file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Баталар ✍️

  11.04.2024
  2190


Автор: Жібек Ысқақова

Я, Алла!

Я, Алла! 
Қабыл алшы біздердің  дұғамызды,
Кешірші қате бассақ, күнәмізді! 
Дүрбелеңмен елімді алаңдатқан,
Топан судан азат ет, мына бізді! 

Ризығы мен несібе беріп сыйын,
Қайтаршы қазағыма үй мен күйін! 
Алапат дауылдардан сақта, Құдай,
Табыстырып бірлікте жұртты дүйім!

Я, Алла! 
Жанымыз жылы күнде мұздамасын,
Жүрегіміз ауырып, сыздамасын! 
Табиғаттың жіберген тосын сыйы,
Тыныштығын елімнің  ұрламасын! 

Елім жатыр жұмылып жұдырықтай,
Қарсы тұрды апатқа қорқып ықпай!
Я Аллахым,  соларға күш бере гөр,
Топан суды тоқтатып, жеңіп шыққай! 

Тілегіміз бір біздің, қабылдашы,
Бізге берер игі істен жаңылмашы!
Шын ниетпен өзіңе дұға етеміз,
О, Жаратқан!  Өтінем, орындашы! 

Я, Аллахым Ұлықсың сенем саған,
Құдіретті күшіңмен артық бағаң! 
Қол жайып біз өзіңнен сұранамыз,
Болсыншы деп тілейміз елім аман! 
Әумин! 

Жібек Искакова,  11.04.2024




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу