file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  17.06.2024
  6331


Автор: Диктант

4 сынып диктант жинағы

 4 сынып


 


Балалар ақыны.


Бұдан көп жылдар бұрын қызық оқиға болды. Чуковский әдеби сыншы болатын. Ойламаған жерден балалар ақыны болып шыға келді.


Хельсинки қаласында жүргенде баласы ауырып қалады. Ол жедел үйіне қайтады. Баланың әбден мазасы кетеді. Оның көңілін аулау үшін ертегі айтады. Сырқат сәби ықылас қойып тыңдайды.  Ұйықтап та кетеді. Келесі күні бала ояна сала ертегіні айтып беруін өтінеді. Чуковский түндегі айтқанын қайталап айтып береді.                                 (60 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: Хельсинки, ықылас.



  1. Жіңішкелік белгісі бар сөзді табыңдар. Дыбыстық талдау жасаңдар.
  2. Ч, щ дыбыстары қандай дыбыстар.

 


 


                                 


Батыр қыз


Түтеген  боран әлі тынған жоқ. Оған сан алуан зеңбіректердің зіркілі қосылды. Бұл жай минут сайын үдей берді. Қасыңдағы адамның тек ернінің қимылдағаны ғана көрінеді. Елең-алаңда іркес-тіркес қаптаған танкілер өтті. Қолын соза құлаған фашист офицерін көрді. Кенет солардың тұсынан гүрс-гүрс етіп граната жарылды. Әлияның жүрегі дір ете түсті. Бойына бір күш жүгіргендей болды. Ол жігерленіп кетті.      (59 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: зеңбіректердің, офицерін.



  1. Қос сөз бар сөйлемдерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
  2. Ойларыңнан біріккен жер-су аттарын жазыңдар.
  3. Берілген қысқарған сөздерді толық жазыңдар. ҚазМУ, МАИ, кг, ТМД.

 


Сазда


Аюлар жаз бойы  орман ішін кезіп жүреді. Олар піскен тәтті жидектерді тамсана жалайды. Жабайы аралардың балын жейді. Құмырсқалардың үйіліп жатқан илеуін қазады. Кейде үйіліп тұрған сұлыға бас салады. Аңшыларға жаздыгүні аюдың ізіне түсу өте қиын. Аюлар адам ізін сезіп қояды. Кеш алдында аюлар мүгі көп сазды жерді кезеді. Сазды жердегі томарларды иіскелейді. Жейтін бірдеңе табыла ма деп іздейді. (58 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: илеуін, жаздыгүні.



  1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
  2. Аңшыларға, аюдың деген сөздердің қай септікте тұрғанын анықтаңдар. Септік жалғауының астын сызыңдар.

 


Сабақ


Менің Марат дейтін танысым бар. Ол өте мақтаншақ болатын. Күрескенде баланың бәрін жығатындығын айтып мақтанады. Арада біраз күн өтті. Марат және оның ағасы Қанат үшеуміз мектепке бара жатқанбыз. Кенет бір кішкентай күшік шәу ете қалды. Марат пен Қанат екеуі қаша жөнелді. Мен асықпай жүре бердім. Күшік шәуілдеп артта қалды. Содан бері Марат мақтанбайтын болды.                                          (54 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: жығатындығын, мақтанбайтын.



  1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
  2. Күшік деген сөзді септеңдер.

 


 


Құс қайтты


Күз. Аспанға көз жіберші. Қаптаған құсты көресің. Тіпті көк аспан көшіп бара жатқандай. Мұның ішінде неше алуан құстар бар.


Олардың бірі – солтүстіктен оңтүстікке қайтқандар.  Олар біздің жерде дем алады. Бірер күн аялдайды. Күш жинайды. Басқалары - өз жеріміздің қонақтары. Ең алдымен, шыбын-шіркей жейтін құстар кетеді. Олардың мұнан әрі қалуына мүмкіндік жоқ. Өйткені шыбын-шіркей тығылып қалады. Ең соңынан су құстары көтеріледі. Күздің аяқ кезінде үйректер өтеді. (66 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: солтүстіктен, басқалары.



  1. Соңғы сөйлемнен зат есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
  2. Үйрек деген сөзді тәуелдеңдер.

 


Құлын


Азамат қалада тұрады. Күндіз балабақшада болады. Қалған уақытта әжесінің қасынан шықпайды.Әжесі оған қызық ертегілер айтады. Өлең үйретеді. Бәрін құмарта тыңдайды. Әжесінің кейбір кейбір сөздерінің мәнін ұға бермейді.


Өткен жазда Азамат әжесімен бірге ауылға барды. Ауылда бәрі қызық сияқты. Үйдің сыртында бие байлаулы тұр. Қасында құлыны бар. Тұлымшағы желпілдеген құлынды жақсы көрмеу мүмкін емес. Азамат әжесінің ылғи «құлыным» дей беретінінің мәнін ұғынғандай болды. (62 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: балабақшада, беретінінің.



  1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
  2. Әже деген сөзді жіктеңдер.
  3. Құлын деген сөзді тәуелдеңдер.

 


Сауыншы


Ауыл ұйқы құшағында. Елең-алаң уақыт. Мүлгіген тыныштық. Кенет бірнеше терезеден бір мезгілде жарық көрінді. Есіктер сықырлап ашылды. Көшеден дауыстар естіле бастады. Бұлар – сиыр саууға асыққан сауыншылар. Ауылда елден бұрын тұратын осылар.


Сауыншылар атқаратын іс көп. Сиырларды күтеді. Жем-шөп береді. Әр сиырдың  мінезі әрқалай. Сауар алдында желінін жуады. Сондықтан сауыншы сезімтал және байқағыш болуы керек.       (64 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: мүлгіген, сезімтал.



  1. Алтыншы сөйлемнен зат есімді табыңдар. Олардың түбірі мен жалғауын ажыратыңдар.
  2. Мәтіннен қос сөздерді табыңдар.
  3. Сауыншы деген сөзді көпше түрінде жіктеңдер.

 


Тамыржемістілер


Қантқызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры жуандайды. Тамыры жеміске айналады.Қантты осыдан алады.


Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол – екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы қызылшаның тамыр жемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді. Тамыржемісті келесі жылы тағы отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөленеді. Гүл шашады. Гүлден тұқым өнеді. Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер дейді.       (61 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер.



  1. Мәтіннен сын есімдіктерді табыңдар. Астын сызыңдар.
  2. Ұзын, қызыл деген сын есімдіктерді қос сөз етіп жазыңдар.

 


                                            Тоғызқұмалақ


Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын. Ойынға екі адам қатысады. олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады. Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыға сексен бір құмалақтан болады.        (60 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: құмалақтарымен, шұңқыр.



  1. Мәтіннен сан есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. Дара сан есімді бір, күрделі сан есімді екі рет сызыңдар.
  2. Біріккен сөзді табыңдар. Ол қандай сөз табы екенін ажыратыңдар.

 


                                  Жол ашық – жүре беріңіз!


Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді. Түрлі-түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.


Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғартатынын түсіну қиын емес. Бұл әрдайым қауптілік белгісі. Өйткені ол көзге бірден ілінетін қызыл түс.


Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады. Ол дайындық белгісі.


Еш уақытта асықпа. Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болатынын ұмытпа.      (60 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: бағдаршам, аңғартатынын.



  1. Мәтіннен есімдіктерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
  2. Жіктеу есімдіктерін жазыңдар. Оларды септеңдер.

 


                                           Ақтөстің көмегі


Қыстың ашық күні еді. Самат ойнауға шықты. Ол төмпешікке қарай бет алды. Соңынан иті ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке жетті. Ызғырып жел тұрды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Саматтың жүгіруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің қарғыбауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді.                                           (63 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: төмпешікке, қарғыбауынан



  1. Мәтіннен күрделі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
  2. Жетті деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар.
  3. Есімдіктерді тауып, теріп жазыңдар.

 


                                         Ауа райын болжайды


Қазақстанның солтүстігіндегі орманда құрлар мекендейді. Қыс бойы олар қайыңның бүршігін қорек етеді.


Бір күні қызық жағдай болды. Таңертең күн ашық еді. Құрлар қайыңның арасында жем етріп жүрген болатын. Кенет тобымен ұша жөнелді. Олар күннің бұзылатынын сезген екен. Түстен кейін боран соқты.


Қырғауыл мен кекілік те боран  боларын алдын ала сезеді. Сондықтан олар күні бойы жем тереді.  Боран басталғанда ықтасынға тығылады.  (60 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: солтүстігіндегі, ықтасынға.



  1. Мәтіннен үстеулерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрін ажыратыңдар.
  2. Шылауларды табыңдар. Шылаулар арқылы байланысқан сөздер қай сөз табына жататынын анықтаңдар.
  3. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.

 


                                      Әсет Найманбайұлы


           Әсет Найманбайұлы – қазақ халқының талантты ақыны және әншісі. Ақының өнердегі ең үлкен ұстазы қазақтың бай ауыз әдебиеті болды. Есейген шағында Әсет Абайдың ақындық мектебінен тәлім алды. Өнер мен білімді нағыз байлық деп түсінеді. Әсет ешкімге қара сөден дес бермейді. Әйгілі ақын қыз Ырысжанмен айтысады. Әсет онсегіз жаста ғана еді. Қыздаң айтқан қиын жұмбақтарын қиналмай шешіп береді. Сол айтыста Әсеттің білімді және зерделі екендігі айқын аңғарылады.                      (66 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: Ырысжанмен, аңғарылады.



  1. Үшінші сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің астын иректеп сызыңдар.
  2. Мәтіннен күрделі сан есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

                                                             


                                                     Аққу.


            Аққу өте ірі және күшті құстардың бірі. Оны көп халықтар киелі құс санайды. Ерекше құрметтейді.


Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады. Олар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Ерекше  сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді.


Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағында Австралиядан келген қарақумен тату тұрады.


Аққулар табиғаттың аса ғажап  және сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.                 (66 сөз)


 


Әміре - әншіліктің ақыны.


     Табиғатынан Әміре әнші еді. Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді. Оның балалық шағы Дегелең тауының етегіндегі Тоқырауын өзенінің жағасында өтті. Бұл ән мен күйге бай өңір еді. Әміренің үлкен атасы Жанай әнші болған. Ел қариялары Әміреге ән салдырады. Оны сүйсіне тыңдап, жас әншіге баталарын береді.


Әміренің үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. Халқымыздың әндері Әміредей асыл жүректі әншілер арқылы бізге жетіп отыр.                   (68 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: табиғатынан, етегіндегі.



  1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді табыңдар. Оны жай сөйлемге айналдырып жазыңдар.
  2. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
  3. Әнші деген сөзді септеңдер.

                                              Күріш


             Күрішті ылғалы мол жерге егеді. Көгі жиырма сантиметр болған кезде , егіске су көлдетеді.


Күріш суда қалай өседі, өйткені оның тамыры үшін ауа қажет қой деген сұрақ туады. Мұны байқап көрсек, күріш өсімдігінің тамырында ауа кіретін арнайы саңылаулар болады екен.


Кейде арнайы жерлерге көшет өсіреді. Оны егістікке көшіріп отырғызады.  Бір ғана алқапқа екі немесе үш өнім алуға болады.


Күріш дәні жабысқан қатты қауызщбен қапталған. Оны осы қауыздан тазартып ақатау қажет. Сонда тамаша ақ күріш алынады.  (75 сөз)



  1. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын екі түзу сызықпен, тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызып көрсетіңдер.
  2. Сын есімдерді теріп жазыңдар
  3. Келер шақ етістіктерді өткен шаққа қойып жазыңдар. Көгерді, мекендеді, мақтайды, сыпырды.

 


 


                                                  Қайың


     Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны  пещке маздап жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады.


Жаз кезінде  қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда.                                                        (54 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: бүршіктерінен, жиһаздар.



  1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
  2. Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар.

 


                                     Сауысқанның белгісі


    Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан сыбдырлатпай ептеп жүреді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті. Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді.  Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылдады. Ол сауысқанға тісін ақсита қарады. Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.                (54 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлатпай, ормандағылар.



  1. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
  2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

 


                                                     


 


                                                       Бекіре


           Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға



  1. Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.
  2. Мәтіннен сан есімді табыңдар.

 


                                                       Тары


        Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік.  Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан  тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.                  (55 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан.



  1. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
  2. Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын сызыңдар.
  3. Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

 


                                        Күзгі өсімдік.


   Өсімдік жаз бойы өсіп жетіледі. Жеміс береді. Тұқым шығарады. Қиярдың жемісін маусымда жегенбіз. Енді күз түсті. Жемістер пісті. Қызыл алмалар бұтаққа симайды. Төгіліп тұр.


Биыл өнген тұқынан келесі жылы жаңа өсімдік өседі. Шөптердің көбі тұқым шашқаннан кейін қурайды. Ағаш пен бұта қысқа дайындалады. Бойларындағы азықтық заттарын тамырларына жинайды. Енді оларға суық қорқынышты емес.               (53 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: симайды, бойларындағы, қорқынышты.



  1. Төртінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
  2. Қиярды, өсімдік деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
  3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

 


                                          Шофер


Нағыз шофер мейлінше сабырлы да са болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық қызығына желікпейді. Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Ол өзі жүргізетін автомобильді жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады.


Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным таппайды.                                                                  (54 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: Босаңсымайды, автомобильді.



  1. Е қандай дыбыстардан құралады?
  2. Дауысты дыбыстарды жазыңдар.

 


                                    Циркулюс.


       Цирк неге цирк аталғанын сіздер білесіздер ме? Цирктегі ең басты орын – алаң. Оның алаңы қандай? Дөңгелек цирк үйінің өзі сияқты. Үйретілген аттар алаңды айнала шабады. Сондықтан цирк ғимараттары шеңбер түрінде салынады. ал неге циркуль деп аталады? Циркуль дөңгелек сызады. Сонда осы екі сөздің екеуі де «циркулюс» - дөңгелек, шеңбер деген латын сөзінен шыққан екен.                                                              (55 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: циркуль, ғимараттары.



  1. Сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оны цифрмен белгілеңдер.
  2. В, ф, ц қандай дыбыстар?

 


 


                                    Жолаушылар.


        Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды   қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады.  Мен елегізіп біраз ояу жаттым.


Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті.        (54 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлады, елегізіп.



  1. Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар. Дыбыстық талдау жасаңдар.
  2. Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
  3. Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар.

 


                                   


                                              Шахта


Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым жетпеді. Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде  үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім. Іші толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті.  (65 сөз)


Жазылуы қиын сөздер: фонарымды, шахтерлерді.



  1. Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
  2. Шахтер деген сөзді жіктеп жазыңдар.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу