түсті.Оларды шешу үшін машина керек.үЭлектронды есептеу машиналары осылай шықты.


 


 


 


 


 


 


27


2.Мына сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңдар.


Үлгі: Жусан – шөптің бір түрі.


         алма - ...


         қияр - ...


         терек - ...


ТҮБІР ЖӘНЕ ҚОСЫМША


 


Әже өнері


         Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды. (45сөз)


Жазылуы қиын сөздер: демалыста, мүліктердің.



  1. Өрнекті, өнерлерін деген сөздердің түбірін табыңдар. Түбірдің астын сызыңдар.
  2. Текемет, сырмақ, алаша деген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.

 


Балық аулауға барғанда


         Ауылдың шығыс жағында көл бар. Ержан мен Нұржан көлге балық аулауға барды. Олар оңаша жерге келіп орналасты. Таңертеңнен түс ауғанша қармақ салды. Екеуі бір шелектей балық аулады. Үйден ала шыққан


тамақтарын жеді. Сусын ала келуді ұмытып кетіпті. Көлдің суы ішуге жарамайды. Олар үйлеріне қайтты. (44 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: аулауға, жарамайды.


         1.Балықшы, жерге, көлге деген сөздердің қосымшасын табыңдар. Қосымшаның астын сызыңдар.



  1. Домбырашы, тауықтар, кітапхана деген сөздердің түбірін жазыңдар.                                      

14


Жұрнақ пен жалғау


Соңғы алма


         Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтан тазартып жүрген. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті. (42сөз)


Жазылуы қиын сөздер: басындағы, алғысы.


         1.Бұтаққа, ауланы, оқушы, сусын деген сөздердегі қосымшаларды табындар. Жұрнақтың астын екі рет сызыңдар.


         2.Ән, ойып, етік деген сөздерге жұрнақ жалғап  жазыңдар.


 


КӨШІРІП ЖАЗУ


         Көп нүктенің орнына жұрнақ қойып жазыңдар.


Қызықты ойын


                   Жиналған соң достары,


                   Қазтай өзі басқарды,


                   Қызықты ойын басталды.


                   Бірі болды бақташы,


                   Екіншісі – егін ...,


                   Үшіншісі – бақша ...,


                   Төртіншісі – теңіз ...,


                   Бесіншісі – балта ...,


                   Алтыншысы – аспаз ...,


                   Жетіншісі – жылқы ...,


                   Сегізінші – сырнай ...,


                   Тоғызыншы – тігін ...,


                   Оныншысы – орман ...,


 


 


 


15


 


Аю және бөрене


Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады.Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды.  (63 сөз)


Дені саудың-жаны сау


Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін тамақтану керек,уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма.(63 сөз)


Қайың


Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады.               Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші!  Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)


                                                                               26


Көп нүктенің орнына жалғау қойып көшіріп жазыңдар.


         Ораз барды орман ...,


         Он шақты оған бала ер ...,


         Омарташы олар...


         Ожау-ожау бал бер ... .


         Туынды сөзді табыңдар. Түбірдің астын – бір, қосымшаның астын екі рет сызыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу