file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  17.06.2024
  4477


Автор: Диктант

Бақылау диктанты - 1 сынып

Бақылау диктанты - 1 сынып

Пайдалы кеңес


Өзіңнен кішіні ренжітпе. Оларға көмектес. Үлкендерді сыйла, алдымен өзің сәлемдес. Үйде апаңа жәрдемдес. Бұл – жақсы әдеп. (16 сөз)


 


Қалада


Әкем екеуіміз қалаға бардық. Қалада нағашы атам тұрады. Ол – жазушы әрі ғалым. Көп кітаптар жазды. Атамның немерелері көп. (18 сөз)


 


Біздің сынып


Біздің сынып жарық және кең. Сыныпта  үстел, орындық, тақта бар. Партаның үстінде кітаптар, дәптерлер және сызғыш жатыр. (17 сөз)


 


Ана


Жер бетіндегі ең әдемі сөз – ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. (22 сөз)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу