Өлеңдер ✍️
Арқа аруы
Қыз кезіңде құлпырған көктемдегі,
Шешек атқан гүліндей-ең.
Есімде әлі өткендегі,
Жанарың сол күлімдеп ең.
Қайырмасы
Ақ көңіл, жарқын мінез жарасымды-ай,
Кеңдігің Сарыарқаның даласындай.
Е, е, о, о, ой. Беу даласындай.
Еліктіріп шіркін-ай, сымбатыңмен,
Желіктіріп талайға үн қатып ең.
Екі бетің қып-қызыл алмадай боп,
Өзіңмен ғайыптан бір сырласып ем.
Қайырмасы
Көрікті едің, не деген көркем едің!
Жаз гүліндей жайқалып еркеледің.
Е, е, е, ей. Беу еркеледін.
Мейірім нұр көзіңде, күлімдедін,
Құрығына ешбір жанның ілінбедің.
Жаныңа жан жуытпай сәйгүліктей,
Бақытқа жет өмірде сүрінбегін!
Қайырмасы
Ақ көңіл, жарқын мінез жарасымды-ай,
Кеңдігің Сарыарқаның даласындай.
Е, е, о, о, ой. Беу даласындай.
Сөзі Айтбек Әліпов, Астана қ-ы, мамыр 2024ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter