Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.05.2024
1591
Өмір Өтеді
Өмір өтеді
Әні Әлібек Сыздықұлы
Сөзі Кенжебек Хасен
Тоқтаусыз талыққан уақыттар,
Алмасып өтуде күн айды.
Біреудің жасында бақыт бар,
Бақыты біреудің жылайды.
Қайырмасы:
Үмітпен ататын құла таң,
Күдікшіл түндерден оттырақ.
Біреуде біреу бар жұбатар,
Біреуде біреу де жоқ бірақ...
Іреңі бұзылған ілкі іңір
Түн келіп, батпауын сұрайды.
Біреудің мұңы да күлкілі,
Күлкісі біреудің мұңайды.
Қайырмасы:
Үмітпен ататын құла таң,
Күдікшіл түндерден оттырақ.
Біреуде біреу бар жұбатар,
Біреуде біреу де жоқ бірақ...
Шаттықтың сағаты таянды,
Жылатқан шарасыз кез үнсіз.
Біреудің сезімі баянды,
«Баяны» Біреудің сезімсіз.
Қайырмасы
Үмітпен ататын құла таң,
Күдікшіл түндерден оттырақ.
Біреуде біреу бар жұбатар,
Біреуде біреу де жоқ бірақ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter