file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  24.03.2024
  207


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Сауық

(поэма) I
Оқып жүрген алыста
Аулымыздың жастары
Ауылға демалысқа
Лек-лек келе бастады
.
Ағасы кеп бiреудiң,
Баласы кеп бiреудiң,
Қуанышы қойнына
Сыймай жатыр күллi елдiң.
Ағам келiп менiң де,
Лүпiлдеп жүр жүрегiм
.
Не айтса да,
Емiне
Құлағымды түремiн.
Жымиып сәл күлiсi,
Үнi, сөйлеу мәнерi,
Отырысы, жүрiсi –
Бәрi-бәрi әдемi.
Қасындамын кiл оның,
Таусылмайды сұрағым.
Iшке кiрсе – кiремiн,
Сыртқа шықса – шығамын.
Ал есiктiң алдында
Тiгiлiп қос құлағы,
Қойғандай-ақ аңдуға,
Ақтөс тосып тұрады.
Ағам төмен бiр ауық
Баспалдақпен түстi ме,
Асыр салып,
Қуанып,
Қарғиды ол үстiне.
Жақсы көрген адамын
Ақтөс өстiп бөгейдi.
Ұят болар,
Табаным
Лас екен демейдi.
Киiмде iзi қалады,
Батады тым бұл маған
.
Ренжiтiп ағаны
Ала ма деп қиналам.
Жаласа да қолынан,
Тимейдi ағам бұған түк.
Қайта сипап жонынан, Қояды оны қуантып.
Сонсоң оның, менiң де –
Әдетiмiз үнемi:
Шықса да аға сейiлге
,
Қалмаймыз бiз бiр елi.
ІІ
Бiрде жастар дуылдап
,
Қосылып қап бастары,
Ертең сауық құруға
Ақылдаса бастады.
Дайын етiп үш аға
Бар жабдықты, бар асты,
Сауықты ертең түс ауа
Бастамақ боп тарасты
.
ІІІ
Ертеңiне ағайым
Сәскеден-ақ қамданды.
Түзеп мұртын, самайын,
Өтектедi шалбарды.
Жолақ-жолақ түсi ұнап,
Сұр жейдесiн сайлады.
Туфлиiн ысқылап,
Жарты сағат майлады.
Жуынып кеп арыққа,
Мұнтаздай боп киiндi.
– Кеттiм мен, – деп, –
сауыққа, –
Апама кеп иiлдi.
Нұры тамып жүзiнен:
– Қыдыра ғой, күнiм, – деп,
Апам оның iзiнен
Қарап қойды күлiмдеп
.
Қалмайын деп,
Соңынан
Мен де сыртқа атылдым.
Ұстады ағам қолымнан
:
– Тыңдашы, – деп, – ақылдым.
Менi дұрыс түсiнiп,
Тiлегiмдi қабылда.
Шақырмаған кiсiнi
Болмайды ертiп баруға. –
Тұрып қалдым мен ермей,
Ашу буып денемдi.
Ақтөс оздым дегендей
Бүлк-бүлк жорта жөнелдi.
ІV
Жөн,
Ертпедi менi ағам,
Кек тұтам ба соны да.
Деп: «одан да дем алам», –
Кiтап алдым қолыма.
Түсiнбеймiн түгiне,
Мағынасыз үңiлем.
Ойымды Бек үйiнен
Қайтара алмай күйiнем.
Сауық деген немене?
Дұрыс едi барғаным.
Қарамаймын мен неге
Сырт жағынан ауланың.
Не де болса барайын,
Қызыққа бiр қанайын.
Байқай қоймас ағайым,
Алыс тұрып қарайын...
Кiтабымды жия сап,
Жатпасын деп шашылып,
Шалбарымды кие сап,
Сыртқа шықтым асығып...
Бек үйiнiң түбiне
Жиылыпты бар бала.
Батпай отыр кiруге
Тым болмаса аулаға.
Ағалары қалдырса
Бұларды да үйiнде,
Жеткен екен артынша
Сауық жайын бiлуге.
Көзiмiздi жұмсақ та,
Тығылсақ та, қусақ та,
Отырсақ та, тұрсақ та,
Құлағымыз үй жақта.
Баурайтын жұрт сезiмiн
Күй күмбiрлей қалғанда,
Бектi жұмсап,
Өз үйiн
Жiберемiз барлауға.
Тынбай iштен ән бүгiн,
Өтiп жатыр көп қызық.
Бiздерге Бек барлығын
Қолма-қол тұр жеткiзiп...
Үйдегi ән тыйылып,
Қамданды жұрт тарауға.
Ағалардан тығылып,
Ғайып болдық табанда.
V
Қоштасатын кез келiп,
Аттанған соң ағалар,
Есейiп, күрт өзгерiп
Шыға келдi балалар.
– Бiз де сауық құралық, –
Дедi Дауыл күлiмдеп.
Мақұлдастық кұп алып
:
– Дұрыс екен мұның, – деп. –
Сайлау керек бiр үйдi,
Өткiземiз қай үйде? –
Дауыл тағы жымиды:
– Бiздiң үйде, әрине.
Айтсам болды апама,
Қайтармайды бетiмдi.
Шақырады табанда
Дәм әзiрлеп не түрлi
.
Толып жатыр күйтабақ
,
Ойната бер шетiнен.
Жетiспейтiн гитара-ақ,
Кешiкпеңдер екiден. –
Бұл сөздi де құп алып
,
Тарастық бiз, кеңесiп.
Үйге қайттым қуанып,
Айдарымнан жел есiп.

Ертеңiне сауыққа
Сәскеден-ақ қамдандым.
Өтектедiм жалықпай,
Шаңын қағып шалбардың.
 Туфлидi ысқылап,
Жарты сағат майладым
.
Тұрып алдым пышылдап
Алдына кеп айнаның.
Тартып көрем жоғары
Пиджагымның иығын...
Апам қарап қояды
Көзiнiң сап қиығын.
Жуынып кеп арыққа,
Шырыштай боп киiндiм
.
– Кеттiм мен, – деп, –
сауыққа, –
Апама кеп иiлдiм.
Нұры тамып жүзiнен:
«Қыдыра ғой, күнiм», – деп,
Апам қарап iзiмнен,
Қалар деп ем күлiмдеп,
– Саған сауық қайда әлi, –
Деп, рұқсат бермедi. –
Одан гөрi пайдалы
Жұмыс iсте, кел берi. –
Жiпсiз байлап жұмыспен,
Құртпақ апам мысымды
.
Алдындағы күрiштен
Маған қарай ысырды.
– Әуес ас қой бұл дейтiн,
Теру керек күрмегiн. –
Қайтейiн,
Ең сүймейтiн
Iсiм едi бұл менiң!..
VІІ
Қыр басында бар бала
Жүздерiнде күн күлген.
Уәде бұзып,
Аулада
Бетiм күйiп тұрмын мен.
Бектiң: «Суайт!» дегенiн
Көрiп шықтым түсiмде
.
Жүрексiне беремiн
Көздерiне түсуге...
Рас жалғыз қалдым ба
,
Жайымды кiм ұғады
?
Ендi олардың алдында
Қалай жуам кiнәнi?..
Қимылдарын аңдаумен,
Сарсылғанша уайымдап
,
Алдарына барған жөн,
Айыбымды мойындап.
Құп көрiп бұл ойымды
,
Қыратқа бет түзедiм.
Зiл басып өн бойымды
,
Көзiммен жер сүземiн
.
Алға басқан аяғым
Керi кетiп келемiн.
Мiне, топқа таядым,
Кiм бiледi не дерiн.
Күмiлжiдiм:
– Күрiштi
Тазарттым, – деп, –
күрмектен.
Олар кекеп күлiстi:
– Қағылдың сый-құрметтен
!
 Сөйтсем, түрлi себеппен
Көпшiлiгi келмептi.
Дауылға да уәде еткен
Үйi рұқсат бермептi.
Бiрқатары мен құсап
Жегiлiптi жұмысқа.
Кейбiреуi «сөгiс» ап,
Тұрып қапты бұрышқа.
Не естiдi, не көрдi,
Айтып жатыр бәр-бәрi
.
Ортаға алып менi ендi,
Кеңестерiн жалғады.
– Жоспарымыз бүлiндi,
Бiздер үшiн бұл – айып.
Ез болмасақ,
Бұрынғы
Сөзiмiзде тұрайық.
– Қиындықты жеңуге
Жұмсамай бар амалды
,
Жаси берсек, тегiнде,
Бола алмаймыз табанды.
– Дұрыс
!
– Дұрыс
!
Сауықты
Өткiзейiк қалайда.
– Ал, ендеше, дау бiттi,
Жүзеге ассын бар айла.
– Қатемiздi кеш көрiп
,
Тағы қапы қалмайық.
Жай-жапсарды ескерiп
,
Жаңа жоспар қамдайық
.
– Бұл сауықты, менiңше,
Өткiзген жөн жасырын
.
Үлкендерге сезiлсе,
Келтiредi ашуын.
Сәнденбеңдер,
Үйлерiң
Сезiктенiп жүрмесiн.
– Таза киiм кимедiң, –
Деп тақпайық мүлде сын.
– Қалай болмақ ас-суың,
Кәне, кiм не қалайды
?
– Қиындау ет асуың,
Нан мен шай да жарайды.
– Тамақ жағы шешiлдi,
Қайтпекшiмiз үй жағын
?
– Әурелемей ешкiмдi,
Маған жiбер бұл жағын.
Бейсенбiде алдағы
Әкем, шешем екеуi
Кешке қарай таудағы
Жекжаттарға кетедi.
Дәл сол күнi жаңылмай,
Жиналыңдар ымыртта.
Әкелiңдер сары май,
Бес-алтыдан жұмыртқа
.
Ас қамдап, зыр жүгiрiп,
Өзiм аспаз боламын.
Жұмыртқаны қуырып,
Алдарыңа қоямын.
Шай беремiн қаймақтап,
Iшесiңдер тамсанып.
 Содан кейiн ойнақтап
,
Би билеймiз, ән салып.
«Қайбiр жақсы, қарағым,
Кеш жүргенi баланың»
.
Дейтiн ата-ананың
Ұмытпаймыз талабын.
Қылпылдап қыл үстiнде
Көп отыру қауiптi.
Бiрер сағат iшiнде
Тамамдаймыз «сауықты».
Төленнiң бұл жоспары
Жоспар болды ұнамды.
Бүкiл бала қоштады,
Бiр ауыздан құп алды
.
VІІІ
Сезбесiн деп бүгiнгi
Мақсатымды үй менiң,
Шкафтағы iлулi
Киiмiме тимедiм.
Қадамадым әдейi
Үзiлгенiн түйменiң.
Ағам берген әдемi
Галстуктi түймедiм.
«Қайда кеткен шөтке» деп,
Шарқ ұрмадым айнала.
Қалғандай-ақ өкпелеп
,
Қарамадым айнаға.
Күдiк туып жүрмесiн,
Тұра берсiн шалбарым
.
Киiп жүрген күнде осы Шортымен жөн барғаным.
Күн батқанша асығып,
Қалмаса да дегбiрiм,
Сездiрмедiм жасырып,
Түпкi ойымды мен бүгiн...
Жайылып түн түнегi,
Барады көз байланып.
Арқандай сап биенi,
Қайтып келдiм айналып.
Қалай шығам сытылып,
Ойланып тың тыңдадым
.
Қарындасым сыпырып,
Тазартып жүр үй маңын.
Отыр екен ал анам
Бауырында сиырдың.
Бұрыла сап жалма-жан,
Ас үйге мен жүгiрдiм
.
Қараңғы деп шам жағып
Әуре болып жатпадым.
Жан-жағымды қарманып
,
Қаз-қаз басып аттандым.
Орындадым жобалап
Барлығын да тiрлiктiң.
Сары майдан орап ап,
Омырауға сүңгiттiм.
Жиюлы тұр алдымда
Жұмыртқалар көп күнгi.
Бес-алтауын салдым да,
Киiп алдым кепкiмдi.
Жолда жеуге нан алдым,
Бiр кесе су сiмiрдiм
.
Шыға бере анамның
Қармағына iлiндiм.
 – Қарашығым, бос тұрма,
Болыс бiзге, кел берi.
Кәне, қазан астына
От тұтата бер, – дедi
.
Тартатұғын жазаң да
Бұдан ауыр бола ма
?
Сүтiн құйып қазанға,
Бет алды ол қораға.
Бұл нұсқауын апамның
Қалай тұрам түсiнбей
.
Қалай кетiп қаламын
Мына сүттi пiсiрмей.
Қойып апам жаныма
Бiр бау қамыс отынды
,
Сыпырасын жайды да,
Нан илеуге отырды.
Ендi қарындасым да
Әзiрлеп ап ыдысты,
Апамның кеп қасына,
Ет турауға кiрiстi.
Жалпылдақтың жалыны
Аяр емес қызуын.
Қоярға мен жанымды
Жер таба алмай шыжыдым.
Жалын азап боп әлгi,
Байқамаппын қызықты.
Қойнымдағы ораулы
Сары май да шыжыпты.
Төмен қарай жүгiрiп,
Жыбырлатып барады.
Қарындасым бұрылып,
Таңдана бiр қарады.
Әне, ендi
Қабағын
Апама ол тұр керiп.
Сөйтсем, құрғыр балағым
Қойыпты ғой сыр берiп.
Тиiсе ме текке адам,
Күйiнбесе ашудан
?
– О, оңбағыр
! – деп апам,
Нұқып қалды басымнан
.
Жұдырығы мыжып қап,
Жұмыртқалар бүлiндi.
Мұздай уыз сыздықтап
,
Самайыма жүгiрдi.
«Бәрi бiттi ендi», – деп,
Тұла бойым дiр еттi.
– Апа, апа, өлдi
! – деп,
Қарындасым шыр еттi.
Түлен түртiп сәл бiрде
Тәртiп бұзсам далада
,
Жiпке тiзiп бәрiн де
Жеткiзетiн анама.
Жазалатып,
Күнәмдi
Тазартатын ол менiң.
Батпас деушi ем бұған бiр
Ауырғаным, өлгенiм.
Жылағанда даусы үдеп
,
Толқып кеттiм бiр түрлi.
– Ойбай, сорлы басым
! – деп,
Апам да ендi ұмтылды
.
– Апа, басым аман, – деп,
Тұра қаштым орнымнан
.
154 155
– Тоқта, күнiм, таңам, – деп,
Қуып бердi ол соңымнан.
– Мертiктi деп қалып па ең
?
Саумын, апа, болма алаң.
Балаларға барып мен,
Бiраз ойнап оралам..
.
Зулап келем күлiп мен,
Тасқа табан тiлгiзiп
.
Апамды бiр жүгiрткен
Осы болды шын қызық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу