
2 сынып диктант жинағы
Көк кит
Көк кит – жануарлар әлеміндегі ең ірісі. Оның самағы жүз алпыс тонна, ұзындығы отыз метр. Бір қызығы, ұсақ шаяндармен қоректенеді. Аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей. (24 сөз)
Қарға мен бұлбұл.
(мысал)
Қарға ну орман ішінде сауық кешін өткізді. Кеште құстар өнер жарыстырды. Қарға қарқылдады. Сауысқан шықылықтады. Әупілдек әупілдеді. Торғай шиқылдады. Бірақ олар сауық кешіне бұлбұлды шақырмады. (26 сөз)
1.У дыбысы жуан болып тұрған сөздердің астын бір рет, жіңішке болып тұрған сөздердің астын екі рет сызғызу.
Егіс даласы
Сәкен жазғы демалыста ауылға келді. Ол жайқалған егіс басына барды. Егіс басынан төрт баласын ертіп жүрген саршұнақты көрді. Сәкен саршұнақ тышқанның зиянды екенін түсінді. Жаздай елу алты тышқан ұстады. (29 сөз)
Көкек
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады. (19 сөз)
Тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның тақтасы ерекше болады. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін. Тақтаның шұңқыры мен қазаны бар.
Тоғызқұмалақ – математикалық ойын. (27 сөз)
Астана
Мен жазда Астана қаласына бардым. Қала маған қатты ұнады. Әдемі үйлер көп салыныпты. Астананы тамашалауға келген көп қонақтар көшеде жиі кездеседі. Есіл өзенінде қайықпен серуендедім.
(24 сөз)
Құстардың ұясы
Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. (27 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: сарықас, бүркіттікі.
Үш буынды сөздердің астын сызғызу.
Тымақ.
Қазақта тымақтың түрлері көп. Ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкінің терісі тігіледі. Сырты асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі киізден құралып, шошақ болып келеді. (29 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан
Ормандағы тіршілік
Орманның басты байлығы – ағаштар. Олардан тақтайлар, үй жиһаздары жасалынады. Егер ағаш болмаса, қағаз да болмас еді. Кесілген ағаштың орнына ағаш өсіруге ондаған жылдар кетеді. Жыл сайын ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. (31 сөз)
Достық
Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар бір-біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықта бір-біріне көмекке келеді.
Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта да, жамандықта да бірге болады. (32 сөз)
«Әдептілік - әдемілік» кітабынан
Құмырсқа және илеу.
Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши ауыр болып шықты. Құмырсқа оны жалғыз сүйрей алмады. Ол жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірдей шиді илеуге жеткізді.
И, й әріптерінің астын сызғызу. (32 сөз)
Түйе.
Түйе екі жылда бір боталайды. Ботасын он төрт ай көтереді. Жаңа туған бота әлсіз болады. Емген сайын күш-қуат кіріп өсе бастайды. Күн суықта боталарға жабу жауып қояды. Сонда өкпесіне суық тимейді. (31 сөз)
«Балдырған» журналынан
Қоян.
Ең жасқаншақ аң – қоян. Ол кішкентай сабдырдың өзінен қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да аулайды. (31 сөз)
Алмаағаш.
Жұмахан атасын алмаағаш көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен ағашты ұстады. Бұтағын сипап, әлденені айтқандай болды. Жұмахан құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтің өлеңі. Бұл алмаағашты Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты. (32 сөз)
С. Бегалин
Жаз
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады. Адамдар жеңіл киінеді. Оқушылар жазғы демалысқа шығады. Тауға, орман, тоғайларға саяхатқа шығады. Лагерьге барады. Қала немесе ауылға қыдырады.
Жаз мезгілінде көкөністер мен жемістер піседі. (33 сөз)
Бұлақ басында.
Әли мен Қали бұлақ басына келді. Қолдарында күрек , тырма сияқты саймандары бар. Екеуі бұлақтың айналасын тазаламақшы. Су бетіне, жерге түскен жапырақтарды тырмамен тазалады. Күрекпен ағаштардың түбін қопсытты. Оларды әктеді.
Осылайша екеуі игілікті іс атқарды. (34 сөз)
Қ мен К әріптерімен аяқталған сөздердің астын сызғызу.
Қызғаныш.
Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйегі бар. Ол судағы өзінің көлеңкесін көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді ол сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (33 сөз)
Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Табиғат
Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бірдемде алай-түлей болып кетуінің себебі неде (33 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: басылмастан, алай-түлей.
Тұмау
Тұмау – жұқпалы аурудың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. (37 сөз)
«Денсаулық» журналынан
Күз
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Кей күндері таңертең күн салқын болады. Жұрт күземін алып, киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған. (36 сөз)
М. Дулатов
Зерлі шапан
Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы мен өңіріне зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқалы жіппен өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапанды хан мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. (35 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан
Жетіген
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген жылдар өтсе де, баяғы күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. (33 сөз)
«Ұлттық аспаптар» кітабынан
1.Мәтіннен сан есімдерді тапқызып, астын сызғызу.
Шоқан
Шоқан – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші, тарихшы, саяхатшы.
Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген. Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады. Олар ғасырлар бойы жасай бермек. (34 сөз)
С. Мұхтарұлы
1.Туынды сөздерді тапқызып, сөздік құрамына талдыту.
Көктем.
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. өзенде сең жүрді.
Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)
Кемпірқосақтың жеті түсі.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады. (36 сөз)
«Әлемнің ұлы кереметтері» кітабынан
Жайлау
Жайлау - қыстайдан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынады. Адамдар да серігіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз)
Н. Қазыбеков
Табиғат.
Табиғат – бәріміздің ортақ мекеніміз. Мұнда адамдар, өсімдіктер, жануарлар өмір сүреді. Табиғат бізге таза ауа, жарық, жылу, мөлдір су, құнарлы жер сыйлайды. Сондықтан табиғатқа ізгі ниетпен қараған дұрыс. Табиғаттың байлығын ысырап етпей, оның дамуына кедергі жасамауымыз керек. (36 сөз)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇