Әңгімелер ✍️
Гауһартас
Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті, аузындағысөзі мен күлкісіне шейін əкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің. Екі иығы қақпақтай, менен екі есе бар. Шешінгенде білегіндегі білем-білем бұлшық еттер арасында шортан жүргендей бұлт-бұлт етіп ойнап шыға келеді. Ол асығу дегенді əсте білген жан емес. “Ойбай, тұр, қойға қасқыр шапты!” — десең де орнынан жайбарақат көтеріліп, маймаң-маймаң басып барып жарбиған жаман кепеден ер-тоқымын алады, сонан соң үйде қалған қамшысына қайта келеді. Содан кейін барып байлаудағыкүрең қасқаныасықпай ерттей бастайды. Оған шейін кеудесінде жаныбар қасқыр қойдықырып бітеді ғой, сондықтан ол сайланып шыққанша қой соңынан мен кете тұрамын. Əкем Ыбыштың осыжайбарақаттығын ғана жаратпайды. Басқа жағынан Ыбышол үшін жігіттің сұлтаны, нағыз еркек. Күшдегеніңіз оның бойына сыймай, асып-төгіліп жатыр. Аузын шымшып тіккен екі орыс қабың Ыбыш үшін түк емес. Қауын көтергендей екеуін екі қолтығына қысып алады да алдында кездесе қалған анау-мынау арық-атызыңнан аттап-бұттап жүре береді. Сондықтан да біздің үй ақ қапшық дегенді ұстамайды. Анау азық кепедегі маса қонса жарылғалытұрған ала қап, қара қап, шұбар қап дегендердің бəрін апамның өзі тоқыған.
Ыбыштың айрықша бір мінезі — көкпар құмарлығында. Көкпар хабары шықса Ыбыштытану мүмкін емес. Жалпақ танауыбалықтың желбезегіндей желп-желп етіп, үлкен қой көздері қызыл көрген аш бүркіттің жанарындай от шашып шыға келеді. Қой бағу, қозытөлдету дегенің жайына қалады. Атын таң асырып, жалын тарап, түнімен ұйықтамай шығады. Тіпті, бөшкедегі ауыз судан екі-үшшелегін алып, күреңін жалт-жұлт еткізіп жуып қояды. Су таситын мен. Сондықтан, балапанын қорғаған қызғыштай шырылдаймын да қаламын. Бірақ əкем бір саусағын ғана қимылдатып мені өзіне шақырып аладыда: “Қойға бар, қиналсаң судыөзім-ақ əкелемін”, — дейді ақырын ғана. Ыбыштың атқұмарлығымен шабандоздығына əкем қашан да разы. Көкпар болады деген хабардыда алдымен өзі айтып келеді. Үлкен баласының мен сияқтыемес, қайратты, шабандоз, көп сөйлемейтіндігін ол мақтаныш
тұтады. Сондықтан, көкпар хабарысонау Қазықұрттың бауырынан шықса да, Ыбыштың баруын əкем іштей тілеп отырады. Мұндай кездерде ол оған ерекше мейірімді де, шешіліп сөйлегіш. Өйткені, көкпар –ата мен бабаның атын шығаратын, даңққа бөлейтін қасиетті бəйге. Ал, көкпар болмайтын күндері ол Ыбыштыуысынан шығармай берік ұстайды. Біз бəріміз де оның ызғарлыжүзінен ығысып жүре береміз. Тау қопарар еңгезердей Ыбышың да оның алдында бір уыс мақтадай бола қалады. Сондықтан, мен өзім шаппасам да көкпар хабарышықса екен деп тілеп жүремін. Онда, үй ішіне жылылық, көңілділік енеді.
Əкем де, Ыбышта осыкезге шейін бетімнен бір сүйген емес, тіпті, айналайын деген сөзді айтқан-айтпағандарыда есімде жоқ. “Баланы айналып-толғана берсең əйел тəрізді сынық, жасық боп кетеді” деген əкемнің сөзін əлденеше рет естігенмін.
Міне, бүгін де үнсізбіз. Анадай жердегі сықырлауық ағашкереуеттің үстінде бəтес көрпені айқара жамылып Ыбышжатыр. Ойына ешнəрсе кіріп шығар емес. Мен ертең оқуға жүремін. Алысқа, Алматыға кетемін. Апам айтқандай “Əзірет сұлтанның аруағықолдап, бағым жанса түсемін, түспесем қайтып келемін. Оқымасам да күн көруге болады. Іс қып, ден сау болсын”.
Əкем үйде жоқ, қайда кеткені де белгісіз. Жалпыол үлкен бір іске аттанарда мақсатын ешкімге айтпаудыəдетке айналдырып, қанына сіңірген. Əйтеуір, бүгін кешке келетіні ғана белгілі, бірақ қазір түн жарымыбоп қалды, неге екені белгісіз, кешігіп жатыр. Ыбыш қимылдар емес. Жатар алдында таңертең ерте тұрып, мені теміржол станциясына шейін күрең қасқамен апарып тастауға келіскен. Ол осының өзіне əрең көнді. «Ат шаршайды. Есекпен-ақ барсаңшы. Жеткен соң есекті Сопыбектің бастырмасына байлап кете сал, бір барғанда əкелерміз!” — деп күңгірлеген. Бірақ, араға апам араласып: “Мейірімсіз, олай деуге қалай дəтің барады? Қарғадай балаға жаның ашыса қайтеді. Өліп қалмас атың. Бөтен емес, інің ғой əйтеуір” — деген соң біраз үндемей отырып келіскен рай білдіріп жантаякеткен. Əне, сол бойыұйықтап кетіпті. Көнетоз қара шабаданға бар тапқан-таянғанын салып, апам байғұс қана көбелектей шарқ ұрып жүр. “Əдірə
қалғыр, мейірім бар дейсің бе бұларда. Бауыр еті жалғыз інісі алысқа кетіп бара жатқанда қайтіп қана ұйықтайдыекен”… — деп, анда-санда қапалана сөйлеп қояды. Сонан соң төсекте жатқан менің қасыма келіп шашымнан сипап, бетімнен қайта-қайта сүйе береді. Сол сəтте оның көзінен жып-жылыжас бетіме тамып кетеді. Менің де көңілім босайды. Бұл — əкем айтқандай жасықтықтан емес, мен кеткен соң апама мына үйдің ішінде көңілсіз болатынын ойлағандықтан еді.
Бір кезде тігулі үйдің алдынан ат дүбірі естілді. Сəлден соң үйге əкем кіріп келді.
— Жатпағансындар ма? — деді ол қамшысын керегенің басына іліп жатып. Үнінде бір жылылық бар секілді. Мен қуанып кеттім. Тым болмаса, оқуға жүрер кезімде мейірімді болса екен.
— Жоқ, — деп апам орнынан тұрдыда ас қамына кірісе бастады.
— Əуре болма, — деді əкем жай ғана. — Онықоятұр. Дудар бас ояу ма? (Əкем мені осылай атайтын.)
— Қазір ғана жатты. Ертең оқуға жүреді ғой…
Əкем қайтып лəм демеді. Күн ысымақ түгілі аспан айналып жерге түсіп кетсе де, үстінен тастамайтын тер сіңген сарыкүпəйкесі мен қызыл брезент етігін шешіп, менің дəл жанымдағысалулытөсекке келіп отырды. Апам да үнсіз, мен де үнсіз. Əкемнің əлдеқалай айтар жаңалығыбар секілді. Сондай кездерде ылғи осылай ұзақ уақыт тіс жармай отырады.
— Дудар бас, — деді ол бір кезде салмақтықоңыр үнмен. Мен селт ете түстім.
— Əу, көке.
— Далаға шығып, қойлардыкөріп кел. Шарбақ қораныбұзып, шығып кететін жындарыбар еді.
Ішім əлденені сезіп, басқа бір сөзге келместен орнымнан тұрдым да, аяғыма апамның кебісін сұға салып сыртқа шықтым. Жұлдыздар жайнап тұр екен. Ай қып-қызыл боп сонау Қаратаудың ар жағынан енді көтеріліп келе жатыр. Отысөнген ошақ басында Байқаншық жатыр.
Əріде, қарауытқан төбенің бергі етегінен Сырттанның «əуп-əуп» үргені естіледі. Ойпаңдағықамаулықойлар мамыражай күйсеп жатыр. Қораныбұзып шығу түгілі айдасаң да қозғалар түрі жоқ. Қанша шаруақор, малжандыболса да, дəл осыжолыəкем мені шын ниетімен қойдыкөруге жібермегенін сол жерден-ақ білгенмін. Сондықтан, шошаң етіп үйге қайта кіруді жөн көрмей, əбден əңгімелесіп болды-ау дегенше далада жүрдім. Жəне ол ешқашан сарыезулікке салынып отырмайды, айтарын қысқа-қысқа етіп ақтарып салуға əдеттенген.
Бір кезде үйге беттедім. Келе жатқанымдыбілдіріп, тамағымдыбір кенеп алдым да, киіз үйдің алаша есігін айқара ашып ішке кірдім. “Не сөйлесті екен? Мен естімеуге тиісті қандай сөз болдыол?”
Табалдырықтан аттай бергенде əкемнің қарсыалдында малдас құрып отырған Ыбыштың еңгезердей денесін көрдім. Оның ұйқысыəлі жөнді ашылмаса керек, ішке кірген маған бұрылып қарағанда қабағыісініп, көз еттері білемденіп тұр екен. Ұстарамен кеше ғана тықырлап қырдырған басыкүңгірт шам сəулесінің өзімен-ақ қозғалған сайын жылт-жылт ете қалады. Шамасы, айтылар сөз айтылып бітсе керек. Ол мен ішке енген кезде: “Қайтеміз, мейлі енді” деп күңк етіп орнынан тұрдыда, төсегіне барып жатып қалды. Маған бəрі жұмбақ. “Ол не?” — деп сұрауға батылым жетпеді. Сол жұмбақ əкем мен Ыбышұйықтаған соң ғана шешілді. Түн жарымыауғанда апам қасыма келіп, болған жайдың бəрін сыбырлап айтып берді.
…Сонымен Ыбышүйленетін болыпты. Бұл мен ешқашан күтпеген, тіпті үшұйықтасам ойыма кіріп шықпаған жаңалық еді. Əрине, Ыбыштың ерте ме, кешпе əйтеуір бір кезде əйел алып, отау тігетінін білетінмін. Бірақ оның үйленетіндігі туралыхабар дəл осылай аяқ астынан шығып, мен даладан үйге кіргенше, барлық мəселе шешіліп бітерін күтпеп едім. Жəне оның: “Қайтеміз, мейлі енді” деуі құлағымнан таң атқанша ызыңдап кетпей қойды. “Сұмдық-ай, неткен мінез? Адамда толқу, тебірену деген болмай ма, деймін ішімнен аспандағыақырын ғана жылжып бара жатқан жұлдыздарға ашық түндіктен қарап жатып. — Ол үйленеді ғой. Ғұмырлық жар сүйеді, оған жас өміріндегі осындай ұлыөзгерістің өзі қой жоғалғандай əсер етпегені ме? Былтыр қыста екі саулықтықасқыр жеп кеткенде бұдан
гөрі қаттырақ толғанып еді ғой. Қарашыəне, ештеңе болмағандай бейғам жатыр. Япырмай, шынымен ұйықтап кетті ме екен ол?”
Мен жеңешемнің болуын армандайтынмын. Табан астынан бола кеткен бұл тілек алғашында қаттытаңдандырса да дəл қазір даладағы мүлгіген тыныштыққа құлақ тігіп, кірпік қақпай жатқан шағымда маған тəтті бір қуанышлебін əкелгендей болды. Кеудемдегі жүрегім самал тербеген қайың жапырағындай лүп-лүп етіп, болашақ жеңешемнің ақылды, ажарлы, бар мінезі əкем мен Ыбыштың мінезіне қарама-қарсыашық жарқын болуын аңсадым. Бəлкім сонда, темір тəртіп мекендеген, салқынқандылық салтанат құрған мынау үйге бір өзгеріс еніп, көңілсіз өмірге күлкі араласар. Ол да мен сияқтықиялшыл болса бірге отырып арман қуар едік, Ыбыштың тұйық мінезіне түрткі салып, сезімін сергітуге екеулеп бір əрекет жасап көрер едік.
Мен осыныойлап қуандым. Сол қуанышбосағаныаттап кірумен бірге менің ертеңгі алыс сапарымның тас-талқанын шығарды. Ыбыштың үйленуіне байланыстыəкем: “Дудар бас оқудыбиылша қоятұрсын. Келім-кетім кісі бар, күтіп алар қонақ бар, ол кеткен соң мына малды кім бағады. Келін түскен соң келесі жазда барар оқуына. Бір жыл кейін ояз болса да кештік қылмас”, — депті.
Мен əкемнің бұл шешіміне қарсыбола қойған жоқпын. Абыр-сабыр кезеңде айдаладағыжалғыз үй қойшыға адам қолыаса қажет болатынын түсінсем, жаман болсын, жақсыболсын, туған ағамның үш күннен кейін келіншек əкелетінін біле тұра, сол қуанышқа ортақтаспай, өз жөніммен аттанып кете беруім бүйрексіздік болар деп түйдім. Биылша оқудықоятұруға келіскенімді естігенде апам қатты қуанды. Оның ойынша “биыл мен əлі тым жаспын. Келесі жылы буыным қатаяды. Оң қол, сол қолымдыанық танимын, сол кезде алыста жүрген мені уайымдап апам да қаттықинала бермейтін болады”.
Ұядағыжұмыртқа пісіп, қарғаның миықайнайтын жаз айының от шашқан бір күнінде Ыбышқасына екі жігіт пен тағыбір екі ақсақалды ертіп Тоғансайға жол тартты. Əдетте, əке тəрбиесінен өзгені көрмеген Ыбыштəрізді жас жігіттерге: “Үйленесің бе?” деп сауал салғанда, көкей деген құрғырдың: “Енді ше, осыкүнді сарғаякүткен жоқпын ба?” деп түрткілеп тұрса да “қойыңызшы, көке” деп ұяла жауап берер
еді. Ыбышмүлде олай еткен жоқ. Мен оқуға бармайтын боп бекіген түні ертеңі əкем: “Ашып айтсаңшы, Қыжым кемпірдің қызына үйленуге қарсыемессің бе?” дегенде тоңазыған сүр ет пен майлы айрандысоғып отырып: “Е, жоқ-ə, оның жаманшылығын көрген кім бар. Жақсықыз дейді ғой” — деп шімірікпей қойып қалып, қойына жүріп кеткен. Жолға шығатын күні де қой соңынан кетті. Түс кезінде мен барып: “Үйге бар, көкем шақырып жатыр.Кісілер де жиналып қалды. Тез киін, қазір жүресіңдер’ дегенімде құлқайыр шартақтың астынан басын көтеріп маған танымай тұрғандай ажырайып бір қарады да: “Ертең емес пе еді?” —деді. “Жоқ, бүгін”. “Е-е, мен ертең деп жүрсем” — деп шартақ астынан еңкейіп шықтыда қолымдағықабақты алып, салқын шалаптан қылқылдата жұтты. Ыдыстыортасына шейін еңсеріп барып, өзіме қайтарып берді. Сонан соң шылбырышұбатылып жайылып жүрген күрең қасқаның ауыздығын салды, тартпасын тартты. Сөйтті де, атына асықпай отырып: “Байқа, қойлар шашырап кетпесін… і-і, менімен бірге тағыкімдер баратын болыпты?” — деді. — “Білмеймін”.
Ол үзеңгісін тебініп қалып, үйге қарай беттеді. Сол бойыартына қараған жоқ. Мен оның ат үстіндегі алып тұлғасықыр астына тасаланғанша соңынан көз алмай қарап тұрдым.
Ыбыштар екі күннен кейін күн бата бергенде келді. Біздің үй Аршабай деген өзеннің жиегіне тігілген. Өзен дегенде бұл шалқып жатқан сулы өзен емес. Ені жартышақырымдай келетін үлкен арна. Басысонау Қазығұрттан шығады. Аяғыбірте-бірте жайпауыттанып барып Арысқа жетеді де теп-тегіс жазыққа айналып кетеді. Бір заманда бұл жерде суы мол өзен болған деседі. Оған осыарнаның қатпар-қатпар тастарымен ұлтанын кіндік бойықазсаң шыға келетін қиыршық құмдарыкуə. Қазір арнаның бойымалға таптырмайтын жайылым. Құлқайыр, шағыр, бетеге, кеурек, сасыр дегендерің ұйыса өскен. Арасына кірген мал шүйгін шөпке кенедей жабысып, бас көтермей қалады. Арнаның қақ ортасындағыжол арқылыарлы-берлі өткен машиналар мен мал тұяғынан көтерілген шаң құлқайырлардың үстінде үлдіректей қалықтап, кешкілік бұл маңайдыəсем бір көрініске бөлейді.
ЬІбыштар дəл осындай сəтте өзеннің сонау түкпірінен көрінді. Тойға жиналған елу шақтыадам үйден үдере шығып, өздерінше гу-гу сөйлесіп қыр басынан бақылап тұр. 4-5 жігіт пен 5-6 қыз-келіншек бұдан əрі шыдап тұра алмай, көңілді күлкіге көміліп, келе жатқандарға қарсыжүрді.
Мен де, апам да солармен бірге кеттік. Апам қуаныштан күліп жүр, жылап жүр. Көзінен аққан жастыбайқайтын емес. Қара баласынан да, келінінен де “айнала” береді.
Олар мінген машина бізге əбден жақындады. Бұл орталықган бізге жиі келіп, кино көрсетіп кететін шофер Амангелдінің автоклубыболатын. Əкем ол бір келгенде жалынып-жалпайып жүріп əзер көндірген.
Машинадан түскенде Ыбыштытанымай қалдым. Екі күннің ішінде өзі күрт өзгеріп кеткен секілді ме, қалай? Күнге күйіп май сіңген топырақтай болған қоңырқай жүзіне қан теуіп, қоңқақ мұрныделдие қапты. Басындағысабан шляпасымен үстіндегі көк бешпеті сом денесіне жабысып, өзін мүсіндендіре түскен. Ол ешқайсымызға сəлем берген жоқ. Ешқайсымызға бұрылып та қарамады. Тек апама жеткенде ғана аздап кідіріп бетінен сүйгізді де, одан алыста, дөң басында бес-алтышалмен мəслихаттасып тұрған əкеме қарай кетті. “Ыбыш!” деп соңынан ентелей бергенімде ол артына бұрылып та қарамаған бойы “қал” дегендей күректей алақанын жай бір сілтей салды. Не болса да мен осысəтте оның аршындыадымымен ұстамдыжүзіне, алып тұлғасына, туа қалыптасқан қаталдығымен əкеме шексіз ұнайтын асқан сабырлылығына сүйсінгендей болдым.
…Той қызығыүшкүнге созылды. Жастар жағыекі күн бойысауық құрды.
Кең жайлау, кең дала. Аршабай өзенінің көгілдір аспанын жастар əні кеулеп жатыр. Туған дала ерке ұлдарын құшағына ап, солармен бірге қосыла əндетеді, қосыла күледі, қосыла қуанады. Өзіне тартып туған сауықшыл ұл-қыздарыкүміс нұрға толыайлытүнде ақсүйек ойнады, топ-топ болып ойпаң мен қыр басында əн салды, домбыра тартты, енді бірде балғын балалық шаққа бір мезет қайта оралып жұпар иісті көк шағырдың арасында жасырынбақ ойнады. Əзілқой сылқым жеңгелер
гүл атқан құлқайыр түбінде көрікті, өнершіл қайнысымен шаршағанша алысты, кейбір жас бойжеткендердің жігітке деген нəзік сезімі осы айлытүндерде алғашоянды.
Кісілерді күту қамымен жүріп, мен ол сауық-сайранның біріне де түгел қатыса алмадым. Күндіз қой соңына кезек-кезек салып қойған жас балаларға сене бермей мал жаюға кетсем, үйге жеткенде самаурын қою, ботқа тарату, ат байлау дегендерден-ақ қолым тимейді.
Үшінші күні түс ауа мал соңында жүргенде бір бала ентігіп жетіп келді. “Қайыркен көке, мен осында қалам, сізді тез жетсін деп жатыр, келіншектің бетін ашасыз”, деді
Міне саған! Тапқан екен бет ашатын кісіні! Япыр-ау, анау сайдың тасындай сақырлап жүрген жігіттердің арасынан біреуі табылмағаны ма сонда? Туған қайнысына бет аштыру ерсі емес пе?!
Үйге жеткенде, жұрт арнайысалған ши бастырманың астында гу-гу сөйлесіп отыр екен. Шынында, жайшылықта ауыз жаппайтын кейбір жігіттер жеме-жемге келгенде сөз таба алмай, ортаға сүйресе де шықпай отырса керек.
“Ай, үнің өшпейтін теміржақ едің, қане, көрсетші сол өнеріңді” — деп қоядыəйелдер жағыекі күн бойыжеңгелерге қырғидай тиіп жүрген ұзын бойлыбұйра бас жігітке қарап. Ол болса: “Түу, өстіп ескілікке салынудың керегі қанша. Комсомольскаясвадьба жасау керек еді ғой”, — деп тыржиып қояды. “Немене қыл дейді, ей, мына сорайған неме, — деп отырған кемпірлердің бірі оның сөзін жақтырмай қалды. — Сонда той қызығын сендер көресіндер, мына біз немене көреміз? «Ескілік» деуін түге. Бет ашқанның несі ескілік. Ол халықтың жоралғысы. Ана Қайыркеннің тойында-ақ жасарсыңдар кəмсəмол суəдбəсін. Суəдба ма, немене еді əлгі… Əптің құрғырдың суəдбəшілін əліне қарамай. Одан да екі сөздің басын құрастыра алмаймыз десеңдерші. “Жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде бірін таппас” деген. Ай, Қайыркен, кел айналайын, мыналардан күн шыққалытүк шығатын емес. Туған қайнысыболса қайтеді дейсің. Кəзитке өлеңің шығып жүруші еді ғой, селтеңдеп күлуден басқаныбілмейтін мына өңшең ынжық немелердің аузына құм
құйып кетші. Əй, қара келін, үйден жіңішке оқтаудыалып шық”, — деп ол орнынан тұрып келіп қолындағыақ шаршысын маған ұстатты.
Мен не істерімді білмей аңырып қалдым. Соншалықтысеніммен бастырмалатып келіп қолыма ақ шаршысын ұстатқан соң бас тартуға мұршам болмай қалды. Ана жастар жағыболса: “Ұялма, қысылма, давай-давай” деп отқа май құйып жатыр. Бет ашуға да үлкен қабілет керек. Тіліп түсетін өткір сөзді аяқ астынан тауып, осыотырғандардың бір кемшілігін уыттысынға алу керек. Ол арға тиетін жалаң сын емес, жұрт күлетін, əзілмен астасып жатқан сын болуыкерек. Осысын садағына кісілердің үлкен-кішісі, ақ сақалымен қара сақалыжаппай іліге береді жəне бет ашушыға ешкім ренжімеуі керек. Не болса да ішінде кетсін. Əрине, кейбір шыныдай шырт ете қалатындар шыдай алмай əлденені айтып салады. Бірақ жұрт оныодан бетер күлкіге айналдырып, көпке шейін сөз етіп жүретін болады.
Менің өлең жазатын жыным бар екені рас еді. Бірақ, жұрт алдына ешқашан шығып көрген емен. Оның үстіне, қапелімде қойылған талап дегбірімді кетіріп, есімді алды! Қолыма оқтаудықалай ұстап, оған ақ шаршынықалай байлағанымдыда білмеймін. Бір сəтте есімді жиғандай айналама қарағанда мені тескілеп, түйрелеп бара жатқан сансыз көз бен сөз күтіп телміре қалған жүздерді көрдім. Енді кейін шегінуге болмайды, не де болса тəуекел!
Мен сол кезде ғана үш-төрт қыздың ортасында бетіне сəусілдеген ақ жібек орамал жауып, үнсіз тұрған жеңешемді көрдім. Оның бойы сұңғақ, менен екі елідей ғана аласа екен. Үлбіреген жұқа ақ орамалдың ар жағынан кеудесіне басқан қолының саусақтарыағарып көрінеді. Ол тіпті дем алмайтын сияқты. Кеудесі мен екі иығының қозғалғаны байқалар емес. Кеше кісілердің атын отқа қойып келе жатқанымда, бірнеше қыз-келіншектермен бірге жеңешемнің анау дөң астында əңгімелесіп отырғанын көргенмін. Күн енді ғана көтеріліп, көкпеңбек Аршабай өзенінің аңғарыалтын нұрға шомылып жатқан шағыеді. Жеңешем орамалын иығына салып, қыз-келіншектермен сөйлесіп отыр екен. ҚасындағыБалакүл деген жас əйел саусағымен мен жақты нұсқап, əлдене деп жатқанын байқап қалдым. Сол сəтте оның мені жеңешеме сырттай таныстырып: “Анау сенің туған қайның болады”
деп түсіндіріп жатқанын сездім де, оларға бұдан əрі жақындауға батылым жетпей үйге қарай қиғаштай тарттым. Сол кезде Балакүл: “Əй, Қайыркен, мұнда кел, мұнда кел”, — деп қол бұлғады. Күнге шағылысқан білезігімен көңілді күлкісінің сыңғырлағанықоса естілді. Олардың қасына барсам жеңешем қолайсызданар дедім де: “Балакүл, қолым тимей жүр” деп айқайладым. Таңғыдауысым хошиісі аңқыған кең алқапқа сіңіп кетті. Ол дауысым тына бергенде Балакүлдің: “Өй, ұялшақ, келіп таныспай ма екен-ей қайта”, — деп соңғыжағын күлкі көмген ашық үнін естіп қалдым.
Қазір соным үшін де қысыламын. Сонда да болса тершіген маңдайымдыалақаныммен сүртіп, тамағымдыбір кенеп алдым да, алғашаузыма түскен салтанаттыекі-үшшумақтышұбырта жөнелдім. Сонан соң ең негізі жауаптыбөлімге көштім. Тойға келген адамдардың бəрі маған таныс. Демек, олардың əрқайсысының бір міндері бар екенін де білемін.
Жарым сағатқа созылған ауыр минуттардыартқа тастап, ең соңғы салтанаттышумақтыайтып болған соң жеңешемнің бетіндегі орамалдыжайымен жоғарысерпідім. Ол кірпігін жоғарыкөтеріп маған бір қарадыда, көзін тез төмен түсіре қойды. Оның жанарыботаның жанарындай үлкен, кірпіктері найзадай ірі екен. Толған айдай ақ жүзіне қысылғаннан қан ойнап шыға келіп, екі беті жаңа піскен алмадай албырап жүре берді. Шағаланың қанатытəрізді қиылған қастарыұйқысынан жаңа оянған жас баладай бейкүнə, пəк жүзіне ерекше бір сұлулық пен нəзіктік сеуіп тұр. Үлбіреген еріндері қатты ыңғайсызданғандықтан болар-болмас дір-дір етеді
Мен жіңішке оқтаудықасымдағыбіреуге ұстата салып екі адым кейін шегіндім. Сол жағымда отырған екі-үшəйелдің: “О, реңді екен, сабазың. Үндемей жүріп мына Ыбышбəрінен озды. Құдай кейбіреулерге өстіп бере салады. Анау Рысбектің Тəшкеннен оқу бітіріп келген баласының əйелі… ойбүй, шешей-ау, несін айтасың, мына келіннің тырнағына да тұрмайды. Мұрныбіздей, көзі тұздай…” — деп пыш-пышсөйлесіп жатқандарын құлағым шалып қалды.
Иə, менің жеңешем айтса айтқандай көрікті еді. Əлгі əйелдердің сөзіне мен іштей масаттандым. Сөйтіп тұрып, жұрттан шеткері, тойдан
қалған күрішке толыала қаптың үстінде жалтыр басын ауық-ауық бір сипап қойып, қою шай ұрттап отырған Ыбышқа қарадым. Егер жеңешемнің ақылыкөркіне сай боп келсе, шындығында ол жар сүюден бақыттыжан еді. Бірақ, өзінің осындай бақыттылығына ой жіберіп жатқан Ыбышжоқ. Жейдесінің түймесін түгел ағытып тастап, бəз-баяғықалпынша əлдене жайлыəкеммен сөйлесіп қойып жайбарақат отыр. Осысəтте мен Ыбыштыемес əкемді кінəладым. Оныуысынан шығармай осылай тəрбиелеген сол емес пе? Ол Ыбыштың осымінезіне сүйсінеді. Мақтан етеді. «Оқу-оқу» деп жүріп өзінің тəк-тəгінен қағажу қалып, еркіндеу ер жеткен менің барлық мінезімді əкем сондықтан да жаратпайды. Оның ойынша “менің үйге тигізер ірістей де пайдам жоқ, есіл-дертім дала. Шошаңдап жүріп не мылтыққа түсіп, не машина қағып өліп қалмасам, жасым жиырмаға жетер-жетпесте еркек шаштыбіреуге үйленемін де, əке-шеше дегенді ұмытып, соның айтқанына көніп, айдауына жүріп, əлгінің қалаған жағына лағып кетемін”. Мұндай қылықтың ұшын байқата қоймасам да, əкемнің бұл қорытындыға қалай келіп жүргендігі маған əлі жұмбақ. Əсте, өзімен кей сəттерде бетке келіп, тіпті Ыбышқа да: “Əй, тілің бар ма, жазығым жоқ деп айтсаңшы”, — дейтінім үшін жек көретін болар.
Ертең той тарқаған соң көкпар беріледі. Жұмыстан қолыбосап жиналатын аттылар болса, Аршабай нағыз көкпардың мекені. Қауіптенетін жыра-апан жоқ, ұзыннан-ұзақ созылып жатқан мидай тегіс ойпаң. Алысқа шабар жүйрік аттың тізгінін бос тастап, армансыз ағызатын-ақ жер. Қазір Ыбышпен əкем, сөз жоқ, көкпар жайын сөз етіп отыр. Əні, ЬІбыштың сыпыра құлағықалқиып, көзі ежірейіп кетіпті. Шай ішуді мүлде ұмытқан. Япыр-ау, сонда ол өзгенің емес, өз тойында көкпар шаппақшыма?
Келіншектің беті ашылған соң барлық адамға желік берген думан қызығыбірден сылқ түсіп, арада бірер сағат өткеннен кейін жиналғандар той иесімен қошайтыса бастады. Кешке қарай ертеңгі көкпарға қалған жұмысыжоқ шалдар жағыболмаса, қыз-келіншек, бала-шаға, жігіт-желең, кемпір-кешектердің бəрі бірі атқа, бірі есекке мінгесіп, енді бір тобыАмангелдінің автоклубына сыйғанынша отырып, ырду-дырду, у-шумен үйді-үйіне тарасты.
* * *
Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті. Аршабай алқабындағы біздің үй тағыда жалғыз қалып, ың-шыңсыз бір қалыптыөміріне қайта кірісті. Екі-үшкүнге созылған той-думанына əбден үйреніп-ақ қалған екенмін, көпке шейін жаным құлазып, айдалада жалғыз өзім қалғандай кеудемнен белгісіз бір көңілсіздік кетпей қойды. Сондықтан, құдық басымен үй ішінің, қора-қопсының тағы-тағыжанымдыжабырқата түсетін сүреңсіз тіршілікті өзгелерге тастап, далаға, қой соңына кетіп жүрдім. Қара тұмсықтың арғыбауырына түсіп малдыотқа жабамын да, бірауық Аршабайдың көз жетпес көк аспанынан көз алмай, шалқалап бір жатамын. Осышақ қандай тамаша шіркін! Төңіректе қойлардың бытыр-бытыр жайылып жүргенінен өзге бір дыбыс естілмейді. Түу, көз ұшында, қақ маңдайыңның үстінде ноқаттай боп бозторғай қалықтай əн салып жүреді. Жер иісі, жусан иісі, қурай мен құлқайыр иісі кеудеңді кернеп, жан сарайыңа жаңа сезім, жаңа қуаныштолтырады, алпыс екі тамырыңдытүгел матап, еліктіріп, еліттіріп əкетеді. Бойыңдағыенжарлық пен көңілсіздік кенет ғайып болып, күллі денең ду-ду ете түседі де, жүрегіңді белгісіз бір қуанышбилей жөнеледі.
Сол кезде мен əндетемін. Əлгі көкірегімдегі шаттық сыртқа шығар саңылау іздеп, ішкі дүниеңді мың саусағымен түрткілеп жатады. Əнге мейірімім қанбайды. Сонан соң өлең жазамын. Осыкезге шейін қанша дəптер толтырдым мен! Бірақ, бірі маған ұнаған емес. Төбемдегі көгілдір аспан, шырылдаған бозторғай, кешкілік жұмақ боп кететін Аршабай алқабы, тамылжыған айлытүні — бəрі-бəрі де кей сəтте маған ренжіп тұрғандай боп көрінеді. Өйткені, менің өлеңімдегі сұлулық, сол сұлулықтардың бір-ақ ұшқынытəрізді. Кейде өзіммен-өзім арпалысып отырып қойлардың қалың бүрген арасына шашырап кеткенін, яболмаса алтын күннің қызарып ұясына еніп бара жатқанын байқамай қаламын. Кешкілік қойдыайдасып кетуге не əкем, не Ыбыш келеді. Əкем келсе менің адам болуымның қиын екенін тағыбір есіме салып, ұрысып жүріп қойлардыжинайды, ЬІбышкелсе менімен ісі де болмай үндемеген бойымалдытоптап қораға айдайды.
Оның үйленгеніне де жиырма шақтыкүн болып қалды. Əйтсе де, бəз-баяғықалпы. Тəні мен жанына инедей де өзгеріс енбеген. Осыкезге
шейін мен оның Салтанатпен сөйлескенін бір көрген жоқпын. Той өткен соң оларға төрт қанаттыбөлек үй тігіп, жеке шығарғанбыз. Бізден қысылып сол жақта сөйлеспесе, көзімізше тілдескен емес. Жаңа ортаға келген жас адам мынадай суық үйден жабырқап, жалғызсырап жүр-ау деп Салтанатқа қаттыжаным ашыды. Кейде оның сыңғыр ете түскен күлкісін естіп қалсам, арқамнан ауыр жүк түскендей қуанып сала беремін.
Салтанаттың мінез-құлқымен армандағандай боп шықты. Ол той өткен соң-ақ үй-ішінің тірлігіне араласып кетті. Апам алғашқыкезде: “Ойбүй, қарағым, өзім-ақ істеймін. Бұл тірлік біткен бе, кейін де жетер, əлден не қыласың”, — деп шыр-шыр етіп оныауыр жұмысқа жолатпайды. Бірақ ол: “Кейін тірлік болса бола жатар, апа. Жұмыссыз қайтіп отырамын, маған беріңіз”, — деп апамның иығынан əкпішін алып сонау құдықтағысуға кетеді, не нəкəлай заманынан қалған нəн сарысамауырдымайыса көтеріп далаға ап шығады.
Міне, қазір де ол төрт құлақтықара қазандыжер ошаққа асып, ішіне ернеулете су құйып жатыр. Күн батып, қызылысөнген шақ. Бүгін желкем жоқ болған соң қойлардыесік алдына иіріп тастағанбыз. Салтанат бір құшақ кепкен қурай əкеп отқа салдыда, сіріңке шағып от жақты. Сұйық көкшіл түтін қазан үстінен созамықтанып бардыда тілдей жалын бұрқ ете қалды. Сəлден соң түтін жойылдыда, ол үлкен жалынға айналып, қурайлар шытырлай жөнелді. Қызыл жалқын от жарығымен Салтанаттың сұлу тұлғасы, қыр мұрынымен дөңгелек жүзі ап-анық көрінеді.
— Қайыркен, — деді ол бір кезде жалын тасасынан шығып. — Əу.
— Сен ошақ қаза аласың ба?
— Қайдам… Бірақ, несі бар дейсің.
— Онда, басқа жерден жақсылап жаңасын қазып берші. Мынау тым терең екен, оттың қызуықазанға аз барады. Ыбышқа айтып ем, “өзің қазып ал” деп көнбей қойды. “Қолым тимейді”, — дейді. Қолытимейді емес, қолынан келмейді ғой деймін соның, ə? — Сөз соңын оның
сыңғырлаған күлкісі көміп кетті. Əдемі күлкі, ерке күлкі. Оның бұл сөзі мен күлкісінде еріне деген жарасымдыəжуа, жеңіл ғана байқалмас наз жатыр еді.
– Жарайды, жарайды, қарап отырмын ғой. Қазір-ақ қазып берейін.
— Жо-жоқ, қазір шаршап келдің, əрі қараңғы. Ертең қолың босаған кезде, мақұл ма? — Ол жас бала секілді түтін кірген көзін екі қолымен құшырлана уқалап бері қарай жүрді. Есік алдындағыер-тоқымның үстінде домбыра шертіп отырған менің қасыма келіп тоқтадыда:
— “Гауһар тасты” сала аласың ба? — деді еңкейіп. — “Гауһар тас?” Əн бе?
— Иə, əн. Бірінші рет естіп отырсың ба?
— Жоқ, ə… Домбыраға əн жақсыкелмейді дегенім ғой. Одан да күй тартып берейін.
— Жоқ, — деді ол кеудесін тез жоғарыкөтеріп алып. — Күй өз жөнімен, ал домбыраға əн де жақсыкеледі. Бірақ, сен тарта алмайсың. — Салтанат осыныайттыда үйге кіріп кетті. Мен қаттықысылып қалдым. Оның күлкісі құлағымнан біразға дейін кетпей қойды.
Салтанат апам мен маған өте тез үйреніп кетті. Үйде əкем мен Ыбыш жоқта ол апамдыөзіне жақ қып алып мені мазақтайтын да болды. “Дұрыс қой, апа, ə?”, “апа, сіз айтыңызшы, солай емес пе?”, “апа, оны сіз де білесіз ғой” деп мен жасаған кейбір оғаштықтарымдыкүлкіге айналдырады. Апам болса: “Е, əрине қарағым, білемін ғой” деп оныбас изеп қостайдыда, Салтанатқа одан бетер желік бітіріп қояды. Ара-арасында өзі де ықыластана күліп, мəз-мəйрам боп жадырап қалады. Салтанаттың жеңіл əзілдері кейде жаныма батып кетеді. Мен құлағыма шейін қызарып намыстанып қаламын.
Бір күні менің оған көрген түсімді айтып бергенім бар. Түсімде бір қора қыздың ортасында жалғыз өзім жүр екенмін-ау деймін. Қыздардың бəрі де “Мың бір түндегідей” малына киінген, үрдей сұлу. Мен олардың ортасында отырып əн айтамын, домбыра тартамын. Əрқайсысымен кезек-кезек алтыбақан тебемін. Сөйтіп жүріп, осы қыздардың ішіндегі ең бір сұлуына ғашық болыппын-ау деймін. Ол да
мені құлай сүйеді. Ал, қалған қыздар бізді көре алмай теңізге батырмақ болады. Екеуміз қайыққа мініп қашамыз. Олар үлкен-үлкен самұрыққа айналып қуады. Қасымдағықыз ақ шабаққа айналып, мен шортан боламын да, теңіз түбімен жүзіп отырып белгісіз бір жағадан шығады екенбіз. Жағаға жеткенде мен есімнен танып қаламын. Қасымдағықыз есімді жидырмақ боп теңіз суынан бүркеді. Селт етіп көзімді ашамын…
Осыкезде оянып кетіппін. Мен бүрген арасында кітап оқып жатып мызғып кетсем керек. Осытүсімді айтып бергенімде Салтанат еріндерін сəл ғана ашып ықыластана тыңдады. Соңғыжағында қыздан бұрын талып қалғанымдыкелеке етіп рахаттана күлді. Сонан соң менің сұлу əйел алатынымды, өмір жасымның ұзақ болатынын айтып, əлгі түсімді өзінше жорып жатты. Ал, ертесіне мен əлгі түсіме сəйкес екі шумақ өлең жазған болатынмын. Мені мазақтап күліп отырған бір күні ол көзімді бақырайтып қойып əлгінің бəрін апама айтып бермесі бар ма? Жерге кіріп кете жаздадым. “Айтпа” деп ернімді тістеп, басымды шайқасам да тыңдар ол жоқ, қайта, “Əні, қараңызшы, айтпа деп маған жұдырығын түйіп тұр. Нанбасаңыз бар ғой, сол қызға арнап жазған өлеңі бар, оқып берейін бе?” — деді.
— Е, оқи қойшы.
— Міне, тыңдаңыз. Айналам гүлдей ару қыз, Сезімге мас боп əндеттім.
Сүйдім де құшып біреуін,
Теңіздітөрлеп мен кеттім.
Азапқа тəңір ризамын,
Көгімде тұрса күліп ай.
Түсімде көрген солбір сəт
Өңім боп кетсе, дариға-ай!
— Қараңызшы, өзі əжептəуір ақын, апа, ə?
Апам не десін, үндеген жоқ. Тұсау есіп отырған бойыақырын езу тарттыда қойды. Бұл күлкіден одан бетер қысылдым. Өлеңді
Салтанатқа бір-ақ рет оқып беріп едім, онықалай тез жаттап ала қойғанына қайран қалдым.
Апамның алдында мені қаттықолайсыздандырғанын енді ғана байқаған кісіше ол “ештеңе етпейді” дегенді аңғартып, сəл басын изеп көзін жұмдыда, далаға шығып кетті.
Тамақ ішіп болған соң сыртқа шықсам, сонау ойпаңдағықұдықтан Ыбышекеуі қауға тартып жатыр екен. Одан алысырақта жердің ақ тозаңын аспанға көтеріп, суға қарай əкем қой айдап келе жатыр. Мен солай қарай жүрдім. Ми айналдырар шаңқай түс. Күздің келгенін білдіріп, сарыдаламен мизамдар шұбатыла ұшып барады. Олардың бірі құлқайырларға, бірі бүргендерге ілініп, енді біреулері тура бетіңе келіп желімдей жабысады. Ыстық топыраққа бауырыкүйген кішкене кесірткелер мен білезіктер зу-зу етіп жолдыкесіп өтіп жатыр. Анадай жердегі жусан түбінде ыстықтаған бозторғай аузын ашып, жан-жағына жалт-жалт қарап қояды. Келе жатқан жүргіншіден қауіптеніп, кішкене қанатын қомдап ұшуға əзір отыр.
— Мен құдық басына жеткенімде Ыбыш: Неге келдің? — деді бетінің терін жеңімен бір тартып.
— Негесі қалай? Жəрдем бермеймін бе? Өзің түйе жетектеп, қауғаны Салтанатқа тартқызып қойғаның қалай?
ЫбышСалтанат жаққа жай бір қарадыда қолын сілтей салды.
— Қауға тартқаннан өледі дейсің бе? Тартсын. Бұрынғының əйелдері қауға тартқан былай тұрсын, қырық құлашқұдық та қазған.
Мына сөз жүрегіме тікендей қадалды. Жəне “бұл сөзім Салтанаттың көңіліне келеді-ау, ренжиді-ау” деп ойлап тұрған ол жоқ, келіншегіне назар да аудармастан түйесін жетектей берді. Түйе ана басқа жеткенде қауға да құдық аузына кеп кептелді. “Тарт-ай!” деді ана жақтан Ыбыш. Салтанат қауғаның жібінен ұстап, нəзік қолымен дірілдей көтерді де, суын астауға ақтарып жіберіп, бос ыдыстықұдыққа қайта тастады. Ол кеудесін көтеріп, маңдайының терін сүрткенде, сүйкімді жүзінен Ыбышқа деген ешқандай реніштің ізін байқай алмадым. Ыстық күннен екі беті алауланып, құлпыра түсіпті. Мені көрген бетте күлімсірей
қарадыда: “Ауыр-ей əжептəуір”, — деді бетінің терін сүртіп. Мен оның ренжімегендігі үшін іштей қаттықуандым.
Сəлден соң Ыбышбіздің қасымызға келіп: “Ақырыкелуін келдің, түйені сен жетекте, мен ат суарайын, таң атқалысу ішкен жоқ”, — деп қара нардың бұйдасын маған ұстаттыда өзі сонау қара тұмсықтың бергі бауырында тұсаулыжүрген күрең қасқасына қарай кетті.
Біз екеуміз қалдық. Ыбышұзаған соң Салтанат: “Əй, осымені аямайды-əй, — деді күліп, — онысынесі екен. Мені өзі сияқтыпалуан
деп ойлайдығой деймін бір. Құдыққа келген сайын қауғаныылғи маған тартқызып, өзі түйе жетектейді. Сөйтіп жүріп жөндеп тартпайсың деп ұрсатыныбар тағыда, астапыралла!..”
Салтанаттың бұл үнінде реніште, зіл де жоқ, керісінше, нəзік əйелдің қатал еріне деген таңырқауы, сонымен бірге нəзік құрмет пен нəзік сезім жатыр еді.
— Сен шаршадың ғой, қауғанымаған бер де, түйені жетекте, дедім Салтанаттың қолына шуданыұстатып. Ол алғашқыкезде: “Шаршаған жоқпын, өзім-ақ тартамын” деп қарсыласты. Сонан соң: “Сен де мен сияқтынəзіксің, құдыққа түсіп кетесің” деп мазақтауға көшті. Бұл сөз шымбайыма батып, томсырайып қалдым. Ол басын төмен салбыратып құдық түбіне қарап отыр. Менің ренжігенімді байқаған жоқ. Бір кезде: “Қайыркен, Қайыркен! Ана қарашы, құдық түбінен менің суретім көрініп тұр, — деді. Əлгі сөзіне ренжігенімді білдірмек боп үнсіз тұра бердім. Сол сəтте ол басын көтеріп күлімсіреген қарақаттай жанарын маған қададыда “кел енді” дегендей басын изеді. Мен жай-жай басып оның жанына жақындадым. Оның көңілді сəттерін бұзғым келмеді.
— Қане?
— Əні, қарашы. — Мен құдық түбіне көз тастадым. Шыңыраудың сонау түбінен бізге де өзіміз сияқтыекі адам қарап тұрды. Олардың да ар жағында көгілдір тұнық аспан. Біз күлсек олар да күледі, қол шошайтсақ олар да шошайтады. Салтанат кенет тағысөз бастады.
— Алдың күні мен дəл осысуретті Ыбышқа да көрсеттім…
— Е, ол не деді? — Мен елең ете түстім. Ол мөлдір суға маржан сепкендей сылдырап тағыбір күліп алдыда:
— Ол не деуші еді. Ұрсып берді. Денің сау емес сенің, —деді.
Мен еріксіз күліп жібердім. Оған деген əлгі ренішім бір шөкім жазғы бұлттай лезде ыдырап кетті. Содан соң екеулеп жұмысқа кірістік. Ол түйе жетектеді, мен қауға тарттым. Сəлден соң қойлар да келіп, үлкен астауға лап қойды. Бірі су ішіп, енді бірі қанатын сулап отырған бозторғайлар тоз-тоз болды.
* * *
Күзгі қырқын маусымыда келіп жетті. Аз күнге созылса да бұл қойшылардыедəуір аласапыранға салып, аяғынан тік тұрғызып кетеді. Қой қырқатын пункт бізден алыста, отыз шақтышақырым жер. Оған барып-келгенше екі-үшкүнің кетеді. Ол жақта кезек күтіп жатып қалмасаң бір қора қойдықырқу деген сөз емес. Тұс-тұстан қайшыларын сырылдатып, жалаңдатып тұрған қырықтықшылар бір отарыңдытүске дейін жалаңаштап қоябереді.
Алыс жолға жүре алмайтын ауру-сырқау, арық-тұрақ саулықтарды қорада қалдырып, əкем мен Ыбыштаң алакеуімнен малдыайдап кетті. Жүретін күнге дейін қой қырқымға əкем екеуміз баратын боп отырғанбыз, бірақ, бір күн бұрын кешке колхоздан Амангелдінің автоклубыжау қуғандай жетіп келіп, құдық басына су тартатын мотор тастап кетті. Колхоз бастығының «мотордықұрып беріп қайт» деп жіберген Əскербек деген тракторшыжігіт: “Мотор құру — айт-шу деп қой айдау емес, сондықтан, гайканың астын ұстап тұруға жарайтын бір көмекші қалсын” деп жер-дүниені топан су алдырған соң əкем “темір-терсектің иісі мұрнына баратын” мені ауылда қалдырды. Олардың қойын 3-4 шақырымдай келетін Қостөбеге шейін айдасып салып, кері қайттым. Үйге таянып, еңістегі жолмен төмен түсе бергенімде сонау Қаратаудың ар жағынан қылтиып күн де көтерілді. Ол өзімен бірге бар əлемнің сұлулығын ала шықты. Кең дала мен қырат біткенді алтын арай аралап жүре берді. Аспан тап-таза. Біздің үйдің арқалығына келіп тырнақтай имек ай тұрып қапты. Ол мына далаға түні бойыкүміс сəулесін аямай шашамын деп азайып, қалжырап қалған секілді. Менің
қарсыалдымдағыАршабай алқабыəлі қара көлеңке құшағында. Ойпаңдағыесігі ашық екі үйдің алдында Салтанат ас қамына кірісіп, будақтата от жағып жүр. Көкпеңбек қи түтіні желсіз тымық ауаға тіп-тік көтеріліп, қыр қойнауларын кеулеп ғайып болып жатыр. Əріректе апамның тауықтарға жем шашып, “ту-ту-ту” деп шақырған таңғы дауысықұлаққа ап-анық естіледі. Қара көлеңке алқап жақтан оқтын-оқтын лып ете түскен жібек самалмен бірге қи түтінінің қоңырқай иісі келеді.
— Ой, айналайын, кешіктің ғой, соншалықтыалысқа ұзай бермей-ақ, ана қырдан асырған соң қайта бермедің бе? — деп қарсыалдыапам мені үйге келгенде. — Шаршайдыдеп бір ойласа қайтеді екен. Салтанат, Қайыржанға салқын айран берші.
Апам өзге кемпірлер сияқты“келін” деп жатпай-ақ, оныөз қызындай көріп “Салтанат” деп атап кеткен. Апамның бұлай деуі Салтанатқа да мейлінше ұнайды. Ол менің нақ бір кішкене қарындасым секілді қазаннан құйып алып жатқан сүтін сол бойықоясалып “қазір, апа” деп өздерінің кішкене отауларына кіріп кетті де, сəлден соң сырлызерен тостақтысалқын да майлыайранға шөпілдете толтырып əкеп маған ұсынды. Айрандысіміріп жатып қарсыалдымда тұрған оған еріксіз көзім түсіп кетті. Дəл қазір Салтанат түскеніне 3-4 ай болған келіншектен гөрі, кəмелетке жаңа толып, тұңғышрет биге барған жас қызға көбірек ұқсайтын еді. Елегізіген еліктің жанарындай мөлт-мөлт етіп ойнақшыған көздері өз иесінің бейкүнə пəк сезімділігін пашетіп тұрғандай. Бақыттыкүлкі ойнаған əсем еріндерінің ар жағынан көрінген аппақ əсем тістері төгіле кететін ақ маржан секілді тізіле қалған. Аршабай таңындай арайлыжүзі мен тізесіне төгілген білектей қос бұрымы, ақ тəніне жабысқан көк жібек көйлегі оныбұрынғыдан да құлпыртып, көріктендіре түсіпті.
Тостақтыбосатып өзіне қайтып бергенімде менің ішіп болуымдыкүтіп тұрған ол ыдыстықолына ала беріп:
— Тағы?.. — деді сұраулыпішінде басын сəл ғана изеп.
— Жоқ, жетеді. — Ол тез-тез басып отау үйлеріне кіріп кетті.
Мен қорада қалып қойған бес-алтыарық-тұрық малдыҚаратұмсықтың бауырына айдап апарып қайтып келдім де үйге кірдім. Ыбыштың бұрынғысықырлауық кереуеті маған тиген. Қазір онда Əскербек жатыр. Үйге кіріп келсем, ол басықазандай боп əлі ұйықтап жатыр екен. “Шаршап жүрген ғой, біраз ұйықтай тұрсын” деп қайта шықтым. Сонау құдық басындағымоторға барып, ары-бері шұқылап көріп те қайттым. Күн де көтеріліп кетті. Енді сəлден кейін ыси бастайды. Осы кезде үй жақтан: “Қайыр-ке-ен” деп айқайлаған дауыс естілді. Солай қарай көз тастадым. Ағашбөшкенің үстіне шығып, қол бұлғап шақырып тұрған Салтанаттыкөрдім. Демек, тамақ дайын болғанығой. Астаудағысуға жуынып, жартылай сүртініп, жалғыз аяқ жолмен үйге қарай жүгіре жөнелдім. Келсем, Əскербек далада жүр екен. Бақан бойы көтеріліп қалған күнге көзін сығырайта қарап, есінеп қояды. Мені көрген соң екі бүйірін таянып берірек жақындадыда:
— Қайдан келесің? — деді өз сұрағына ешқандай да мəн бермей енжар ғана.
— Құдық жақтан.
— Мотордыкөрдің бе? — Иə.
— Байқа, шұқылай берме, бұзып аласың. — Ол осыныайттыда теріс айналып маңыздана бір қақырынып қойды. Мені бір түк білмейтін жас бала көріп тұр шамасы.
— Түу, қалай өмір сүресіңдер-ей, жалғыз, — деді əлден соң ол айналасына қарап. — Жарылып кетпей қайтіп жүрсіңдер. Мен байлап қойса да тұрмас едім. Бұл жерде тансыда болмайтын шығар.
— Болады, неге болмайды, — дедім қыжырым қайнап. — Е, қойшы, кімдер билейді?
— Қошқарлар мен саулықтар.
— Ой, шегірткенің айғырындай болған неме, үлкен адаммен қалай сөйлесесің өзің?! Тілін қара. Сендердің мені сыйлауларың керек. Мен сендерге мотор құрып беремін, білдің бе, мотор! — Осыдан соң ол
ренжіген кейіп көрсетіп, тышқан қазып тастаған төмпешіктің үстінде көпке шейін үнсіз отырдыда:
— Үйлеріңде арақ бар ма? — деді дауысын бəсеңдетіп. — Қойшының ауылында неғылған арақ?
— Онда сен түк те білмейтін шикі екенсің. Арақтың кені қойшыларда. Олар жəшігімен əкеп қояды. Мүмкін, жасырып тұрған шығарсың?
— Жоқ, шын сөзім. — Ал, шылым ше?
— Біздің үйде ешкім шылым шекпейді.
— Түу, өздерің қандай адамсыңдар, мəдениет дегеннен жұрдай екенсіңдер ғой!..
“Мұндай жағдайда жұмыс істеу қиын болар” дегендей ол ауыр күрсініп орнынан тұрдыда, үйге қарай беттеді. Оның мотор құрып көгертпейтінін біліп, мен де терең бір дем алдым.
Тамақ ішіп болған соң екеуміз түске жақын дегенде үйден əзер шықтық. Ол құдық басына келген соң əрі-бері шұқыланып жүріп шаңқай түсті қылды. Сонан соң: “Шөлдедім, ашымал əкел, айрандарыңнан жусан иісі шығадыекен” деді. Ашымал əкелген соң ол қабақтың жармысына шейін еңсеріп, түбіндегі қоюынан жеп болдыда қарнын сипалап біраз жатты. Бір кезде:
— Ей, сенің жеңешең сұлу ғой, ей. Ыбышқа қалай тиіп жүр? — деді басын көтеріп. — Ондай əйелге Ыбыштүгілі мына бармақтай біз сияқтыжігіттердің де қолыжетпей жүр. Ақша төлеп алдыңдар ғой, ə?
Оның бұл сөзі жаныма батып, намысымдықоздырды, сонымен бірге, жеңешеме деген қызғанышымдыда оятты.
— Əй, мотор құрмасаң құрып кет, бірақ абайлап сөйле — дедім оған тайсалмай қарап. — Сен Ыбыштан артықпын деп отырсың ба? Ондай əйелге қолың жетпесе, боркемік, жасықтығыңнан гөр!
— Мəссаған! Сонда Ыбышқыздыөткірлігімен, батылдығымен түсірді деп ойлайсың ба? Əкесі Тұрымбет əперіп отыр. Ағаңның көкпар
шабудан басқа не өнері бар. Бүгінгі қыздар ондай өнерге қызықпақ түгілі пысқырып та қарамайды. Əкесі болмаса əйелсіз қалар еді ол. Көрдің бе енді, айдай сұлуға үйленгенін. Əй, түбі ол Ыбышқа қатын болмайды, — деді қайта шалқалап.
Мен бұдан əріге төзе алмай орнымнан атып тұрып оның жағасынан ала түстім.
— Тарт тіліңді? Жатқан жерде мынамен жағыңдыуатамын тура, — дедім ауыр балғаныжоғарыкөтеріп. — Сен осында соныайтқалыкеліп пе ең? — Ол балғаға бір, менің ыза кернеп түтіккен жүзіме бір қарап қойдыда: “Тарт əрі балғаңды, — деді. — Бол, тез. Сəл кешіксең ол өз маңдайыңа тиеді”. Батылым жетіп бəрібір ұра алмайтынымдыбілген соң, оның жағасынан қолымдыбосатып кейін шегіндім. Сол сəтте ол білегімнен шап беріп ұстап балғаныжұлып алдыда, түтіп жеп жіберетіндей маған ызғарлана ұмтылды. Мен кейін шегіне бердім. Оның ешнəрседен тайынатын түрі жоқ, қылқындырып өлтіруге дайын сияқты. Əлгінде мен оныұруға аяп ем, ол аямауға бекініпті.
— Ал, мені ұрарсың, басымдыжарарсың, — дедім шегіне-шегіне құдық шығырына тіреліп. — Бірақ есіңде болсын əлгінің бəрін Ыбышқа айтып, жерге кіріп кетсең де таптырып аламын да додаға түскен серкедей тоз-тозыңдышығартамын. Айтпадыдеме!
“ЬІбышқа айтамын” деген соң оның ызғарытаппа тыйылды. Көтерілген қолытөмен түсіп, жуасып сала берді. Сонда да болса, ол сөздің жай оғындай тиген əсерін маған байқатқысыкелмей теріс айналып кетті.
— Кешірдім. Əрі інім сияқтыжас болған соң кешірдім, — деді ол күңк етіп. Сөйтті де, балғанықұдық жаққа лақтырып жіберіп, Аршабайдың қақ ортасынан өтіп бара жатқан машинаға қарай жүрді. — Ал қолдарыңнан келсе құрып ала қойыңдар, — деп Əскербек батырымыз сонымен тайып тұрды. Мен үн-түнсіз қала бердім. Іштей оның кеткеніне қуанып тұрмын. Мейлі, бір мəнісін тауып құрармыз моторды, далада қалмас.
Мен күн батқанша жуан-жуан бөрене кесінділерін мықтап қадап, енді шлангалардытарқата бергенімде, əлдекімнің жұп-жұмсақ, мақтадай
алақаныекі көзімнен кеп баса қалды. Алғашында селт ете түссем де, артынша жүрегім қуаныштан лүпілдеп сала берді.
— Салтанат!
— Əрине табасың, менен басқа кім келеді, — деп ол қолын босатып алдыда, қарсыалдыма кеп тұра қалды.
— Əлгі жігіт қайда? — Кетіп қалған.
— Неге?
Мен сəл үнсіз тұрдым да:
— Орталықта қызым күтіп қалдыдейді. Соған асығып кетті, — деп жалтара салдым.
— Е, е, солай де. Ертең келе ме? — Жоқ.
–Мейлі, келмей-ақ қойсын. Өзі бір кергіп тұрған біреу ғой. Екеуміз-ақ құрамыз, ə? Ауыр болса атамдар келген соң бітіреміз, солай ма?
Мен басымдыизедім. Сонан соң астаудағысуға жуынып алып, Салтанат екеуміз үйге қайттық. Батып бара жатқан күн сəулесі екеуміздің көлеңкемізді серейтіп-серейтіп көрсетеді. Салтанат көлеңкесін менің көлеңкеммен теңестірмек боп аяғының ұшымен жүреді, енді бірде тəлтіректеп жолдан шығып кетеді де “сен итеріп жібердің” деп маған жала жабады. Ал, кінəлі емес екенімді дəлелдеп берген соң “құлап бара жатқанымдыкөріп тұрып неге ұстамайсың” деп мені тағытұйыққа тірейді. Өстіп келе жатып: “Қайыркен, таңертең қойлардыөріске мен айдайыншы” деді. “Жарайды” дедім оның ұсынысына біршама таңдана тұрсам да. “Не, жайлаудыкөрмей жүр ме едің?” “Көрдім ғой, бірақ таңертең қой айдап шыққан тамаша!” “Қалауың білсін”.
Біз үйге де жеттік. Апам моторшыжігіт шаршап келеді деп киіз үйдің көлеңкесінде еттің қамырын асығыс жайып жатыр екен. Сыпыраны төңіректеп жүрген тауық балапандарын “кіш-кіш” деп қолын сермеп,
дембіл-дембіл үркітіп қояды. Моторшыжігіттің жоқ екенін көріп ол кісі: “Өйбай-ау, əлгі бала қайда?” деді таңдана.
— Кетіп қалыпты, — деп Салтанат менен бұрын күле жауап берді. — Орталықта қызыкүтіп отыр екен дейді. Соған асығып кетіпті.
— Ой, тоба-ай, — деді апам ернін сылп еткізіп. — Бұ заманның қыздары күтеді əні. Қарныашып келеді деп шала бүлініп жатысымыз мынау… Ал, ана су тартқышын қашан орнатадыекен?
— ОныҚайыркеннің өзі құратын боп отыр, апа. Ағаштарын қадап, дайындап қойыпты.
— А, неғыл дейді құдай-ау! Ол сенің қолыңнан келе ме?
— Келмегенде… Онда тұрған не бар, — деп қойдым даусымдынықтай түсіп. — ЬІбыштар келгенше Салтанат екеуміз-ақ дайын қыламыз.
Бұдан соңғыапамның мені айналып-толғануын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мотор құра алатын қара баласынан да айналды, оған жəрдемші ақсарыкелінінен де айналды. Бəріміз көңілді жүрдік. Бізбен қосылып кейде апамның да бала боп кеткісі келеді.
Үйде əкем мен Ыбышболмаса, осылай бір жаймашуақ боп қалатын жайымыз бар.
* * *
Таңертең орнымнан тұрсам үйде ешкім жоқ екен. Апам мен Салтанаттың төсектері тап-тұйнақтай боп сандық үстінде жиналып қапты. Өз отауларында жалғыз ұйықтауға қорқып, Салтанат апам екеуі қатарласып жатқан. Мен тез-тез киініп сыртқа шықтым. Күн енді ғана көтеріліп келеді екен. Апам есік алдында ертеңгі шай қамына кірісіп, самауыр жағып жатыр.
— Тұрып қапсың ғой, жата тұрмадың ба? — деді апам самауырдың астын шұқылап жатып, — сүрлігіп бара жатқан тірлік жоқ қой.
— Түске шейін ұйықта дейсің бе енді. Салтанат малдыайдап кеткен бе? — Иə. Қайыркен ұйықтай тұрсын, мен-ақ жайып келейін деп кетті.
Апамның «тамақ іш» деп бəйек болғанына қарамай бір кесе айранды сіміріп салдым да, құдық жаққа тарттым. Өткір күректі қолыма алып, шұқыр қазғалыеңкейе бергенімде, сонау Қаратұмсықтың ар жағынан созыла шыққан əйел даусыестілгендей болды. Демімді ішіме тартып, тына тыңдадым. Таңғыауаның толқынымен əлгі дауыс тағыбір естілді де, қайта өшті. Мен бойымдытүзеп, қимылсыз қалдым. Бұл жолыұзақ, əрі созыла шықты. Ол үн əлдеқалай бір əсем əуенді еске түсіріп кеткендей болды. “Қандай əн еді?” Алға қарай бірнеше аттап, биіктеу дөң басына шықтым. Əлгі дауыс дірілдеп ап-анық естілді. “Əн ғой бұл! “Гауһар тас”. Ол Салтанат болдыма сонда? Əрине, одан басқа, пері болмаса кім бар ол жақта?”
Мен жұмыстытастай салып, Қаратұмсық жаққа жүгіре жөнелдім. Аршабайдың таңғысамалыбетті аймалап, қоңыр көйлегімді жел кеулей жөнелді. Жол жиегіндегі шаң сіңген бүргендерден ақ тозаң бұрқырап қалып барады. Аяғымның астындағыкепкен шегірлер мен қурайлар шытыр-шытыр сынып жатыр. Қаттыжүгірген сайын гулей түскен жел əлгі үнді маған қайтып естіртпей қойды. Ентігіп, аз-кем кідірдім. Дауыс жаңағыдан гөрі ашығырақ естілді. Тағыілгері ұмтылдым. Қаратұмсыққа жақындаған сайын əлгі əн əуені де айқындала түсті.
Шаршағанымдымүлде ұмытып, Қаратұмсыққа жеткен соң, қыр басына өрмелей жөнелдім. Оның шың басына шығып, үлкен қара тастың тасасына кеп отырдым да осыжерден ойпаңға көз тастадым. Төмендегінің бəрі алақандағыдай ап-анық көрінеді.
Əні, анау тақыр күзге шейін қурамайтын гүл атқан құлқайырлардың арасында Салтанат жүр. Оның күлгін түсті жұқа көйлегі сол құлқайырлардың гүлімен біте қайнасып кеткен сияқты. Оның өзі де жел тербеген бадана гүлдей кең далаға еркелеп, бұлаң қаға əндетеді.
Ол əнді қандай ғажап айтатын еді. Ерке мінезді, сəби сезімді менің жеңешем əнші де екен-ау! Оның дірілдеп шыққан ашық үніне мына тастар да, анау созылып жатқан кең дала да ұйып қалған секілді. Қыр басынан көтеріліп келе жатқан күн Қаратұмсық бауырынан кенет естілген əсем əнге таңданып, бір орнынан жылжымай қатып қалыпты.
…Беу-беу гауһар тас,
Құсни құрдас
Раушан жүзін көргенде,
Сəулем-ау, мейірім қанбас…
Салтанат əннен өзге дүниенің бəрін мүлде ұмытып кеткен секілді. Ол бірде көк аспанға шалқалай қарап, дəл төбесінде шырылдап тұрған бозторғайдан көз алмай əндетеді, енді бірде ерке қызының нəзік үніне тамсанып, көзін жұмып, балқып жатқан кең даласын түп-түгел құшағына сыйдырып алғысыкелгендей екі қолын жайып тастап, айналасына таусылмас махаббатпен мейірлене қарайды. Осыдаладағы сұлулық біткен Салтанаттың кеудесіне кеп құйылып жатса, оның өн бойындағысұлулық көмейінен əн боп төгіліп, төңіректі жаңа леп, жаңа нұрға бөлеп тұрған сияқты.
Мен оның əнін қимылсыз ұзақ тыңдадым. Аршабай аспанында салтанат құрған əсем ырғақ, саздыəуен қиялыңдығажап бір дүниеге жетелеп, жалаңаштəніңе мың ине шанышқандай өн бойыңдыоқтын-оқтын дуылдатып, еркіңді түгел тұтқындап алады.
Біраздан соң Салтанат əнін бітірді. Мен маналыбері тыныс алуды ұмытып кеткен жан секілді енді ғана демімді алып орнымнан ақырын көтерілдім. Жібек торғын жел де лып етіп, құлқайыр гүлдері ырғала жөнелді, қырқа басында тұрып қалған күн де енді-енді есін жиып ілгері қозғалды. Мен қара тастың үстіне шығып “Салта-на-а-т” деп айқайладым. Ол селт еткен маралдай маған жалт қарап, екі бетін алақанымен басып отыра кетті. Артынша қайта тұрып, қалың құлқайырдың арасына еніп жоқ болды. Ол жақта да барқадар таба алмай қайта шықтыда маған қарай кішкене сүйкімді жұдырығын көрсетіп қойды. Ол айтқан əні үшін ұялып, не істерін білмей жүр.
Мен қырдан төмен домалай түсіп оның қасына келдім. Салтанаттың жүзі бал-бұл жанып, таңғықұлқайыр гүліндей құлпырып кетіпті. Ұшқын шашқан мөлдір жанарымахаббатқа, сезімге, қуанышқа, əнге толып тұр. Қысылғаннан екі беті албырап, бірде маған, бірде төмен қарайды.
— Сен… бəрін тыңдап тұрдың, ə? — деді ол бейне бір кінəлі адамдай. — Иə…
— Сенің түк ұятың жоқ. Қалай ғана… Өй, ешкімге айтпашымұны, Қайыркен, жарай ма?
— Айтамын. Қазір тура апама барып айтамын. Салтанат əнші екен деймін. Өткен жолысен де көрген түсімді апамның алдына жайып салып, өлеңімді оқып бергенсің. Енді есеп айырысамыз, білдің бе?
Ол одан бетер қызарып кетті. Имек қасыдір-дір етіп, жанарына бір ұяңдық ойнап шыға келді.
— Мейлі, айтсаң айта бер, — деді ол сəлден соң бұртиып. — Бəрібір мен мойындамаймын. Сөйтті де, көк орамалын маған қыр қылғандай бір маңдайына тəкаппарлана тартып, бытырап жайылып жүрген қойларға қарай кетті. Сəл ұзаған соң ұзын бір құлқайырдысындырып алып, малдыүйге қарай айдады. Қойлардың бір шетін қақпайлап, онымен бірге мен де қозғалдым. Ішімнен ерке мінезіне күліп келем, сүйсініп келем. Ауық-ауық ұрлана қараймын. Қораға 40-50 қадамдай қалғанда қойлардысол жердегі қураған раң-ебелекке жауып тастап үйге беттедік. Менен қол созымдай ғана артта келе жатқан Салтанат кенет жүгіріп алдыма түсті де:
— Сен шынымен айтасың ғой деймін осы, — деді мені тоқтатып.
— Енді ше, айтамын. Апа, деймін, Салтанат бар ғой, нағыз əнші екен деймін. Ол кісі сонан соң саған өлең айтқызады.
— Жалынамын, Қайыркен айтпашы. Мен жай… Əйтпесе түк те əн айта алмаймын ғой. Кей-ін, кейін, бір жылдай өткен соң өзім-ақ айтамын, жарай ма?
Мен оның жүзіне көз тастадым. Өзі шынымен əбіржіп, қиыла өтініп тұр. Тұп-тұнық жанарыкелісуімді күтіп, мөлт-мөлт етеді. Оныаяп кеттім. Апамның алдында əзірге ұялтпай-ақ қояйын деп шештім де:
— Жарайды, — деп басымдыизедім. Ол қуанғаннан секіре жаздады. Жүзіне күлкі ойнап шыға келіп, кішкене отау үйлеріне қарай тез-тез
басып жүріп кетті. Үйге кіріп, киіз үйдің алаша есігі теңселуін тоқтатқан кезде ғана мен құдық жаққа қарай бұрылдым.
* * *
Қаратау алқабының ақпандатқан қысыда келіп жетті. Бұл жердің жаймашуақ жазықандай жомарт болса, арқаныкеңге салып, ұзын арқау, кең тұсау жатқан кейбір шаруа иелерінің апшысын бір уыс қып тəубеге келтіріп кететін ашулыбораныда бар. Жердің отыұшып, қарашаның ызғарыбіліне бастағаннан-ақ біз Аршабайдан отыз шақырым келетін Қосінген деген қысқыжайылымға көшкенбіз. Осында кеп, бел шешіп жаңа қонысқа енді бой үйрене берген шақта жапалақтап қар жауды. Бірақ ол сəскелікке жетпей-ақ дел-сал боп еріп кетті. Екі күннен соң аспандысұрғылт бұлт қаптап, Қаратау жақтан баяу жылылеп есті.
Таңертең далаға шықсам, бар маңай аппақ көрпе жамылыпты. Қыс. Ақша қар! Төңіректегі құлқайырлар мен қурайлар сидиып-сидиып үнсіз тұр. Аспан əлі бұлыңғыр. Көкем сонау беткей жақта қой айдап бара жатыр. Есік алдында қар көміп қалған ер-тоқым, алаша дегендерді қағып-сілкіп Ыбышжүр. Осыкезде түпкі бөлмелерінен шығып келе жатқан Салтанатқа қарап:
— Салтанат! Қар! — деп айқайлап жібердім.
— Қар?! Қане?! — Ол жүгіріп келіп сыртқа көз тастады. Қардыкөрген бетте есік алдында тұрған мені итеріп тастап, үйде киіп жүрген кебісімен далаға жүгіре шықты. — Қандай тамаша, қандай ғажап! Міне, бері қара! — Салтанат ұлпа қардан уыстап алдыда, шалқалап тұрып аузына салып жіберді.
— Өй, есерсоқ, — деді бағаналыбері оған “Жындыма, сау ма” деген кісіше үнсіз қарап тұрған Ыбыш. — Қар жегені несі ол. Ауырып өлесің, кір үйге!
— Өлмеймін, — деді ол уысындағықалған қардытағыасап. — Ал сен ойын білесің бе?
— Неғыл дейді.
— Ойын білесің бе деймін?
— Не айтып тұр мынау, ойынынесі ол!
— Кəдімгі ойын. Міне, мынадай. — Салтанат ұлпа қардан уыстап, оны сығымдап, сығымдап алдыда, Ыбышқа қарай лақтырып жіберді. Ыбыш ауыр денесін тез игеріп еңкейемін дегенше сығымдалған қар оның малақайын ұшырып түсірді.
— Əй, бұның не бұл, — деді Ыбыш, ашуланып. — Үйбай, бір бəле көрдің бе? Жоғал əрман!
Салтанат ішек-сілесі қатып майыса күліп тұр. Ыбыштың қызараңдай ұрысқанын елейтін емес. Жалпы, мен осыуақытқа дейін Салтанаттың Ыбышқа ашуланғанын көрген емеспін. Анау болса, қозға құйылған судай қож-қож етіп кеп оған ұрысады, ал кейде, өтірік-шыныекенін білмейсің, былғауыштай жұдырығымен “осы-а…” — деп кеп талдырмаштай келіншегін қойып қалады. Əйел деген нəзік-ау, бір жерін ауыртып ренжітіп аламын-ау деген ой басына кіріп-шықса неғыл дейсің. Салтанат осындай сəттерде сəл үндемей қаладыда, сəлден соң жаз күлкісіне қайта енеді. Ыбышоған алара қарап, қолын бір сілтейді де шығып кетеді. Əні, ол қазір де Салтанатқа ұрсып тұр.
— Əй, неге күлесің-ай, — дейді ол малақайын киіп жатып. — Осыда күлкі ме. Таяқ жемей тынбауға бекігенсің ғой өзің.
— Адам таяқтыжемейді, не айтып тұрсың өзің, — деді ол жайбарақат күле жауап беріп. — Міне, былай етіп ұлпа қардан жейді. — Ол үлпілдек қардан тағыалып, ақша қармен бірдей аппақ тістерін көрсете бір шөкімін аузына салып жіберді. Ыбыштерең бір күрсінді де:
— Молдаға оқыту керек екен сені, — деп теріс айналып кетті.
Қарсыалдында тұрған келіншегінің бойындағытаптырмас еркелікті, жарасымдыназ бен тəтті қылықты, бұралған сымбат пен күміс күлкіні байқамай кетті.
Ыбышұзаған соң Салтанат соңынан қардышұбалтып ішке кірді. “Уув, ищай” деп мұздай дымқыл алақанын мойныма басқанда денем ду етіп ыршып кеттім. Ол темір пешжанына барып ішіне қар толған кебісін шешті де, жып-жылыжұмсақ бөстектің үстіне тұра қалды.
— Үйбуй, қарағым-ау, бала боп кеттің бе, желең шығып қар кешкенің қалай? Ауруға шалдығып қаласың ғой. Міне, мұнда кеп отыр, — деп апам пешалдындағыорнын Салтанатқа берді.
* * *
Бір күні таңертең əкемнің атын мініп, қой соңынан мен кеттім. Жайлауға жауған анадағықар күнде қаптаған мың қаралықойдың тұяғымен шұрқ тесік боп, қарадай таусылуға айналған. Сондықтан, біздің қой жаятын өрісіміз де күн асқан сайын қорадан ұзап барады. Қар бетінде қылтиған шетік, кекіре жантақ, жусандар, майда шөбі араласпаған соң қуырып жеген еттей берекесі қашып, тез таусылады.
Бүгін қойдысонау Қызылжар жақтағыкең жазыққа айдадым. Ол жақ мидай тегіс дала. Жорғалаған қоян мен түлкі болмаса, мал тұяғыəлі тие қоймаған. Күн бұлыңғыр. Бірақ, жайлау май тоңғысыз жылы. Соған қарағанда боран болатын сыңайыбар.
Ен жайлауға сұғынып, малдықалай болса солай бей-берекет өргізе бергенді əкем жақтырмайды. Жайлаудыда жөндеп пайдалан, алда қандай күн боларын қайдан білдің деп ұрысады. Сондықтан, қойларды Қызылжарға сəл жеткізбей тарта жаптым. Уақ мал үшін қорада берген тау-тау шөп пен астау-астау жемнен гөрі өз аяғымен бір-бірлеп теріп жеген күртілдек жусанымың есе артық. Түнімен ашығып қалған қойлар бытырай жайылды. Мен де аттан түсіп тартпасын босаттым да, ауырлығыжоқ деп ала шыққан үлкен тұлыптықар үстіне төсеп кітап оқуға отырдым. Қарнытойғанша қойлар шашырап кете қоймайды. Осы кезде сонау үй жақтан ноқаттай боп бір қара көрінді. Жаяу ма, аттылы ма ол жағын айыру қиын. Мен орнымнан тұрып, оның жақындауын күттім. Сəлден кейін əлгі нүктенің аттылыадам екені анық болды. Осылай қарай шауып келе жатыр. Тіп-тіке емес, ары-бері қиғаштай шабады. Бұл маңайға келе қоятын аңшыжоқ, Ыбышболса түлкі қууға онша қызыға қоймайды, əкем мен кеткенде қаннен-қаперсіз етік тігіп жатқан. Бұл келе жатқан кім болдыекен енді?
Бір кезде аттылыкісі солға қарай бұрылып, қойнауға кіріп көзден ғайып болды. “Кім де болса түлкі қуған біреу ғой, алдынан шығайын” деп атқа тез міндім де солай қарай беттедім. Осыойым расқа шығып,
қойнаудан қылаң ете қалған аттыкісінің алдынан кіп-кішкене боп түлкі қашып бара жатқанын көрдім. Жиренді тебініп, шаба жөнелдім. Айлакер түлкі ат жетіп қалғанда жалт бұрылып, ол қайта айналып келгенше демалып аладыда, аңшытақалған кезде қайта қашады. Мен де жетуге жақын қалдым. Ат үстіндегі аңшыкөзіме бір түрлі таныс, бірақ ерге өте дөрекі отырған секілді. Əйтсе де, есіл-дертім түлкіге ауып келе жатқан мен, оған соншалықтыкөңіл аудара қойған жоқпын. Жақындап қалған екінші аттыныкөріп, түлкі Қызылжарға қарай тұра қашты. Жан қысылғанда түлкі де батыр боп кетеді, жұлдыздай ағып, менің дəл жанымнан өте шықты. Аттың тізгінін бұрып соңынан шабам дегенше ол тас лақтырым ұзап кетті. Осысəтте аңшыда қасымнан өте шықты. “Атыжүйрік екен-ау” дедім ішімнен. Сөйткенше болған жоқ, соңынан ақ борандыбұрқыратып бара жатқан Ыбыштың күреңін тани кеттім. Япыр-ау, сонда мұның Салтанат болғаныма? Ыбышатын қалай берген? Оның малақайымен шолақ тонын қалай сұрап алдыекен? “Салта-на-ат” дедім айқайлап. Ол қарайтын емес. Бір кезде түлкі Қызылжарға жетті де, көзден ғайып болды. Іні сол жерде болса керек. Салтанат екпінін тоқтата алмай біраз жерге шейін шауып барып, бері бұрылдыда, ақырын жүріспен маған беттеді. Жақындай бергенде ол малақайын алып, “уһ” деп терең бір дем алдыда, жай ғана күлімсіреді. “Қап, ініне кіріп кеткенін қарашы. Сен неге аңқиып қалдың? Түлкіге емес, маған қарадың да тұрдың, танымай қалдың ба?”
— Əрине, — дедім мен. — Əлі де танымай тұрмын. Сен Ыбыштың атын қалай мініп жүрсің, ол қайтіп берді?
— Ыбышпа? — деді ол сыңғырлай күліп. — Ол маған ат беруші ме еді. Түске шейін дем аламын деп жатқан. Далаға шықсам, атыерттеулі тұр екен. Қызығып кеттім. Үйге кіріп малақайымен шолақ тонын кидім де, біраз жүріп келейін деп ұрланып шығып кеттім. Əкем барда атқа жиі мінуші едім, көп болдытізгін ұстамағаныма, бір түрлі суып қалыппын.
— Ал, түлкіге қалай кезіктің?
— Үйден біраз ұзаған соң енді қайтайын деп бұрыла бергенде Бүргенді сайдан əлгі түлкі қаша жөнелді. Арықарай шыдап тұра алмадым… Енді түсінікті ме?
Мен оның күлкі мен шаттық ойнаған жүзінен көз алмай тұрып, “түсіндім” дегендей басымдыизей салдым. Ол тұп-тұнық мөлдір жанарын менен тез тайдырып əкетті де, аттың қаз мойнын аппақ алақанымен шарт-шұрт еткізіп шапақтап қойды. Күреңнің екі құлағының түбі жылтырап тұр екен. Еті енді қызса керек, ауыздығын қарш-қаршшайнап, екі көзі шырадай жанып тұр.
— Ыбышкөрсе мені оңдырмайтын болды, — деді Салтанат сəл үнсіздіктен соң. Мен үндемедім.
— Иə-ə? — деді тағыда менен жауап күтіп. — Іһм.
— Мейлі, ұрысса ұрса берсін. Есесіне мен атқа мініп бой көтердім. Қашанғыұрсар дейсің. Бір күні қояды. Тіпті: “Салтанат, мына атпен серуендеп қайт” деп ақырыөзі айтатын болады, көр де тұр! Ал, мен кеттім. Ыбыштың ұрсуынан ертерек құтылып алайын. Айтпақшы, мə жаңғақ. Мына тонның қалтасында жүр екен. — Ол жақындап кеп кішкене уысындағыүш-төрт жаңғақтыалақаныма салды. Саусақтары ұядағыбалапандай жып-жылыекен. Ал, сау бол! — Ол малақайын бір бұлғап басына киді де ілгері қозғалды. Оған ер адамның малақайыда əдемі жарасадыекен. Жалпы, Салтанатқа бəрі де жараса беретін еді. — Түлкі туралыЫбышқа айтамын. Сонан соң екеулеп түтін қойып аласыңдар. — Салтанат осыныайттыда, күреңнің тізгінін тежей түсіп жортақтата жөнелді. Мен сол орнымда тапжылмай тұрып қалдым. Көз алдымнан көпке дейін оның ажарлыжүзі, күлкі ойнаған қарақаттай жанарыкетпей қойды. Сыңғырлаған күміс күлкісі құлағыма əлі естіліп тұрған секілді.
…Түске жақын Ыбышкелді. Тепеңдетіп есекпен келді. Ол атын ешқашан қойға мінбейтін. Маған да, тіпті əкеме де мінгізбейді. Қасыма таянған кезде жүзіне көз тастадым. Екі беті жауатын бұлттай түнеріп, түтігіп кетіпті. “Үйге бар, көкем шақырып жатыр”, — деді. Үнінде қапа бар, ашу бар. Оның Салтанатқа ашуланғанын сезе қойдым. Сондықтан “не болды, неге ашуландың?” деп сұраған жоқпын. “Атқа мінесің бе?” деп едім маған қарап қолын бір-ақ сілтеді. Сонан соң ілгері қозғала беріп:
— Ыбыш, анау Қызылжарда түлкі… — деп міңгірлей бастағанымда ол сөзімді оқыс бөліп жіберді.
— Құрып қалыңдар сендер түлкілеріңмен. Жоғал үйге! — деді айқайлап.
Мен басқа сөзге келмей үйге қарай тартып тұрдым. Келсем, əкем мені есік алдында күтіп тұр екен. Аттыақырға байлап қасынан өте бергенімде мені дауыстап тоқтатып алды.
— Əй, дудар бас, — деді ол зілді дауыспен. — Қүреңмен түлкі қуған сен бе?
Сол сəтте олардың түлкіні Салтанат емес, мен қудыдеп ойлағандарын сезе қойдым да мүдірместен:
— Иə, — дедім төмен қарап.
— Бəсе, айтып ем-ау. Келін саған аттышығарып берген ғой? — Иə.
— Сен есіріктеніп түлкі қудың? О, түлкімен бірге кеткір-ау, сонымен қосылып, сол інге неге кіріп кетпедің! Есіл аттыерге қажатып қор қылғаның не? Адам болмайсың сен. Қой деп келінге басу айтудың орнына “аттыəкеп бере қал” деп жарбаңдап қоймағансың ғой.
Желігіп ол да, «мақұл» деген. Ай, өстіп күйдіресіңдер ғой, өстіп қажытасыңдар ғой адамды. Ойбай-ау, бір түлкі емес он, жүз түлкі қусаң да ана астыңдағыат неңе жетпейді сенің, үстінен сыпырылып түсіп қаламын дедің бе? Тұрған жеріңде осы!.. — Əкем қамшысын жоғарыкөтеріп барып төмен түсірді. Оның қимылын көрмеген адамша жасқанбай тұра бердім. Сонан соң ол біразға дейін үнсіз тұрдыда, қамшысын саптама етігінің қонышына тығып, ат қора жаққа кетті. Мен ішке кірдім. Пешалдында ұршығының ұшымен ортаға салынған шоқты шұқып үнсіз апам отыр. Əкемнің маған ұрысқанын түгел естісе керек, мен жаққа жай бір қарадыда, ақырын ғана күрсініп, жібін иіруге кірісті. Салтанат түпкі бөлмесінде болар, бұл жерде жоқ.
— Апа, не болды? — дедім азаптыүнсіздікке төзе алмай. — Неге үндемейсіз?’
Ол кісі иіріп отырған ұршығын қоясалып, терең бір дем алдыда:
— Шырағым-ау, ана содырдың атын мініп нелерің бар еді осы? — деді оттытағыбір көсеп қойып. — Тып-тынышотырған үйді азан-қазан қылдығой. Ана келін байғұстышырқыратып…
— Не дедіңіз! Ол Салтанатты, ұрдыма? — деп шыдай алмай апамның сөзін бөліп жібердім.
— Иə…
Мен ішкі бөлмеге жүгіре кірдім. Ағашкереуеттің үстінде ала шайы көрпені тұмшалап жамылып Салтанат жатыр екен.
— Салтанат, — дедім, қасына жетіп келіп. Ол жауап бермеді. “Салтанат” дедім тағыда. Ол алақанымен бетін басып, жылап жатыр екен. Оның жылағанын алғашрет көрдім. Жүрегім езіліп кеткендей болды. Салтанат көз жасын маған көрсетпеуге тырысып, көрпесін қайта жамылды. Оттай ыстық демі қолымдышарпып өтті.
— Салтанат, айтшыЫбышсені ұрдыма? Айтшы, ұрдыма деймін? Ауызғыүйден апам: “Несін сұрай бересің мазалап. Білмей тұрсың ба?” — деді. Мен Салтанаттың көрпесін тез ашып, сол бойда қолын көтеріп қалдым. Денем ду ете түсті. Көзінің алдыкөгеріп, оң жақ бетінде білемдей боп қамшының ізі қалыпты.
Мен оның көрпесін қайта жаптым да, орнымнан дірілдей көтерілдім. “Мейірімсіздік қой, мейірімсіздік қой бұл!” — деп айқайлап жібергенімді аңғармай қалдым. Сол бойда ауызғыүйге жүгіре шықтым да, “сұмдық-ау, мынау қайтпекші! — деп орнынан ұшып түрегелген апамның сөзін де тыңдамай, ет жіліктейтін өткір пышақтыалып далаға атыла шықтым. Ат қораға ене бергенімде, қарсыалдымнан əкем щыға келді.
— Жын қудыма, қайда барасың? — деді ол мені тоқтатып. Сөйтіп тұрғанда оның көзі қолымдағыпышаққа түсе кетті.
— Əй, мынауың не, онықайтпексің?!
— Адамнан артық санайтын ат болса, жарып тастайын. Мені өлтіріп көрсін!
— Далбасалама. Адамнан аттыартық санап отырған кім бар? Бұтыңдағышалбарың қандай тар болса, басыңдағыақылың да сондай тар-ау. Əкел бері ананы! — деп əкем менің қолымдықайырып жіберіп, пышақтыалды. Сөйтті де жайбарақат қонышына салып қойды. Алпыстан асса да өзі қайратты-ақ, жəне онымен қарсыласуға қақым да жоқ қой.
— Аттыжарып, ашу қайтармақ болғаның ғой бұл. Біреуің –ішкен асы мен шапқан көкпары, баққан қойынан өзгені білмейтін тұйық мінез содыр болсаң, біреуің – шыныдай шыртылдап, ақылдыашуға жеңгізіп пышаққа жармасатын таяз болсаң, қайтіп қартаймассың, қайтіп қажымассың. Мен өлсем, менен кейін екеуіңнің қырқысып өлетін түрлерің бар ғой, түге. Жыл асқан сайын есейе ме десем, есеңгірейді. Ал, аттыжарып өлтірдің, сонымен не тындырасың? Боларыболып, бояуысіңген уақиғанысонымен сылып тастамақсың ба? Түк те өнбейді. Қайта оныөзіңе өшіктіресің. Арыкетсе бес-алтыкүннен кейін қайта жарасып кететін екеуін ұшқалақ мінезіңмен мəңгіге суытып жібересің. Əйел – соныкі. Ұрар, ұрысар, татуласар, қайда барады. Бүгін ағаңмен жағаластың, ал ертең өздері-ақ татуласып кетеді. Сонда қарадай жерге кіріп кетпейсің бе? Тірліктің осыжағына да ой жіберіп қарасаң қайтеді, Жұмашмылқау тəрізді жоқтан өзгеге пышақ ала жүгірмей. Көрерміз сен үйленгенде қандай болатыныңды. Ыбышқайта əйеліне дегенін істетіп, керекті жерінде қамшыкөтере алады. Сенде ол да жоқ, бір жапырақ шүберегіңнің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болып, жүнжіп кетесің бе деп қорқамын. Əй, сендерге айтып не, айтпай не. Ақылыңдыайтып тұрсаң, арбап тұрғандай көрінесің. Бар, жөнел үйге состимай. — Əкем қолын бір сілтеді де, əлдеқандай бір тоқым, қапшықтардың қатқан мұзын қаға бастады. Мен сол орнымда ұзақ тұрып, білдірмей кейін шығып кеттім.
Иə, əкемнің осысөздерінің ішінде жылтырап тұрған біраз шындық бар еді. Маған алғашрет оның бүгінгі сөзі ой салды. Бұдан кейін атты жармақ боп пышақ ала шыққаным үшін өзімнен-өзім қаттықысылдым, сонымен бірге Ыбыштың көп мінезіне əкемнің көңілі тола бермейтінін де тұңғышрет аңғардым.
* * *
Екі күннен соң Ыбышекеуміз қора жөндейтін болдық. Мың қаралы мал сыятын үлкен бастырманың құлаған жерлерін бүргеннен тақта жасап бекіту керек. Қара нардышанаға жегіп алып, екі-үш шақырымдай жердегі Бүргенді сайға тарттық. Ыбышжаратылысынан сөзге сараң. Кезек күттірмес тікелей шаруа жайлыболмаса көп аса сөйлей бермейді. Əсіресе алдыңғыкүнгі уақиғадан соң, ол маған өйтіп-бүйтіп ұрысуын да қойды.
Айнала аппақ қар. Батыс жақтан өкпек жел соғып, аспаннан қар ұшқындап тұр. Су тартудан құтылып, диланып алған қара нар аласа шананыасық құрлыкөрмей анда-санда бір бақырып алып, маймаң-маймаң басып келеді. Ішің пыспақ түгілі жарылып кетсең де осыжүрісі жүріс. Қанша ұр, тепкіле, айыр сұқ, оған мұның бəрі шот емес. Тек қамшытиген сəтте бір бақырып, шорт кесілген жыландай шолақ құйрығын шып-шып еткізіп қоясалады. Əлгі ұрған соққыңыздың даруыосымен бітті деген сөз бұл. Жалпы, байғұс қара нардыкінəлауға да болмайтын шығар, өйткені, көзін ашқалыбері бір қойшыдан бір қойшыға өтіп, əбден шыңышығып əккі болған. Бізге келгенде ириген мойны, сидиған сирағығана бар болатын. Қарап жататын күн қайда, байғұс түйе келе салысымен байбалам салып жүріп құдық мəселесіне кірісті. Қазір ол жұмыстан босаған. Бірақ ауыр жұмыс арғы-бергісінен өтіп кеткен-ау, оңалса да онысыəзір пайдаға шешілмей отыр.
Боранға ұрынып қалмайық деп екеуміз екі тесемен бүргенді дамылсыз шаптық. Шана үстінде ішіктен де тоңып берекеміз кетіп еді, жұмысқа кіріскен соң қыза-қыза келіп мақталыкүпəйкемізді де лақтырып тастадық. Ыбыштың денесінен буыбұрқырап жүр. Тесе сілтеген сайын құрғақ қар бұрқ-бұрқ етіп, ірі-ірі бүргендер жапырылып қалып жатыр.
— Ыбыш, — дедім ол сəл ғана кідіріп мандайының терін сүртіп тұрған кезде. Ол үндемеді.
— Ыбыш.
— Не демексің? — Мен көмейіме тірелген сұрақтысыртқа шығаруға батылым жетпей мүдіріп қалдым.
— Неғыл дейсің-ей, — деді ол қайталап.
— Сен… сен Салтанатқа сонша неге қаталсың?..
Ол маған таңданған кейіппен ажырайып бір қарады
— Тəйт əрі, — деді күңк етіп… — Ол жағымен сенің ісің болмасын. Айтып тұрғанын қара. Істе анау алдыңдағыжұмысыңды!
Салтанаттың нəзіктігі, еркелігі, сирек кездесетін адал жар екендігі жайлыЫбышқа айтар сөзім тым-ақ көп секілді еді. Бірақ ол жөнінде оның сөйлескісі де келмей, салған жерден бетімді қайтарып тастауы, көкейімде шым-шымдап ашылып келе жатқан сыр сандығының аузын тарс еткізіп қайта жауып тастады. Енді оның мəңгі-бақи ашылмай кететініне көзім жететін секілді.
Мен тесені тастап, шабылған бүргендерді шанаға тией бастадым. Осы кезде Бүргенді сайдың алыс түкпірінен бізге қарай келе жатқан аттылы көрінді. Біраз жақындаған соң келе жатқан кісінің əкем екенін тани кеттім.
— Болайын дедіңдер ме? — деді ол қасымызға келген соң ат тізгінін тартып.
— Шамаладық қой деймін, — деп жауап берді Ыбышшабылған бүргендерге қарап.
— Жетер ме екен?
— Жетсе жетіп қалар. Тез тиейік, жел күшейіп келеді. Ал, сен дудар бас, мына аттымін де колхоз орталығына тарт. Бастыққа жолық. Малдың жемі таусылды, тездетіп екі-үшмашинасын түсіріп берсін. Боран болса үдейін деп тұрғанымынау, түсіндің бе?
Мен басымдыизедім.
— Барған соң күмілжімей жөндеп айт. Бастық басыңдыкесіп алмайды. “Сабаздың баласы-ай” дегізіп тақ-тұқ етіп тұрсаңшы. Бұл күнде алғыр болсаң ғана аласың. Мə, ұста тізгінді. Бүргенді Ыбышекеуміз-ақ жеткіземіз. Ана жақтан қойлар да ыдырап кете ме, қайдам, — деп ат шылбырын қолыма ұстатты. Мен киімімді киіп атқа қарғып міндім де, күртік қардыкүрт-күрт кешіп үйге тарттым. Сəл ұзай бергенде əкем:
— Əй, басың барсын да, аяғың қайтсын. Боранға ұрынып қалма, — деді айқайлап. Ыбышүндеген жоқ.
* * *
Колхоз бастығына жолығып “ертеңнен қалдырмай жем жеткізерміз” деген уəдесін алған соң ешқайда кідірмей тура ауылға тарттым. Мен орталыққа енгенде-ақ бірде ұйтқып, бірде саябырлап бір сұрапылды қалай бастарын білмей мың құбылып тұрған ауа райыдалаға шыққанымда кəдімгідей-ақ екіленіп апты. Жол бойымен тартылған электр сымдарыұйтқи соққан желмен жандытырналап беймаза шуылдайды. Көшеде бейсауат жүрген адамдар жоқ, бəрі де жылыүйге кіріп жайғасып алған, тек бітпейтін тіршіліктің бүгінгі үлесін игере алмай қалған кейбір колхозшылар ғана ары-бері асығыс өтіп жатыр.
Мен үйге жеткенімде күн де батып, боран үдей түсті. Қардың қайдан жауып тұрғанын айыру мүмкін емес, жерден бе, көктен бе? Тек құм сияқтықиыршық қатқыл қар ақ түтекпен араласып бетке тыз-тыз соғады.
Есіктен ене бергенімде əлденеге тынымсызданып, қолыіске бармай жүрген апамдыкөрдім.
— Ой, айналайын-ау, жеттің бе, əйтеуір? Мына боранда сені адасып кетті ме, əлдеқалай болдыдеп жаным тынбай отыр еді, — деп ол кісі қуанғанынан мені құшақтай алып, киімімді шеше бастады. — Ойпырмай, қолың тастай боп қатып қалыптығой.
— Апа, көкемдер қайда?
— Ойбай, олардың бəрі қой соңында. Бағана бүрген тасимыз деп жүргенде жиырма шақтысыбөлініп кетіпті.
— Салтанат та кетті ме ?
— Иə. Ана Ыбышкеліп… “Үйде отыра бермей сен де былай-былай шығып жоқ ізде” деген соң киініп алдыда шығып кетті. “Бармашы, барма, сенсіз де қой табылар ” деп қанша шырылдасам да көнбей қойды. Жаяу кетті байғұс бала.
— Көп болдыма?
— Иə, бағана жарық барда кеткен. Осыайналада болса үйге бір соғар еді, алысқа ұзап кетті-ау сол.
Мен Салтанаттың Ыбышқа ызаланып, сол ызаға шыдай алмай қой іздеп кеткенін білдім. Демек, ол қойдытапқанша қайтып оралмайды. Осындай боранда Салтанат секілді нəзік əйелдің малдытауып келе қоюымүмкін бе? Жəне ол жаяу ғой. Мен шешілген ішігімді қайта кидім.
— Апа, маған бір кесе ыстық сорпа беріңіз. Бой жылытып, қайта шығайын.
— Құлыным-ау, сен отыра тұрсаңшы. Тісің тісіңе тимей қалшылдап тұрсың ғой. Бəлкім, анау екеуінің біреуіне қосылып келіп қалар.
— Келсе жақсы, келмесе ше? Осындай боранда оған қой ізде деп қалай айттыекен…
Салтанаттыіздемесе болмайтынын апам да түсініп тұрса керек, бұдан кейін ешқарсысөз айтпастан темір пешүстіндегі бүлк-бүлк қайнап жатқан қара қазанның қақпағын ашып, орта кесеге толтырып майлы ыстық сорпадан құйып берді. Сонан соң, мені асығып қарамай кетер деп ойлады-ау, нан шəулімен үлкен бір кесек сүр етті түсіріп алып, тақтай үстіне буын бұрқырата тез-тез турап тастады.
Құр сорпа не болады, мынадан жеп ал. Жылқының еті суықта тоңдырмауға сеп болады.
Бағана бүргенге барар алдында ұрттаған бір-екі кесе шайдан басқа əлі ештеме ішпегенім енді есіме түсті. Ыстық сорпа ерніме тиген кезде асқа деген тəбетім ашылып кетті. Ірі-ірі етіп туралған жылқының тұзсіңді қаракесек етінен қарбытып бес-алтыасап, орта кеседегі сорпаныішіп тауысқанымда, бойым жылынып, қайраттанып қалғандай болдым. Енді кідіре берсем апам қазандағыеті мен сорпасы таусылғанша “іш, же” дей береді, сондықтан кесені өзіне ұстата салдым да далаға шықтым. Есікті сəл итергенімде-ақ ысқырған боран оныменен бұрын жұлып алып, босағанысындырардай қабырғаға сарт еткізді. Қар ұйтқытып тұр. Түн қайратына мініп алған, дала қап-қараңғы.
Дүниеде кеткен бағытыбелгісіз адамдыіздеп шығу қиын ғой. Жиренді қайта ерттеп мініп, үйден жиырма шақтықадам ұзаған соң, басын қалай бұрарымдыбілмей аңырайып біраз тұрдым да, нар тəуекел деп бүгінгі қой жайылған өріске бет түзедім. Түрт те қашқараңғытүнде Салтанаттытабармын деген берік сенімде болмасам да суға кеткен тал қармайдыдегендей, алға қарай жылжи бердім. Біраз ұзаған соң боран бұрынғысынан да күшейе түсті. Бағаналыбері оңды-солдысілкілеп, есін кетіре ермек етер жан таппай тұрғандай қарлықұйын екілене соғып, бетіме уыстып жентек-жентек қар лақтырады, енді бірде бас киімімді ала қашқысыкелген шалдуар баладай малақайдан тартады, одан да айызықанбаған соң ашуланып, ат-матыммен домалатып түсіріп мыжғылап-мыжғылап алғысыкелгендей қаттыжел бірде қарсы алдымнан, бірде желке тұсымнан үйіріле соғады. Күні бойғыжүрістен қалжыраған жирен кейбір сəтте бір басқан жерін екі басып, сүрініп-сүрініп кетеді. Əрі бүгін жөндеп те шөпке қойылмады. Таңертең əкем берген бір дорба арпа аралас сұлымен ғана жүр. Мана, колхоз орталығынан келіп, ауыздығыенді алына бергенде, бағытсыз, бағдарсыз жолға тағышықтыміне. Шамалықиналып келеді “фырр-фырр” деп пысқыруыжиілей бастады.
Далада көп жүргендіктен бе, сірескен қараңғылыққа бойым да, көзім де үйреніп қапты. Қамыстай боп жиреннің екі құлағы, таяқ тастам жердегі сидиған қурайлар қараң етіп көрініп қалады. Ал кейде, жуандығықамшының сабындай ғана бір құлқайыр қараңғылықты паналаған адам секілді жақындап кеп қайта алыстайды. Кейде боран арасына ғайып болып, бірнешеу боп қайта шығады.
Ауық-ауық ат басын тежеп төңірекке құлақ тігемін. “У-гу” етіп ұлыған боран үнінен өзге дыбыс естілмейді. “Көкемдер ештеңе емес-ау, ер адам ғой, астарында ат бар. Салтанат қайда жүр екен. Ол жаяу ғой жəне. Мына тағыборанда адасып мерт болмаса неғылсын”. Осысұмдық ойға тірелген сайын денем түршігіп, атқа қамшыбасып-басып қалғанымды байқамаймын. Салтанат менен таяқ тастам жерде ғана, боран өтінде есінен танып жатқандай болады, енді бірде ашқасқырдың ортасында қарсыласар қайрат көрсете алмай тұрған панасыз, дəрменсіз нəзік Салтанат көз алдыма елестейді. Ат басын сəл тежеп барымша айқайладым. “Сал-та-на-ат!” Долыборан ол үнімді аузымнан шыққан
бетте қағып алып, қарлықұйынмен мидай араластырып жоқ қылып жібереді. Тым болмаса қайта естілер жаңғырық та жоқ. “Сал-та-на-ат!” Тағыайқайладым. Бұл үніме тағыда боран жауап берді. Өз дауысың өзіңе қорқыныштыбоп естіледі.
Борандыдаланықанша шарлағанымдыда білмеймін, шамада екі-үш сағат өткен секілді. Осыкезге дейін күндіз қой жайылған қырқаға жетуім керек, бірақ, көзге таныс жер бедерін кездестіре алмадым. Соған қарап алған бағытымнан ауытқып, адасып кеткенімді білдім. Ат та шаршады. Өзімнен де суық өтіп, аяқ-қолым қарысып қалды.
Бір кезде қарсыалдымнан қарауытқан нəрсе көрінді. Тізгін тартып анықтап қарадым. Маялаған шөп пе, жоқ, түйе ме, қараңғыда қалтиып əрі-бері теңселіп тұрған секілді. Демімді ішіме тартып тына қалдым. Ешқандай дыбыс естілмейді. Аттытебініп қалып жақындай түстім. Сол сəтте жүрегім су етіп, тұла бойым мұздап сала берді. Бұл мола ғой. Біздің үйден 3-4 шақырым келетін Қосқұдық бойындағыəкелі-балалы екі адамның зираты. Осыдан үшжыл бұрын диірмен тартып келе жатқанда екеуін де бура шайнап өлтірген. Онда олар нақ осыҚосінген бойында түйе бағатын. Қарсыалдымда мына қарайып тұрған сол моланың қорғаны.
Қорыққанда, адасқанда адамға зират серік боладыдегенді көп естігенмін. Бірақ дəл қазір, ойда жоқта кездескен мола маған сұп-суық, қорқыныштыбоп көрінді. Жалпымен бала кезімнен мазар атаулыны жақындап көрген жан емеспін. Егер бағып жүрген қозы-лақ соларды аралап кетсе, қашан да өздері шыққанша өз аяғымнан барып айдап келмейтінмін.
Не болса да бұл қорған адасқан бағытыма жөн сілтеді. Жиреннің басын оңға бұрып, үйге қарай бет алдым. Салтанаттың бұдан əріге қарай ұзай қоюыекіталай. Енді оныүйге дейін іздеу керек. Бəлкім менен бұрын барып та қалған болар.
Атқа қамшытартып, арқан бойыұзай бергенімде ұлыған боранмен араласып, арт жағымнан əлсіз бір дыбыс естілгендей болды. Селт етіп қалт тұра қалдым. Əлгі дауыс тағыестілді. Ыңырсыған адам үні ме, маңыраған қой ма, жылаған бала ма, ұлыған ашқасқыр ма, ол жағы
белгісіз. Құлаққа елегізіп, талмаусырап əрең келеді. Үн дəл моладан шығып тұр. Жиреннің басын кері бұрып, солай қарай асқан сақтықпен жайлап жақындадым. Жүрегімде қорқынышта жоқ емес, үзеңгіні ағытып алдым да таралғыныбілегіме орап молаға таяндым. Кіре беріске кеп, қорған ішіне көз тастағанымда, түнерген қараңғылықтан өзге түк те көрінбеді. Сонан соң ат шылбырын қолыма мықтап ұстап ішке ендім. Сол сəтте əлденеге сүрініп кетіп етпетімнен түстім. Қолым жылыбір нəрсеге тигендей болдыда, артынша ол зат орнынан қозғалып ыңырана көтерілді. Менің көзім қарауытып, демім бітіп қалғандай болды. Аяқ-қолымнан əл кетіп, орнымнан дір-дір етіп əрең түрегелдім. Сыртта тұрған ат та үркіп бір-екі жұлқынып қалды. Əбүйір болғанда шылбыр ұшын білегіме орай ұстаған екенмін, шығып кете алмады. Осыкезде əлгі ыңыранған үн тағыестілді. “Тоқта, бұл… қойдың даусыемес пе?” Осыой есіме сап етуі мұң екен, жүрегім қуаныштан лүпілдеп сала берді “Тфшəу-тфшəу» дедім айқайлап. Мұндай кезде адамның өз дауысыөзіне ес боладыекен. Əлгі үрей бойымнан ыдырап кеткен секілді. Менің тфшəулеген үнім бітер-бітпесте-ақ, адам даусын естіген қойлардың шуылдай маңырағаны естілді. Жарықтық мал да адам секілді-ау. Олар да қорқып, олар да қуана біледі. Менің үнімді естіп шуылдай жөнелгенін қарашы. Қалтамнан сіріңке алып шағып қалғанда қорған түкпіріне тығылысып тұрған бір топ қойлардың көздері шыныдай жылт-жылт ете қалды. Ал, есік жақ бұрыштан əлдененің ұзыннан түсіп, қимылсыз жатқанын көрдім. Жүрегім тағытулай жөнелді. Қолымдағысіріңке өшіп қалды. Екіншісін алдым. Оның басыжарқ етіп барып ұшып түсті. Үшінші шиді жағып қарағанымда оның тұлыпқа оранып жатқан адам екенін білдім. “Салтанат” деген сөз басыма сап ете қалды. Сол сəтте-ақ “Салтанат” деп онықұшақтай алдым. Үстін қар көміп қапты. Менің, дауыстағанымдыда, көтеріп алғанымдыда сезер емес, қимылсыз. Ешқандай үн жоқ.
— Салтанат, Салтанат, — деп оныжұлқып-жұлқып қалдым. Қараңғыда ол көзін аштыма, жоқ ашпадыма, ол жағын көре алмадым. Əйтеуір, оның түсініксіз үн қатуыбағаналыбері оныөліп қалдыма екен деп, сол ойымнан не істерімді білмей есеңгіреп тұрған маған орасан зор қуаныштастап кетті. Сол қуаныштан алқынған жүрегім аузыма
тығылып, “тірі екенсің ғой, тірі екенсің ғой əйтеуір” деген сөздерді күбірлеп тынымсыз қайталай бердім.
Дəл осымоладан қойлардыда, Салтанаттыда табамын деп əсте ойламап едім. Тіпті оған қол созым келіп тұрып қайтып кете жаздадым-ау! Дəл қазір Салтанаттың үстіндегі ауыр тұлыптың қарын сілкілеп, тастай боп сіресіп қалған қолдарын сипалап жатып, осылай
қарай қаңғалақтатып айдап келген, адастырып келген белгісіз тағдырға іштей алғыс айтумен болдым.
Сəлден соң оныатқа мінгізіп үйге қарай бет түзедім. Арғы-бергісінен суық өтіп кеткен Салтанат қаттыəлсіреп қалған екен. Менің қойған сұрақтарымның бір де біріне жауап қатпады. Боран əлі ұйтқи соғып тұр. Аузыңдыашсаң көмейіңе қар толтырып кетеді.
Біраз жүрген соң Салтанаттың бойыжылынайын деді ме, аяқ қолын қимылдатқандай болды. Оралған тұлыптыбір қолыммен жайлап ашып, бетіне құлағымдытигізіп көрдім. Жып-жылыекен. Дір-дір етіп демалғанысезіледі.
Жүрегім тағылүпілдей түсті.
Үйге жеткенде əкем де жаңа ғана келіп, Салтанаттың жоқ екенін естіген соң далаға қайта шыққалыотыр екен. Мен Салтанаттыкөтеріп кіріп келгенде, апам екеуі орындарынан үрейленіп, үдере түрегелді. Өліп қалған екен ғой деп ойласа керек, апам сол сəтте-ақ айқайлап жылап жіберіп, пешжанына апарып жатқызған оның үстіне құлай кетті. Əкем құп-қу, төмен қарап үнсіз тұр.
— Аман ба, шырағым-ау? — деді сыбырлағандай дір-дір етіп.
— Иə, аман. — Əлсіреп жатқан адамдыодан бетер ездің ғой. Алдымен біліп алмай ма екен, — деді баяғыөктемдеу үнмен.
Салтанаттың тірі екенін біліп апам қуаныштан тағыжылады. Қас пен көздің арасында сап еткен қайғынықуанышқуып шығып жатқан осындай абыр-сабыр кезде мен əкемнің тұңғышрет аузынан шыққан “шырағым-ау” деген сөзін іштей қайталаумен болдым…
Бірер сағаттай уақыт өткен соң Ыбышта келді. Суықтан екі беті қап-қара боп түтігіп кетіпті. Салтанаттың қой іздеймін деп өлі мен тірінің
арасында үйге енді ғана жеткізілгенін естігенде, ол селт ете түсті. Бірақ бізден ұялдыма, əлде əкемнен қаймықтыма, əйеліне жан ашу білдірген ішкі сезімін сыртқа шығара қоймады.
Қалың қабағысалбырап, темір пешжанындағыбір қап ұнға сүйеніп көпке дейін үнсіз тұрды. Бəлкім осысəтте ол көрпеге оранып ессіз жатқан нəзік əйеліне өткен жолыаяусыз жаза қолданып, бет-аузын көгерте қамшылағаныүшін іштей опынып, оған жаныашып отырған шығар. Бəлкім, келіншегінің кішкене кеудесінде еркелік пен бірге намысшылдықтың да бұғып жатқанына нақ осыбір сəт аздап болса да ой жіберген болар. Əйел затына еркелетіп сөз айтып көрмеген, олай етуді өз бойына ар санап, еркектік намыстықатын алдына жығып беру деп ұғынатын оның анау алып кеудесіндегі қос жұдырықтай жүрегі, кім біледі, дəл қазір қанмен сіңген ол қасиеттің бəрін қас қағымға ғана ұмытып, хал үстінде жатқан сүйкімді əйелінің қасына барып, ең болмаса “қалайсың?” деп бір ауыз тіл қатудықалаған шығар. Бірақ, олай етуге, о-о, атай көрмеңіз, Ыбыштың еркі жібермес еді. Ол өзін қашан да берік, қаттыұстап үйренген.
— Ей, əлі шешінбепсің ғой, нағып отырсың сұңқиып? Есің дұрыс па өзіңнің! — деген əкемнің дауысыкенет естілгенде, Ыбышбасын кегжең еткізіп көтеріп алды. Сол мезет тобылғысаптықамшысыжерге түсіп кетті де, ол оныжалма-жан көтеріп алып, тез-тез сырт киімдерін шеше бастады…
…Салтанат төсек тартып бірнеше күн бас көтермей жатты. Ыстық сорпадан басқа ешнəрсе татып алмайды. Оның өзін де апамның: “Енді аз ғана, енді бір ұртташы” деуімен жүріп бір кесесін əзер тауысады. “Суық өткен ғой, біраз күннен соң тəуір боп кетер” деп бəріміз де оның бұл жатысына асқан қауіппен қарай қойғанымыз жоқ. Өйткені, үйге əкелген күннің ертеңіне-ақ Салтанат кəдімгідей сөйлеп, “Тез арада тəуір боп кетемін, қорықпаңыздар. Қазір жақсымын” деген соң, тіпті, қойлардықалай тауып, ойда жоқта кездескен қорғанға айдап кіргенін (Салтанат оның мола екенін білмейтін), сол жерде боранның аздап саябырсуын күтіп отырып суыққа тоңып əлсіреп кеткеніне шейін айтып бергеннен кейін, шынында біз тыныштала бастағанбыз. Ал, Салтанаттың жөтелі жиілеп, реңі қашып бара жатқанын байқаған соң,
шын мəнінде қорқа бастадық. Апам ескіден қалған ем-домын істеп, кешкілік ұшықтады, адыраспан тұтатып, ақ тауықпен аластады, дермененің суымен жылқының майын ішкізді. Бірақ оның бəрі де еш нəтиже берген жоқ. Соған қарап əкем мен апам Салтанаттың бойындағысырқат суық өткендіктен емес, моладан тиген салқын деп топшыладыда, мені “молда шақырып келдің» астына ала бастады. Бірақ мен оған көнбей, колхоз орталығына барып, Сапарбай докторды атқа мінгестіріп əкелдім. Оны-мұныкөргені бар кексе дəрігер Салтанаттың өкпесіне суық тигенін, сонымен қатар қатты қорыққандықтан жүрегі қабынбалыболғанын ажыратып берді. “Дегенмен, аса қауіпті емес, қорықпаңыздар” деп ол бізді тыныштандырған болдыда, өзі үйде екі күн жатып емдеді. Кетерінде бірнеше күнге жететін дəрі қалдырып, тағыкелетіндігін айтып қоштасты.
Бір айдан соң Салтанаттың жөтелі басылып, бұрынғыға қарағанда тəуір бола бастады. Тағыбір ай өткен соң ол едəуір сауығып, үй тірлігіне араласты. Осыкезге шейін қар еріп, көктем лебі білініп те қалды. Оңтүстіктің көктемі қар астында ғана жатады. Бір күні Қаратау жақтан Алтын күрек желі соғып берді де, ертеңіне кешке дейін тұсарлықтан келетін кіріккен қаттықардыіріген айрандай тоз-тоз етіп сай-саланы сырылдаған ботана суға толтырып кетті. Түнге қарай жылыжаңбыр жауып, таңертең буалдыр тұман түсті. Көкірекке қуанышпен сезім сеуіп, селдіреген қара жер ғана қалды. Табиғаттың қатал мерзімін атқарып салған кең дала қалжырап жатыр, талықсып жатыр. Осыкүнді көптен асығып күткен бозторғайлар бір-бірінен сүйінші сұрап, ана қыр мен мына қырдың арасын талмай кезіп жүр. Ат шаптырымдай жерде осыаймақтың ақылшыиесіндей боп Қосінген төбесі момақан пішінде іштей күлімсіреп қана жатыр. Түстен кейін тұман серпіліп, мейірлене күн шықты. Тау мен даланы, қырат пен ойпаңдыкөктем лебі аралап кетті. Ол леп жан-жануар мен адам кеудесін де кеулеп, жүрекке жаңа сезім, жаңа нұр ұялатып, ішкі сарайдыалашадай бір сілкіп кетті.
Сөйтіп былтырғыбақыттыкөктем қайта келді.
Бірақ Салтанаттың осымаңайға сəн берген жаз күлкісі қайта оралмады. Көктемгі қой төлдеу басталып, тақияңдыжөндеп киюге қол тимейтін
дүрбелең кезең жетті. Құлқын сəріден басталатын аласапыран жұмыс қас қарайғанша бір бəсеңдемейді. Кешке қарай өзегің талып үйге сүрініп, сүрлігіп келесің. Мен сондай кездерде де есіктен аттай бере Салтанаттың жүзіне қараймын. Оның ернінен күлкі, өн бойынан былтырғыеркелікті іздеймін.
Əрбір кеурек түбінде туып қалған қойлардың қозысын теріп жүріп те соныойлаймын. Кешке үйге барғанда ол көңілді болса екен деп тілеймін. Бірақ ол тілегім, ол үмітім есіктен кіре бергенде от шарпыған гүлдей солып сала береді.
Бір күні үйге шаршап келдім. Салтанат жалғыз өзі уыз пісіріп отыр екен. Мені көрген соң жай ғана күлімсіреп қарадыда: “Уыз жейсің бе?” — деді. “Əкеле ғой”.
Ол орта кесеге толтырып, əлі қата қоймаған балдай уыздыұсынды. Бір-екі қасық ұрттай бергенімде:
— Сен маған ренжіп жүрсің бе, Қайыркен, — деді мақпалдай жұмсақ үнмен.
— Жоқ. Оне дегенің! Мен саған ешқашан, ешқашан ренжімеймін. Əйтсе де, маған бір-ақ нəрсе түсініксіз. Сен неге көңілсізсің, Салтанат?
— Оныөзім де білмеймін. Бір түрлі, көп нəрсеге бұрынғыдай қызықпайтын секілдімін. Зауқым жоқ. Көңілденейінші деймін, күлейінші деймін. Қолымнан келмейді, əлсіз секілдімін. Ештеңе етпес, сергіп кетермін. Сонан соң бəрі де бұрынғыша болады, Қайыркен, ə?!
Мен басымдыизедім. Оның жүзіне қарап отырып, жүрек ауруынан əлі де айыға қоймағанын сездім. Бірнеше минутқа созылған үнсіздіктен соң, көкейімде талайдан бұғып жатқан бір сұрақтықоюға бекіндім.
— Салтанат! — Əу.
— Айтшы, жасырмай айтшы. Сен… сен Ыбыштыұнатпайсың ба?
Бұл сұрақтан ол шошып кетер деп ойлап едім, бірақ, үнсіз қалды. Əлден соң терең бір күрсінді де, мөлдіреген жанарын маған тура қадап тұрып:
— Е-е, Қайыркен! Оның бəрі саған түсінікті емес пе, — деді жанарын қайта төмен түсіріп. — Мен жар сүюден бақыттыемеспін. Қосылмай тұрғанда Ыбыштыүш-ақ рет көрдім ғой. Бірінде – ол қарсыжолығып, қасындағыкісілермен əлдене жайлысөйлесіп қала берді.
Екіншісінде — біздің үйге көкпар əкеп тастағанда, үшіншісінде — айттыра келгенде. Енді ақталып қайтейін, алғашқыкезде бір түрлі жылыкөрінді. Жəне оның бойында ерге тəн қаталдық, батылдық, жігерлілік жатқан секілді еді. Бірақ оның бойында біріншісі ғана бар екен… Міне, Қайыркен, сола-ай-й! Əйтсе де мен енді басқа жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дəл үстінен түскен бақыттың маған керегі де жоқ. Мен ол бақыттықиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін. Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы. Есіңде ме, Қызылжардың жанында саған: “Салтанат, мына атпен серуендеп қайт” деп өз атын ақырыбір күні Ыбыштың өзі беретін боладыдеп едім ғой. Міне, мен ақырысол дегеніме жетемін. Содан соңғыөмір бұдан да тəтті, бұдан да тамаша болады. Сен үйленесің. Ол, сөз жоқ əдемі, ақылды, ерке болады. Сендерге біздің үйдің жанынан бөлек үй тігіп береміз. Сонан соң менің апам мен сіңлімді де көшіріп келеміз. Сөйтіп, бəріміз адам қараса қызығатындай, тоймайтындай тəтті тұрмыс құрамыз.
Салтанаттың бал қиялымені еліктіріп əкетті. Əлгінде аяғымдыəзер көтеріп, шаршап келгенімді ұмытып кеттім. Оның кеудесіндегі өмірге деген тəтті арман, уыз қиял, жігерлі шешім мені өзіне бұрынғыдан да баурап алды. Мен оныбұрынғыдан да жақсыкөріп кеттім. Екеуміздің əзірге əңгімеміз осымен бітетін бе еді, əлде тағыжалғасар ма еді, үнсіз отырған шақта үйге апам кіріп келіп:
— Ай, қараңғыда қайтіп тамақ ішіп отырсыңдар шам жақпай, — деп лып еткізіп сіріңке шағып жіберді. Орта кеседегі уыздыішіп қойғанымдысол кезде ғана байқаппын.
Қой төлдеу аяқталды-ау деген шақта, біз Аршабайға қайтып көшетін болдық. Ескі жайылымға қоныс аударатын хабардыестігенде Салтанат жас балаша қуанды. Қораға қой қамап жатқан жерімде дəл былтырғыдай жүгіріп келіп:
— Ə, Қайыркен, Қайыркен, естідің бе, Аршабайға көшетін болдық. Жаңа атам айтты, — деді. Сөйтті де менің мойнымнан құшақтай алды. Оның бақыттыкүлкісін қайта көріп, жүрегім жарыла жаздады. Бір сəтке ғана мойныма оралған білегі, бір сəтке ғана шарпып өткен ыстық демі мені тұншықтырып, мас кісідей тəлтіректетіп жіберді…
Сонымен Аршабайға көшетін болдық. Əкем мен апам ертерек барып үй тіге бермек боп, арбаға барлық жүкті тиеп таңсəріден кеткен. Салтанат түйеде, мен аттамын. Ыбышкүреңін жетектеп, өзі қойдың бір шетін жаяу айдап келе жатыр. Түнеукүні қой жоғалғанда күреңге өзі де мінбеген, Салтанатқа да мінгізбеген. Өзінде əйеліне деген аяушылық жоқ-ақ. Салтанат бір ай бойытөсек тартып жатқанда “қалайсың?” деп көңілін бір сұрамадығой, сабазың. Онытіпті қиналып жүр-ау, ауырып жүр-ау деп ойласашы. Үйде болса: “Бар, қойдың алдынан шық”, “ит неге үріп тұр, көріп келші”, “атқа су жылытып бер” деп дүңкілдеп қоймайды. Ал, шығып бара жатып: “Əй, шылбыр есші” немесе “күреңнің маңдайына тағатын жібек шашақ өр”, “мен келгенше жақсылап тұшпара жасашы” деп кетеді. Оңаша қалғанда Салтанат: “Осымені ойнап жатыр деп ойлайдығой деймін шамасы”, — дейтін жай ғана езу тартып. Сол Ыбышəне, “Рр-райт” деп қойып, қойдың ана шетін қусыра айдап келеді. Анда-санда “жөндеп айдасаңшы” деп Салтанатқа жекіріп қояды. Маған лəм демейді. Бүргенді сайдағы сұрағымнан соң маған ұрысуын да қойған.
Аршабайға түс ауа жеттік. Алыстан Қаратұмсықты, ойпаңдағы құдықтыкөргенде Салтанат алақанын шапақтап, қуанғанынан айқайлап жіберді. Қой айдап өзінің қасына кеп қалған Ыбышқа:
— Ыбыш, ана қарашы, өзен көкпеңбек боп жайқалып тұр. Ана құдық басындағыҚайыркен екеуміз қойған мотордықара, ана Қаратұмсықты қара, бəрі сол күйі!
— Е, сол күйі болмай біреу арқалап кетті деп пе ең. Тұрмағанда қайда барады, — деп ол қамшысымен етігінің қонышын сарт-сұрт еткізіп қойды. — Айда қойдыалақтай бермей. Рр-раит!
— Сен түкті де түсінбейсің, — деді Салтанат зілсіз күліп. — Мен солардыбіреу арқалап кетпегеніне қуанып тұр деймісің?
Ыбышүндеген жоқ. Жалпы, ол Салтанаттың мұндай мінезіне ұрыса беруден жалықтыма, əлде, үйреніп келе ме, “сен түкті де түсінбейсің” деген келіншегінің сөзіне ашуланбады. Біраздан соң Салтанат қойдың ана шетінде жүрген Ыбышқа айқайлап:
— Ыбыш, ау, Ыбыш, —деді. — О, не?
— Өлең айтшы, — Ыбышсостиып тұрып қалды.
— А? — деді қайталап сұрап. Өз құлағына əлі де сенбей тұрса керек. — Өлең айтшыдеймін.
— Өй, жын соққан! Не деп келесің өзің, болдыенді! — деп ол шырт ете қалды. Мен мырс етіп күліп жібердім. Салтанат та сылқылдап күліп жүр. Ол Ыбыштыосылай ара-тұра ашуландырып алғандыжақсы көретін. “Өстіп жүріп ақырыүйренеді” деп қоятын ол мұндай кезде.
Біз қойлардыҚаратұмсықтың бергі бауырына тастап, апамдар жаққа келдік. Ол кісілер үйді дəл былтырғыжұрттың қасына тігіп, дайын етіп қойыпты. Салтанат ескі үй орнындағыдөп-дөңгелек боп жайқала шыққан көк шөптің үстіне кеп құлай кетті. Сол кезде мен оны қорқытпақ боп:
— Салтанат, бас жағыңда жылан жатыр, жылан! — деп айқай салдым. Ол “апа!” деп орнынан атып тұрдыда, жанынан өтіп бара жатқан əкемді құшақтай алды. Сөйтті де бетіне бұрқ етіп қаныойнап шыға келіп, не істерін білмей кейін шегінді. Ұялған тек тұрмас деп:
— Ата, қараңызшы, Қайыркен қорқыта береді, — деді төмен қарап.
— Оның не, əй, ақымақ болдың ба? — деп əкем маған жекіп қалды. – Қорқытқанынесі ол. — Сонан соң қарсыалдында тұрған Салтанатқа қарап: — Бар, үйге барып тез су ұрттай ғой, — деді мейірім аралас жұмсақ үнмен. Келінінің ерке мінезіне əкем де ашуланбайтын бопты. Кеудеме нəзік бір қуанышлебі ескендей болды.
Сəлден соң Салтанат қайта шықты.
— Су ұрттадың ба? — дедім “кешір” дегендей оған күле қарап.
— Аһа, — деді ол басын изеп. — Бір тостақ іштім. Апам сені өлтірем деп жатыр. Екінші қорқытасың ба?
— Жоқ, оллаһи қорқытпаймын. Сен сұп-сұр боп кеттің ғой.
Салтанаттың жаз ерке мінезі үш-төрт күнге созылдыда, ашық аспанды бұлт қаптағандай кенет кілт өзгерді. Реңі солғын тартып, қинала күлетін болды. Денесі ысып, төсек тартып жатып қалды.
Аршабайға кеп жайласқан соң қыс бойыат ізін салмаған Амангелді бір күні апақ-сапақта машинасын дүрілдетіп жетіп келді. Кино көрсететін болдыдеп бəріміз улап-шулап қуанып қалдық. Ол келген бетте Ыбыш: “Алпамысты” əкелдің бе?” — деді. “Е, жоқ. Қайдағы“Алпамыс?” Ондай кино шыққан жоқ əлі”. “Қандай кино шығарудыда білмейді осылар. Қайдағыбір өтірікті түсіре бергенше, Алпамыстытүсірмей ме?” — деп, ол Амангелді келген сайын айтатын үйреншікті сөзін айтып, теріс айналып кетті. Ыбышүшін Алпамыстан өткен құдіретті нəрсе жоқ. Ол басқа өлең-жыр, повесть-роман дегендеріңе пысқырып та қарамайды. Олардың не екенін де білмейді, білгісі де келмейді. Ол үшін басқа шығармалардың бəрі жалған, ойдан шығарылған, ал, Алпамыс болған. Жəне, басқа ешжерде емес, тура осыҚаратау өңірінде өмір сүрген. Оның үстіне ол біздің рудың батыры. “Əйтпесе, неге “Қоңырат деген елінде” деп атайды? Қоңырат бізбіз, ол біздің арғыатамыздың бірі” — деп дауласады. Үйде “Алпамыс” жырының екі-үшкітабыжатыр. Егер ол қолына кітап алып оқи қалса, солардыоқиды. Біреуін оқып болып екіншісіне көшеді. Жырдытүгелдей жатқа білсе де оқиды. Оқыған сайын басын шайқап, таңданумен болады. Соныкино етіп шығарса деп армандайды. Кейде өзі көрмеген қияндағыкино қызметкерлерін: “Шетінен миыжоқтар, түк бітірмей қайда жүр” — деп шетінен сыбап боқтап алады. Амангелді келген сайын алдымен Алпамыс жайлысұрайтынысол. Түсіріп қалған шығар деп ойлайды.
Бұл жолысол Амангелді кино көрсетуге емес, маған военкоматтың шақыру қағазын тапсыру үшін келіпті. «Асығыспын, тез қолыңды қойып алып қал. Басқа қойшыларға да барып қағаз таратуым керек. Киноныбасқа жолыкөрсетемін”, — деп жауынның артынан бұршақ жаудырып, біріміз түсініп, біріміз түсінбей тұрған шақта шаңдатып тайып тұрды.
— Ай, мына неме жын қаққандай боп қайда кетті, əй, — деді апам далаға шығып келе жатып. — Неге кепті өзі? Күйнəсі қайда əкелген?
— Апа, ол кино емес, маған повестка əкепті. Міне, бүрсігүнге шақырған.
— Пəуеске дейді. Онесі, құдай-ау? — Əскерге, апа.
— Қой, жағың қарыссын. Қайдағыныайтатындарың не түге, не боп барасың осы!
Апамдысендіру қиын болды. Ал, əбден көзі жеткен кезде егіліп жылап жіберді. Ол кісінің ойынша мен əлі қаршадай ғана баламын ғой. Тек əкем келіп араға түскен соң ғана əрең қойды.
— Болды, несіне жылайсың. Жалғыз сенің балаң дейсің бе əскерге баратын. Жұрттың бəрінің баласыбарып, келіп жатқан жер. Ердің борышыер мойнына түседі. Жас емес. Қайта ананы-мынаныкөріп, көзі ашылып қатайып келеді. Ауылда жүріп боркемік боп кететін түрі бар. Ақыл жағыда мол емес еді өзінде, жақсышақырды.
Бұл жаңалық Салтанатқа қаттыбатты. Шақыру қағазын алған кезде ол өздерінің кішкене отауларында жатқан болатын. Əлден соң мен олардың отауына енгенімде өзі көк орамалын бір маңдайына қиғаштай тартып, басын көтеріп отыр екен.
— Шын ба! — деді ол маған жəудірей қарап. — Шын.
Ол терең бір күрсініп, жастыққа басын қайта қойды.
— Міне, енді сен де кететін болдың. Сенсіз маған қандай көңілсіз болады. Тым болмаса Ыбыштың жанына біраз өзгеріс енген соң алғанда да мен онша қиналмас ем. Білмеймін, маған ауыр сияқты. — Ол сөзінің соңын жыларманға келіп, жұтып қойды.
— Қой, Салтанат, жат жерде қалып бара жақтан жоқсың ғой. Апам бар… Жəне қанша дегенмен Ыбышсенің ерің емес пе. Шындығына келгенде, сен үшін менен гөрі сол қымбат болуыкерек қой…
— Солайысолай-ау… Сен тым болмаса үйленіп те кетпедің. Ол маған серік болатын еді. Білесің бе, мен сенің келіншегіңді жанымдай жақсы көруге тырысамын. Онытуған сіңлімнен де артық санап, ардақтайтын сияқтымын. Осылай деп кейде көзіме елестеткенде орнымнан атып тұрып, сол бір белгісіз сенің келіншегіңді құшақтап сүйіп-сүйіп алғым келеді. Егер ол болса, мен оған ештеңе де тіпті, су да əкелдірмес едім, бірақ қайда барсам да қасымнан бір елі тастамас едім. Екеуміз қосылып айлытүнде əн салар едік. Екеуміз де сені сағынып, «тез келсе екен» деп қосыла тілер ек. Оһ, шіркін сол өмір келсе бір! Білесің бе, аяулыадамыңмен айырылысу деген де жақсығой, өйткені соңында табысу бар. Сонда өмір бұрынғыдан да сүйікті болады. Сонда өмір сүре бергің, сүре бергің, сүре бергің келеді. Кейде мен мəңгі өлмейтін сияқтыболамын, ал кейде тез өліп қалатындай сезінем. Осысоңғысы дұрыс қой деймін. Өйткені, мен өмірге өлгенше ғашықпын, өлгенше…
— Салтанат, Салтанат, сен не деп кеттің, не айтып отырсың? Өлімің не? Өмірге ғашық адам өле ме екен. Қой, біз ұзақ-ұзақ жасаймыз əлі! Төніп келген өлім біздің аяқталмаған əнімізді көріп, бата алмай кейін серпіле беретін болады. Үшжылдан соң мен келемін. Оған дейін Ыбыш сен айтқандай, сен армандағандай боп өзгереді. Мен оған күн сайын хат жазып тұратын боламын.
Салтанат қалжырап кетті ме, əлде өзінше тəтті арманға тағышомып кетті ме, үнсіз қалды.
Екі күннен соң əкемнің атына мініп, Қалашстанциясына жеттім де, аттысол жердегі бір таныс үйге қалдырып, поезға міндім. Соғыс комиссариатында өзім секілді өрімдей жастар қаптап жүр екен. Бірінің əкесі, бірінің анасыөз балаларының соңынан бір елі қалмай тынымсызданып жүр. Сол кезде менімен бірге үйдегілердің ешқайсысыкелмегеніне қапаланғандай болдым. “Кенет алып кетсе ше? Осыбойыкете беремін бе? Тіпті апаммен, Салтанатпен жөндеп қоштасқан жоқпын ғой!”
Бір кезде комиссиябасталды. Түс ауа ол да бітіп, есік алдындағықорған ішінде ду-ду сөйлесіп тұрмыз. Біреулері: “Ертең əкетеді екен. Эшалон күтіп тұрған көрінеді” десе, енді біреулері… “Жоқ, бір айдан соң алады. Бұл жолытек түгендеп, дайындап қояды” деп көріп-біліп
келгендей дауласады. Өстіп тұрған сəтте көзілдірікті қазақ майор шығып бəріміздің үйді-үйімізге қайта беруімізге болатындығын хабарлады. Бір айдан соң қайта шақыртамыз, сонда жөнелтерміз дегенді айтты.
Мен бұл хабардыестігенде қаттықуандым. Бір айға шейін Салтанат сауығадығой. Оның ауырып жатқан шағында кетуім қандай аянышты. Əрі апамның да бойыүйреніп, мен кеткенде жыламайтын болады.
Үйге күн бесін болған кезде жеттім. Тұмсықтан бері құлай бергенімде есік алдына шығып қарап тұрған əкемді, апамдыанық таныдым. Апам аттыадамдыкөрген бетте-ақ мен екенімді танып, үйге жүгіре кіріп қайта шықты. Əсте Салтанатқа қуаныштыхабардыестіртсе керек. Жел жұлқыған ақ жаулығын қолымен басып, маған қарай жүгіріп келеді. Мен нақ бір майданнан оралғандайақпын-ау ол кісіге. Анау кім? Салтанат қой! Иə, жатқан жерінен тұрып ол да бері қарай ақырын жүріп келеді.
Екі-үшкүннің ішінде мен Аршабайдыда, апамдыда, Салтанаттыда, бəрін-бəрін сағынып қаппын. Көкірегімде сағынышпен қуанышсезімі тасып, өн бойымдышымырлата жөнелді. Аттың жүрісін тездетіп апама жақындай бере ерден қарғып түсіп, оның ыстық құшағына құлай кеттім.
— Не болды, бармайтын болдың ба? — деді ол екі бетімнен алма-кезек сүйіп жатып.
— Иə. Бір айға шейін үйде боламын.
— Мейлі, мейлі. Құлыным-ай, сені сол бойыкетіп қалар ма екен деп жатсам ұйқым келмей қойдығой. Мейлі бір ай болса да үйде тынығып, аунап-қунап кетші.
Сəлден соң Салтанат жетті. Оның жүзінде күлкі бар, көзінде төңіректеген жас бар. Əкем мен апамның алдында ол мені құшақтай кетуден қысылып, ернін күбірлетіп қана амандасты. Сонан соң: “Міне, енді бір айға шейін апам екеуміз уайымсыз жүретін болдық”, — деп күрсіне күліп қойды.
Салтанат аттыжетектеп алды. Үшеуміз есік алдына келіп бағаналы бері үнсіз тұрған əкеме таяндық. Ол менің қолымдыалып амандасқан соң:
— Тентектен тез хабар деп, тез қайттың ғой, не болды?— деді жүзіме көзінің қиығымен қарап.
— Ештеңе. Бір айдан кейін алатын болды.
— Імм. Солай де. Дұрыс. Бар, аттыақырға байлап, тартпасын босат. Ерін суыған соң ал, — деді қоңыр үнмен.
— Шай-пайдыішіп болған соң Ыбышқа бар, малдыайдасып келесің. Торғай шырылдағанда кеткеннен əлі жүр. Сусын ала бар. — Сөйтті де əкем түйе жегулі арбасына отырып жүріп кетті. Арба үстіндегі дөңкиген-дөңкиген қазақықаптардыкөріп, ол кісінің диірменге кетіп бара жатқанын білдім.
Менің уақытша болса да қайта оралуым Салтанаттың сырқатын сауықтырып жібергендей болды. Ол былай-былай шыққанда киетін жұқа көк жібек көйлегін киіп, апаммен бірге ас дайындауға кірісті. Бозарған жүзіне қан теуіп, алғашкеліншек боп түскендегідей реңі бал-бұл жанып шыға келді.
Оның көңілі сергіп, сауығып кеткеніне апам өзінен-өзі күбірлеп қуанумен болды.
Бір кезде Салтанат далаға шығып кетті де, əлден соң өздерінің отауларыжағынан “Қайырке-ен!” деп саңқ ете дауыстағаныестілді.
— Не, — дедім апамның қасында отырып. — Бері келші. Тез-тез.
Мен апама қарадым. Ол кісі “бара ғой” дегендей жай ғана езу тартып, басын изеді. Оның неге шақырып тұрғанын білетін секілді.
Мен отау үйге жақындай бергенімде Салтанат:
— Көзіңді жұмып кір, — деді. — Саусағыңмен баспа, алақаныңмен бас немесе сығалап көріп қоясың. Мен көзімді алақаныммен басып ішке
кірдім. — Бері, бері. Абайла, алдыңда жез шылапшын, тұр. Тағы, тағы. Солға бұрыл. Енді тоқта. Ал, енді көзіңді аш!
Мен көзімді ашып қалғанымда керегенің басында ілулі тұрған үкілі шақпақ бөрікті көрдім. Таң алдында ашылған қызғалдақтай қызыл барқыттан тігіліп, айналасына сыңғырлаған күміс теңгелер қадалыпты. Салтанаттың сырқаттанып жүрсе де əлдеқалай бір қызыл матаға өрнек салып, өзінің желеткесі мен шымылдықтарының жиегінен күміс теңгелер қиып алып жүргенін көріп қалғаным бар еді. Бірақ, “ол неге керек?” — деп сұраудыыңғайсыз көріп едім. Ал, қазір шақпақ бөріктің асқан шеберлікпен əсем тігілгеніне сүйсіне тұрсам да, онымаған үлкен бір жаңалық ретінде не үшін көрсетіп тұрғанын түсіне алмадым.
— Қалай, ұнай ма? — деді Салтанат қос жанарында қуанышоты жайнап. — Сен кеткелі бері бар бітіргенім осығана болды.
— Аһа, өте тамаша! — дедім Салтанаттың “ұнадыма?” дегеннен гөрі “ұнаған шығар” деген сезімді жарияетіп тұрған жүзіне қарап. — І-і, бірақ… мұныкім киеді?..
— Кім киеді?
— Қыдырғанда, тойға барғанда сен киесің. Саған үкілі бөрік тамаша жарасуыкерек.
— Жоқ, таппадың. Мен емес. Білесің бе, мұнысенің келіншегің киеді. Мен соған арнап тіктім.
— Менің… келіншегім?! — Иə.
— Сен онықайдан шығарып жүрсің? Менің кімге, қашан үйленетінім де белгісіз ғой. Жəне ол мұндай бөрікті кие қояр ма екен?
–Киеді, несі бар. Кимесе осылай ілулі тұра береді. Бұл тек менің екеуіңе арнаған ескерткішім. Апама да ұнаған.
— Сен мұныапама да көрсеттің бе?
— Оның несі өрескел? Атама да көрсеттім. Ол кісі қолына алып, ары-бері қарап тұрдыда: “Əдемі екен. Тілеуіңе жет, қарағым”, — деп
арқамнан қағып қойды. Ал сен, «ол кимейді» дейсің. Онда мен ренжимін.
Шынында да Салтанат бұртияқалды. Осыөкпелегенінің өзі оған керемет жарасатын еді. Əрі күлкіңді келтіріп, қойған талабына “ал жарайды” деп келісе кеткеніңді өзің де байқамай қалатынсың.
Бұл жолыда дəл солай болып:
— О, жоқ, Мен неге… Мен қуанамын. Ол киетін болады, сөз жоқ, киетін болады, — деп жауап бердім.
Салтанат алақанын шарт еткізіп, үйден жүгіре шықтыда, тамақ жасап жатқан апамдыбарып құшақтай алды. Оның кемеліне жаңа толған жас қыздай апамдыұзақ құшақтағанын, апамның оныеркелетіп қап-қара шашынан мейірлене сипағанын, сонан соң будақтаған көк түтіннің жанында екеуінің əлдене туралыберіле сөйлесіп отырғанын ашық ірге арқылыап-анық көрдім.
Бұдан кейін маған далаға шығып, апамның көзіне көріну сондай ыңғайсыз боп қалды. Бір орында өзімнен-өзім қысылып едəуір уақыт өткізгеннен кейін, ерте ме, кешпе бəрібір ол кісімен сөйлесетінімді ойлап, сол бір қолайсыз минуттан ертерек құтылып алайын дегендей тез-тез басып үйден шықтым. Менің қаттықысылып жүргенімді сезді-ау, апам да маған қарап ештеңе дей қойған жоқ. Тек, үлкен үйге енгенде Салтанат соңымнан жүгіріп кіріп: “Сен ұялып жүрсің, ə? — деді ақ маржандай кіршіксіз тістерін көрсете күліп. — Ештеңе етпейді, қойға барып келгеніңше есіңнен шығып кетеді. Ашыма құйып берейін бе?”
Мен үнсіз басымдыизедім. Ол сырлытостаққа толтырып ашқылтым тарыкөженің суынан құйып алдыда: “Сен əлгіге ренжіп қалдың ба, үндемей тұрсың ғой. Сол тентектігімді жуу үшін, кел, саған өзім ішкізейін”, — деп Салтанат сыңғырлай күліп, мойнымнан асыла құшақтадыда, тостақтыерніме тақады. Ток жүріп өткендей өн бойым дуылдап, көз алдымдағыдүние қарауытып кетті. Жүрегімнің дүрсілдей жөнелгені соншалық, дəл қазір кеудемді жарып шығып, сырлы тостаққа ақ шортандай ыршып түсетін секілденді.
— Тағыма? — деді Салтанат.
Тостақтағысусындытауысып қойғанымдысонда барып байқаппын. “Жоқ, жетеді” дедім ентіге сыбырлап. Тағыда ішкім келіп тұр еді, бірақ əлгіндей азапқа тағытүскім келмеді. Бұдан соң Салтанат кейін шегінді де, сыртын ыстық өтпесін деп киізбен қаптаған шағын қабаққа шүпілдете ашыма толтырып, аузын шүберекпен байладыда маған ұсынды.
— Ал, жүресің бе? — Əрине…
Мен Ыбыштың соңынан кеттім. Ол мені көргенде аңқиып тұрып қалды.
— Өй, кетпепсің ғой, — деді. Оның бұл үнінде таңданудан гөрі қуаныш басым жатыр еді. — Жақсыболды. Ашыма əкелдің бе?
— Иə.
— Бере ғой. Қаным кеуіп тұр еді. — Ыбышжерге малдас құрып отыра кетті де, жұп-жуан түкті білегімен қабақтың екі бүйірінен ұстап тұрып ернеуінен сіміре бастады. Оның екі алақанының арасында қалған кішкене қабақ бірнеше секундтан соң жұмыртқадай жаншылып, езіліп кететіндей еді. Ол əлден соң барып ыдыстытөмен түсірді де “уф” — деп демін терең бір алып, батып бара жатқан күнге рахаттана қарады.
— Түуһ, шөлдеп өліп қала жаздап ем. Салқынын-ай!..
Егер мен келмесем, ымырт жабылғанша ерні кезеріп осылайша қой соңында жүре бермекші-ау. Ал, мен кетсем ше? Оныауыстырып тұратын да адамның реті қалмайдығой. Сонда ол шілденің ми қайнатар ұзақ күнінде жаныбір рахат таппай аңызақ кезе береді-ау.
Осыойға тірелгенде Ыбышқа қаттыжаным ашыды. Не болса да, қандай болса да ол менің ағам ғой. Туған ағам ғой, ана сүтін бірге емген ағам ғой. Ал, қатал да дөрекі қасиеті болса, табиғат жомарттың сыйлаған мінезі шығар. Оған не шара, оған не амал.
Онымен кімге айырбастамақпын, содыр ынжық екен деп жер бетінің қай жақсысына қимақпын! Жо-жо-оқ, ол мен ойлағандай мүлдем сезімсіз емес, оның жүрегінде де анаға, əкеге, іні мен жарға деген махаббат бар. Бірақ ол сезім, əсіресе, əйел атаулыға деген сезімі
Аршабай адырын жалаңаяқ кезіп жүрген сонау балалық шағында-ақ ер жетпей, есеймей сол қалпықатып қалған.
— Ыбыш. — А?
—Менің əскерден қалғаным жақсыболды, ə? — Жақсыболмай…
—Бірақ мен бір айдан кейін кетемін. Саған жаным ашитын сияқты. —Қой, жан ашып… не, ден сау…
— Сонда да саған көмек беретін адамның өте қажет екенін қазір ғана анық ұққан тəріздімін. Мен соныойлаймын. Ойлап келіп, Салтанаттың бар екені есіме түскенде жаным тынышталады. Оның болғанықандай жақсыболды, ə?
— Імм… А, не дейсің! — деді ол артынша əлгі берген жауабының аңғарын енді байқап.
— Салтанаттың болғаныда жақсы-ау? — Əй, сонықойшы…
Ыбышүнсіз қалды. Əрине ол “иə” демейді. Əйтсе де, қарсыласпағанына қуандым.
Бұл — ол екеуміздің сонау Бүргенді сай уақиғасынан кейінгі ашық сөйлесуіміз еді. Осыдан соң мен Ыбыштыүйге ертерек қайтарып жібердім де, өзім асықпай қойлардықораға қарай айдадым. Үйге жеткенде күн батып, саңыбасылып қалған еді. Қаратұмсықтың ар жағынан дөп-дөңгелек боп ай көтеріліп келеді.
Апамдар етті түсіріп, нанын салмай даладағытөсек үстінде мені күтіп отыр екен. Қойлардыиіріп тастап үлкен сыпаға таяғанымда қолында домбыра ұстап отырған Ыбыштыкөріп қайран қалдым. Ол ешқашан, əсіресе апамның көзінше келіншегімен бұлай бірге отырмайтын. Тыңқ-тыңқ еткізіп домбыра тартып қояды. Ол мені көре салып орнынан атып тұрдыда:
— Əй, Қайыркен, бері келші. Жын ұрып кеткен бе, мына бəле домбыра тарт деп қоймады. Мə, сен тартып бер де үнін өшірші, — деді. — Ыбыш домбыранымаған ұстата салып, өзі ет турауға кірісті. Салтанаттың ішек-сілесі қатып күліп отыр.
— Қайыркен, деймін. Ой, мына Ыбыштың, шіркін өнерпазы-ай! Мұндай домбырашыҚаратау өңірінен табылмас. Саусақтарықандай жіп-жіңішке, тура домбыра тарту үшін жаралған дерсің, сала-сала. Ал, безілдетіп жөнелгенде бар ғой, апам екеуіміз еңіреп жылап жібердік тура. Солай ма, апа?
Апам мырс етіп күліп жіберді. Мен де күлдім. Ыбышқызарақтап қалды.
— Болды, болдыенді. Оның несі күлкі. Тарта алмаймын десем де жабысып қоймаған өзің. Енді кеп күлесің, — деді ол күңкілдеп.
Иə, бұл Ыбыштың жанындағыөзгеріс еді, бұл — ерке Салтанаттың жеңісі еді. Менің қуаныштан жаным толқып, Салтанаттықұшақтап сүйіп-сүйіп алғым келді. Апамдыда, Ыбыштыда сүйе бергім келді.
Бəріміз сүттей жарық ай астында отырып тамақ іштік. Анадайда қарауытып Қаратұмсық жатыр. Үй мен сол тұмсықтың екі ортасында Ыбыштың күреңі мен əкемнің жирені кісендерін шылдыр-шылдыр еткізіп жайылып жүр. Ай сəулесімен екеуінің тұлғасықараң-құраң етіп көрініп қалады.
Тамақ жеп болған соң біз өлең айттық. Ыбышқолын жуып бола салысымен қисаякетіп, қор ете түскен. Жастыққа басытие салысымен ұйықтайтын оның бала кезінен бергі қасиеті. Бас жағында тұрып мылтық атпасаң анау-мынауыңа ояна қоймайды. Апам да үйге барып жатып қалған. Салтанат екеуміз олардың отау үйлеріне кіріп алып қосыла əн салдық. Былтырғыжаздан кейінгі бұл Салтанаттың əнін екінші тыңдауым. Əрине, менде дауыс жоқ, сондықтан Салтанатты жетелеп біраз жерге дейін барамын да, бірте-бірте ысырылып қалып қоямын. Ол болса “сен де айт, болмайды” дегендей анда-санда басын шайқап қояды. Бірақ əнін үзбейді. Маған əн айтудан гөрі оның əнін тыңдау мың есе əсерлі, мың есе қымбат. Ол өзі ең жақсыкөретін “Гауһар тасты” айтып отыр. Əн салғанда оның көздері күлімдеп, сұлу
жүзі бал-бұл жайнап шыға келеді. Дəл осысəтте мен Салтанаттың алдында оның маған, бізге əкелген қуанышымен күлкісі үшін өзімді құтылмас борыштыдай сезіндім. Шынында ол келген күннен бастап, біздің бұрынғықаталдық билеген сүреңсіз, қызықсыз бір қалыпты өміріміз өзгеріп сала бергендей болған жоқ па? Алғашқыдағыдай емес, əкем де, тіпті Ыбышта оның ерке, жаз мінезіне жылыжүзбен қарайтын сияқтығой.
— Салтанат, — дедім ол əн айтып болған кезде. — Иə.
—Білесің бе, мен сені өте жақсыкөремін. Бар жаныммен, тəніммен жақсыкөремін. Сол үшін саған осыəлемнің ең асыл, ең таза, ең тамаша, бір ғажайып затын сыйлағым келеді. Бірақ ондай нəрсені таба алмайтын секілдімін, ондай нəрсе жер бетінде жоқ сияқты. Сондықтан мен барлық жұртқа əйгілі, барлық жұрттың меншігіне айналған сыйлық ұсынғым келеді. Ол — əн. Ол –”Жеңеше” деген халық əні. Білесің бе?
— Иə.
—Жақсығой? Тамаша əн!
—Бірақ сөзін өзім қайта жаздым. Оның ескі мазмұныбізге сəйкес келмейтін сияқты. Жəне мұныжай “Жеңеше”емес, “Жеңешемнің əні” деп атағым келеді. Міне, оқып шық. Сонаң соң қосылып айтамыз.
Еркін дала еркесі,
Əндісүйген жеңеше-ай.
Бақытым деп қатыгез
Жанды сүйген жеңеше-ай.
Жабырқаған өмірге
Наз əкелген жеңеше-ай.
Тұнжыраған көңілге
Жаз əкелген жеңеше-ай.
Періштесіең аспанның,
Қондың қайтіп, жеңеше-ай?
Біздерге арнап əніңді
Келдің бе айтып, жеңеше-ай.
Тағы өзіңе жыр арнап
Толғанайын, жеңеше-ай.
Азырқанбай қабылал,
Айналайын жеңеше-ай!
Салтанат төрт шумақ өлеңді тез оқып шықтыда, əрі қуанды, əрі қысылды.
— Жоқ, сен өтірік айтасың, тіпті асырып жібергенсің. Мен соншалықты… Жоқ… Өтірік. Маған қолайсыз.
— Жо-жоқ. Бірде-бір өтірігі жоқ, оллаһи. Қайта мен… саған деген шын сезімімді қағазға əлі толық түсіре алған жоқпын. Бұл əлі аз сияқты.
Салтанат бір қызарып, бір бозарып көп отырды. Ақырында менің ұзақ өтінуім бойынша əнді қабылдап, менімен қосылып айтуға келісті. Екеуміз қосыла айтқанда, расында да əн ғажап шықты. Тіпті, сөзін жазған мен де, ол əнді бұрыннан білетін Салтанат та толқып кеттік. Бір кезде оның көзінен жылт-жылт етіп төңіректеген жастыкөріп қалдым.
— Салтанат, Салтанат, саған не болды? Жасың не бұл?
— А-а? Ə, иə-иə. Ештеңе емес. Жай ғой. Сен оған көңіл бөлмей-ақ қой. — Салтанат маған білдірмеген боп, ақырын ғана дірілдей дем алып, орамалымен жасын сүртті. — Сен… сен ақын боласың, Қайыркен, үлкен ақын боласың. Мен сол үшін жыладым. Енді жыламаймын. Енді əн саламын. — Сөйтті де ол орнынан ұшып тұрып далаға жүгіріп шығып кетті. Сəлден соң: “Қайырке-ен, мұнда кел, домбыраныала шық”, — деп шақырған даусын естідім. Табалдырықтан сыртқа аттай бергенде өз көзіме өзім сенбедім. Салтанат даладағытөсек үстінде апам екеуі отыр екен. Япырау, ол апамдыоятып əкелген бе?
Мен ақырын жылжып олардың қасына келдім.
— Тарт, — деді Салтанат. — Жай, баяулатып тарт. Сонан соң, өзің де маған қосыл.
Екеуміз əлгі əнді қосыла айттық. Баяу шыққан қоңыр үн айлытүнде Аршабай алқабын аралап кете берді. Ол əн осыаймақтағықұлқайыр мен қурайды, жусан мен адыраспанды, тау мен қыраттыбəрін-бəрін де өзінің əсем ырғағымен тербетіп, бесіктегі сəбидей қалғытып, балқытып жібергендей болды. Айнала мүлгіген тыныштық. Шыр-шыр еткен түн шегірткелерінің үні де басыла қалыпты. Тас төбеге келген толық ай жұлдыздардың бəрін ысырып тастап, бізге ентелей төне қарап тұр. Апам болса біздің қосылып айтқан əнімізді елжірей тыңдады. Əн біткен кезде ақ жаулығының ұшымен суланған көзін сүртіп: “Шүкір, көрсеткеніңе шүкір,тоба! Айналып кетейін сендерден”, — деп Салтанаттың маңдайынан құшырлана сүйді. Апам оның сауығып кеткені үшін мейлінше қуаныштыеді.
Сəлден соң Салтанат “Бір баланы” айтты. Əннің ортасына келгенде Ыбышары-бері дөңбекшіп жаттыда, басын көтеріп тұрып отырды. Ай жарығымен шағылысқан жалтыр басын анда-санда бір сипап қояды. Аң-таң. Əн біткен кезде: “Өй, мына пəле қайтеді-ай — деді еңк-еңк етіп. — Дауысын қара жаманның. Қайдан үйреніп жүрсің?!”
— Мен бе? Даладан, анау даладан үйрендім. — Салтанат күмістей сыңғырлап қолымен Қаратұмсық жақтыкөрсетті.
— Оттапсың. Дала əн үйретуші ме еді? Мен күні бойыкеземін, неге үйренбеймін?
— Өйткені, сен ешқашан əн айтпайсың. Тербеліп тұрған құлқайырға құлағыңдытігіп тұрсаң, оның əн салған үні естіледі. Сен естіген жоқсың ба?
ЬІбыштың басытұманданып кетті ғой деймін, сəл үнсіз отырдыда: “Неғыл дейді мынау. Сау сұрақ қойсаң, жындыадамдай жауап беретіні несі”, — деп төсегіне қайтадан шалқалай кетті.
* * *
Менің əскерге кететін күнім де тақала берді. Алыстан шаң көрінсе шақыру қағаз əкеле жатқан Амангелдінің машинасыемес пе екен деп
күтетін болдым. Осындай бір күні апам мені таңертең ұйқымнан жұлқылап оятты.
— Қайыржан, ау, Қайыржан! Тұр, тұршы, жаным, тез тұра қойшы!
Орнымнан ұшып тұрып: “не болды?” — деп үрейлене сұрадым. Апамның ақ жаулығыжелкесіне түсіп, бурыл тарта бастаған шашы бұрқырап кетіпті. Салмақтыжүзінен сабырлылық қашып, мейірімді көзіне үрей үймелеп алған.
— Салтанат қиналып жатыр, — деді апам. Атқа мін де қалқозға шап. Əйел доқтырдыертіп əкел. Бола ғой, айналайын. Ойпырмай, құдай-ай, жаратқан-ай, аман-есен босанса болғаны. Тез, қарағым… — Апам осыныайттыда дегбірі қалмай ішке қайта кіріп кетті. Мен апыл-құпыл киіне бастадым.
Киініп бола салып Салтанат жатқан отау үйдің алдымен жүгіріп өттім. Апам есікке жұқа үлдіректен перде тұтып қойыпты. Іштен Салтанаттың қиналған даусыестіледі. Үйде Ыбышжоқ болатын. Қараспанда өткізілетін шопандар тойына кеткен. Ат бəйгесіне қатысып, көптен бері көсіле шаппаған күреңнің басын босатып, өзінің де, атының да бағын бір сынамақ болған. Əкемнің жиренін тез-тез ерттей салып колхоз орталығына қарай шаба жөнелдім. Таң атса да күн əлі шыға қоймаған кез. Ерке қызының қиналып жатқанынан бейхабар Аршабай даласыəлі маужыраған ұйқықұшағында. Сонау жақта маңқиған Қаратұмсық ұлышайқастан соңғыалып батырдай бір қырындап қимылсыз жатыр. Ен далаға түні бойыəлдекім ақ маржан шашып кеткендей, шөп басындағымөлдір шықтар жылт-жылт етеді. Тымық та, салқын ауа ат екпінімен гулеген желге айналып, денені түршіктіреді.
Колхоз орталығына жеткенімде күн де көтеріле бастады. Сол бойы əйелдер босанатын үйдің алдына кеп ат байлап ішке кірдім. Кірген бетте дəрінің иісі бұрқ ете қалды. Ат үстінде тоңып қалған екенмін, мұндағыжылыауа лып етіп бірден денемді үйіріп əкетті. Іште тыныштық, бəрі де ұйқыда. Есіктен əлдекімнің кіргенін естіген кезекші қыз түпкі кабинетінен басын қылтитып: “Сізге кім керек?» —
деді, таңмен таласып неге келдіңіз дегенді аңғартқандай. Жүзінде түнімен ұйықтамай шаршағандықтың табыбілініп тұр.
— Сізбен сөйлесуге бола ма? Өте, өте асығыс едім…
— Т-с-с, — деді ол бір саусағымен ернін басып. — Оятып жібересіз, мұнда келіңіз.
Мен аяғымның ұшымен басып кезекші қыздың кабинетіне кірдім. Ішке еніп, есікті жапқан бетте асығып-аптығып келген мақсатымдыайтып шықтым.
— Тез, мүмкіндігінше тез. Өтінемін сізден! — дедім жалбарынып. — Сонда сіз маған жүр деп тұрсыз ба?
— Енді кімге айтып тұр дейсіз?
Кезекші қыз əйелдер босанатын үйді иегімен мегзеп қойып: “Оларды тастап кете алмаймын ғой, — деді. — Дегенмен көмексіз қалдырмаспыз. Сіз атпен келдіңіз бе?
— Иə.
— Онда жүріңіз. — Ол мені бастап далаға шықтыда, есік алдындағы жас теректердің арасына кеп тоқтады. — Міне, мына көшенің ту басындағыақ шатырлыүйді көріп тұрсыз ба?
— Иə-иə.
— Сол үйде Жəмилə деген акушерка əйел тұрады. Бір сағаттан соң ол мені ауыстыруға тиіс. Қарсыболмаса не өзі барсын, не ертерек келіп мені ауыстырсын. Оған шейін мен де дайындалып тұрайын.
— Рахмет! — Басқа сөзге келместен мен ақ шатырлыүйге қарай шаба жөнелдім…
Арада жарым сағаттай уақыт өткенде біз жедел көмек машинасымен Аршабайға қарай ағызып келе жаттық. Қасымда əлгі кезекші қыз бар. Шофер жігіт жолдыбілмеймін деген соң аттыАменгелдінің бастырмасына байлап, солармен бірге отырғанмын.
…Біз үйге жеткенде Салтанаттың халі тіптен нашарлап кетіпті. Апам сабыр дегеннен мүлде айырылып, далаға бір кіріп, бір шығып жүр екен. Бізді көргенде жүзіне аздап қуаныштабыенгендей болды. Раушан машинасынан түсе салысымен қолынан жетектеп Салтанат жатқан үйге кіріп кетті. Əрине, мен олармен араласа алмаймын. Даладағыəлі жиналмай күнге қызған ыстық төсек үстінде отырып, іштегі əрбір дыбысқа шыдамсыздана құлақ тігемін. Кеше ғана осымаңайды көктемге, қуанышқа бөлеп, жаз күлкісімен жарасымдылық сеуіп жүрген Салтанат тағдыр талқысының уысында жатыр. Ал оның дəл жанында мен отырмын. Ештеңемен көмек бере алмаймын, дəрменсізбін, шарасызбын. Оның əрбір қинала шыққан үнінен кеудемдегі жүрегім өтпес пышақпен қиқаланып жатқандай есеңгіреп кете жаздаймьш. Жанымдай жақсыкөретін Салтанатқа қолымнан келетін бір көмегім, жанашырлығым осығана.
Арада бір сағаттай өткенде Салтанат мүлде үнсіз қалды. Тек дəрігер қыз бен апамның сабырсыздана, үрейлене күбір-күбір сөйлескендері естіледі. Олардың өзара не айтып жатқандарын ести алмасам да, осы бір өзгерістен-ақ бір жамандықтың ұшын сезгендей төсек үстінде отыра алмай кеттім. Осысəтте далаға апам шықты. Мен жүгіріп алдына кеп тоқтадым. Ол кісінің екі көзінен ебіл-дебіл жас ағып жүр екен. Оны көріп бұрынғыдан бетер жаным түршікті.
— Не… не болды, апа?
— Құдай, о құдай! Ағынан жарылып қайдан ғана бере қойдыдеп ем-ау, көзге бір көрсетіп ала қойғалыберген екенсің де, қу құдай!..
— Апа, апа, не айтып тұрсыз сіз!
— Бар, бар шырағым, — деді апам жаулығымен жасын сүртіп. — Сені шақырып жатыр.
Мен ішке жүгіре кірдім. Салтанат жуған шүберектей боп-боз боп жатыр екен. Мен келетін болған соң үлкен жұқа көрпені үстіне жауып қойыпты. Қасына жақындағанымдыол сезе қойдыда ақырын қолын созды. Мен оның нəзік саусақтарын ұстап “Салтанат!” — дедім. Ол ақырын көзін ашып қайта жұмдыда, еріндерін болар-болмас күбірлетіп əлдене айтқандай болды. Ешнəрсе ұқпай қайталап сұрадым.
Салтанат сол қолын жоғарыкөтерді. Ол нұсқаған жаққа қарағанда, сəусілдеген қызыл жібек шашақтыкөрдім. “Əперші” деді ол естілер-естілмес. Мен жібек шашақтыалып оның қолына ұстаттым. Салтанат оныалақанына бір-екі мыжғылап алдыда маған қайта ұсынды…
— Мұны… Ыбыш… Ыбыш… бəйгеден келгенде бер… Атының… Маңдайына тақсын… Саған… саған… ризамын…
Салтанат менің алақанымдыболар-болмас қысқан кезде қолысылқ ете түсті де, саусақтарымұздап жүре берді.
— Салтанат, Салтанат! Не болдысаған!.. Қос тізерлеп отыра кетіп, оның қап-қара шашынан сипалай бердім. Сорғалаған терден жастығына шейін су болып кетіпті. Бірақ ол үн қатпады, қимылдамадыда. Жаңа ұйықтап кеткендей еріндері сəл ашылып, демсіз жатыр.
Ауыр толғаққа Салтанаттың жүрегі шыдамай қайтыс болды. Мен ертіп келген Раушан да оған ештеңемен көмек бере алмады. Ауруханадан шыққанда жай толғақ болар деп қамсыз шыққан қыз, мұнда келген соң Салтанаттың жүрек ауруыбар екенін біліп, сабырынан мүлде айырылды. Жедел көмекпен əлсіреп жатқан адамдыауруханаға апару да көзсіздік. Əйтсе де, қарап отырып көз алдындағыадамнан айырылып қалмау үшін тəуекелге бел буып, менімен сөйлесіп болған соң мəшинеге мінгізбек болған кезде… Бірақ, тағдыр өз дегенін орындап, Салтанаттың сөзін аяқтатуға да уақыт бермеді…
Оныжерлеп болғаннан кейін 7-8 күн өткен соң, мен де əскерге жүретін болдым. Оның өлімінен соң біздің үйді жантүршігерлік көңілсіздік басқан. Ол қайғыəсіресе апамдыон жасқа қартайтып кетті. Жығылған үстіне жұдырық деп, мен əскерге жүретін болғанымда ол кісі: “Енді мен сені де көре алмай өлемін” — деп сай-сүйекті сырқырата жылады.
Мен жүретін күні Ыбышмалда болатын. Ол бəйгеден келгенде келіншегінің қайтыс болғанын естіп, лəм демей теріс айналып кеткен. Сол бойыүнсіз. Қараспанда күреңнің топтыжарып, екі рет бас жүлдені жеңіп алғандығыжайлыда əкеме əнгімелеген жоқ. Əкем де сұрамаған. Күреңнің осызамандағытұлпар екенін біз қазаға келген адамдардың көңіл айтып болған соңғыəңгімесінен естігенбіз. Мен Ыбышқа Салтанаттың қалдырған жібек шашағын екі-үшкүн өткен соң
бергенмін. Ол: “Бұл не?” деп біраз отырып, түсіндіріп айтқан соң үндемей төс қалтасына салып қойған. Қуануға, сөз жоқ, менен қысылды. Сөйтсе де жібек шашақтыкөрсеткен шақта оның қою қастарытүйіліп-жазылып, қалың еріндерінің бір-екі дір-дір ете түскенін байқап қалдым.
Апам мені біраз жерге шейін жаяу шығарып салды. Ол кісі поезға мінгенше жүре берер ме еді, сəл ұзаған соң “болды, баланы жасытпайық” — деп əкем үйге қайтарып жіберді.
Мен күреңде, əкем өзінің жиренін мініп келе жатыр. Қалаш станциясына апаратын жол Қаратұмсықтықиғаштай кесіп өтеді. Сол тұмсықтың шың басында аяулыСалтанат жатыр. Былтыр, ол таңертең ойпаңда жүріп əн салғанда, мен дəл қазір Салтанат жерленген үлкен тастың түбінде бақыттылықтан жүрегім дүрсілдеп тұрып оның құлқайырлыдалаға сұлулық себе айтқан əсем əнін тыңдағанмын. Ол кезде, осықара тастың түбі Салтанаттың мəңгі қалар мекені болар деп кім ойлаған? Мен үшін ол кеудесіндегі бар арманын орындап болғанша көз жұмбайтын, осықұлқайырлыдаласына сəн беріп, өзі де онымен бірге мəңгі жасай беретіндей көрінуші еді ғой. Енді міне, мен оның қабірімен қоштасып кетуге келе жатырмын.
Қаратұмсыққа жақындап қалғанымызда Салтанат жатқан зираттың басынан құс па, қой ма, қарайып əлдене көрінді. Жас құс дейін десең – ірі, тұлғалы, қой дейін десең – қимылсыз, қатып қалған. Төрт аяқтымал тақыр моланың жанынан не табады?
— Көке, анау көрінген не? — Қайсы?
— Зират үстіндегі.
Əкем маңдайына қолын апарып біраз тұрдыда: – Бүркіт болар шамасы. Нəлеті, мола бүркіт қой. Жүр, тездет! —Біз аттытебініп қалып жүрісімізді жылдамдата түстік. Мола бүркіт бізден жасқанар емес, қимылсыз отыр. Қаратұмсыққа əбден жақындағанда, ол қарайғанның бүркіт емес адам екенін анғарып, ат басын тежеп жіті көз тастадым. Сол сəтте бүркіт деп келе жатқанымыз қимылсыз отырған Ыбыш екенін тани кеттім. Мені ол осыҚаратұмсықтың арғыбауырында күтіп алып, Арысқа шейін бірге бармақ болған.
Ыбыштыкөріп өн бойым шымырлап кетті. Демек, келіншегінің өлімі оған оңай тимеген екен ғой, оның да қабырғасын қақыратып, бауырын жаншып кеткен екен ғой. Оның дəл қазіргі үнсіз отырысында анау-мынау дауыс шығарып жылаудыон орап алатын, одан мың есе ауыр, мың есе əсерлі жан қайғысыжатыр еді.
Ыбыштыəкем де таныды. Оныəлдене деп сөгетін шығар деп ем, бірақ олай етпеді.
— Тəңір алғыр, мынау Ыбышпа еді. Мола бүркіттей сұңқиып отырысы қандай жаман, — деді де қоясалды. Ыбышбізді таяқ тастам қалғанда ғана көріп орнынан ұшып тұрды. Əкемнен жасқанып сайға қарай түсіп бара жатқанда ол кісінің өзі дауыстап тоқтатып алды. Сонан соң Ыбыш əрбір басқан жері жарылып кетер деп қауіптенгендей ақырын қорбаң-қорбаң етіп келіп, баяғықара тастың жанына кеп тұра қалды.
— Кетіп барамысың? — деді ол қасына жеткенімізде сыбырлап қана. — Иə,
Бұдан соң əкелі-балалыүшеуміз Салтанаттың моласының басында үнсіз қалдық. Сəлден кейін əкем маған “түс” дегендей иегін мегзеп қойдыда, өзі аттан түсті. Ол кісі құбылаға қарай тізерлеп отыра кетіп құран оқыды. Ыбышекеуміз үнсіз қатар тұрмыз. Əкем құран қайтарып болған соң, орнынан тұрдыда, терең күрсініп Ыбышқа қарады.
— “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” деген осығой. Сол алтынның қадіріне сен жетпедің-ау, балам. Сенің қаталдығың, сенің жігерсіздігің ғой осыған кінəлі…
Ыбышкөпке дейін үнсіз тұрдыда:
— Мені соған үйреткен сіз кінəлісіз, əке, — деді үзе сөйлеп. Бəлкім, бұл сөз оның ойында көптен жүрген шығар.
Бұл қабірде өршіл мақсат пен үлкен арман иесі жатыр, бұл қабірде өмірге келе алмаған жас сəбидің анасыжатыр, бұл қабірде қадіріне жете алмаған Ыбыштың адал жарыжатыр. Бұл қабірде ешқашан айтылмаған, ешқашан айтылмайтын менің аяулымахаббатым жатыр.
Қош, Салтанат!
Біз атқа отырып, Қалашқа қарай бет түзедік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter