Өлеңдер ✍️

Бағың жансын
Думанды күн шақырды,
Бар ағайын, жақынды.
Азан айтып қуанып,
Әкем қойған атынды.
Мен үшін жыр – гүлсің деп,
Жарық сәулем күнсің деп.
Нұрайым деп атады, 2- рет
Нұрға бөлеп тұрсын деп.
«Айым тусын оңынан»,
Бата-тілек ағылды.
Ниет тілеп жолыңа,
Тәңір берсін бағыңды.
Екі етпеген сөзіңді,
Еркелетті өзіңді.
Дархандығы әкемнің, 2- рет
Мейірінен сезілді.
Артта қалып балалық,
Уақытпенен жаңарып.
Көз жүгірттің алысқа,
Бой жеткен қыз саналып.
Көптен биік өрең де,
Жақынсың жыр – өлеңге.
Қазағымның мұңды үнін, 2- рет
Жырлайтұғын тереңнен.
Білетін шын өз ісін,
Қиял жүйрік өзісің.
Бауырмалдық бойыңда,
Анамның дәл көзісің.
Талай қамал алатын,
Ақынға тән бар атың.
Өмір деген ізденіс, 2- рет
Талмасын еш қанатың.
Еңбегің көп елеулі,
Бақытқа жет кемелді.
Асқақтасын мерейің, 2- рет
Өрге сүйреп кемеңді!
Айтбек Рымбекұлы Әліпов, Астана, маусым 2024ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter