Эсселер ✍️

  12.06.2024
  139


Автор: Халықаралық қыздар күні

Қыздарымыз — біздің гүлді бағымыз

Қыздарымыз — біздің гүлді бағымыз, Қыздарымыз — арайлы атар таңымыз, Қыздар барда өрісіміз кеңейер, Еселеніп қолымызда барымыз, — десек, қыздарымыздың біздің өміріміздегі алар орындарының ерекше екендігіне көз жеткіземіз. Қызды қонақ санаған біздің қазақ халқы қыздарын төрге отырғызып, оларға ерекше құрметпен қараған. Қызды сыйлап, олардың тәрбиелі болып өсуіне тікелей ат салысқан. Қыздардың тәрбиесі арқылы бүкіл ұлттың тәрбиесін жолға қоятын Қазақ халқының қыздары болса өрісінің кеңейетінін алға қойып, қыздарына деген ықыластары мен махаббаттарын жүректерінің түбіне сақтап, қыздарына дауыс көтермей, сыпайы түрде бағыт-бағдарларын, тәлім-тәрбиесін көрсетіп отырған.
«Қыз — елдің көркі» деген мақалдың өзі, қыздың елдің көркі екендігін айқындап тұрғандай. Қазақ халқының қыздарымыз жайлы мақалдарына үңілер болсақ әрбірі дөп айтылған мақал дер едім. «Қыз —өрісің» жоғарыдай айтып өттік, «Қызды қырық үйден тиым», «Қыз — жат жұрттық» «Қыз —қонақ» деген сияқты көптеген мақалдар бар. Әрбір мақалдың орны ерекше.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу