26.03.2024
  76


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Радио мен монтер

Балалар жүр той жасап, Бiрi – «шопан», бiрi – «ұстаз». Бiздер өстiп ойнасақ,
Қынжылыс та, ұрыс та аз.
Шелек киiп басыма,
«Радио» болдым да,
Шығып ағаш басына,
Отырдым кеп орныма.
Құстар ұшып төбемде,
Тақпақ айтып ән салам.
Сүйсiнедi төменде
Тыңдап тұрған барша адам.
«Бұзылып» ем мен бiрде,
«Монтер» болды Нұралы
.
Жөндеймiн деп келдi де,
Құлағымды бұрады.
Үнiм шығып бiр өзге,
Көзiме жас iркiлдi
.
– Жөнделдi, – деп, – лезде, –
Барлық бала бiр күлдi
.
Ойнап соқты өзiмдi
,
Қандай өкпе айта алам.
Қысып қойып көзiмдi
,
Әнге бастым қайтадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу