12.06.2024
  165


Автор: Халықаралық қыздар күні

Қыз — қонақ

Қыз — қонақ. Ия, Қыз баласы өмірге келгеннен-ақ өз үйіне қонақ болып табылады. Өткені қыз баласының қоғамдағы рөлі жат елге ұзатылып, жат жұрттың түтінін түтететін жан. Сол себепті қызды өз үйіндегі төрге отырғызып, оларға құрмет көрсетіліп, инабатты, ибалы тәрбиелі болып өсуін қадағалап отырған. Қыздарымыз өз үйлерінде төрде отырып, ал келін болып түскен үйде, сол жұрттың ағайын туыс тумаларының үйінде босаға жақта отыратын болған. Бұл біздің қазақтың айнымас тәрбиесін көрсететін дәстүрі болып табылады.
Қызды қырық үйден тиып өсірген ата-бабаларымыз қызға ерекше құрметпен қараған. Қыздарды нәзік гүлге теңеп, әрі батылдық пен қайсарлықты үйреткен. Барған жерінде білмеймін деп отырмасын деп анасы қызына үй шаруаларын жасатып, көп нәрселерді үйреткен. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді алдын ала үйретіп, қыздың жүрісі мен тұрысына қатты көңіл бөлген аналары қыздарына деген үлкен махаббаттарын аса қатты көрсетпесе де, іштей еркелетіп өсірген.
Қыз жат жұрттық, бойжеткен соң өз отауын құрып, үйінен қанаттанып ұшып, басқа елдің, басқа шаңырақтың есігіне қонады. Өз үйінің төрінен ұшқан қыз, жат жұрттың есігіне барып тұрақтайды. Сол жерден өсіп-өніп, үбірлі-шүбірлі болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу