Өлеңдер ✍️
Құрметтi есiм
Көршi үйге бiз жиналдық,
Шiлдехана тойына.
Ат таба алмай қиналдық
Бөпесiне қоюға.
Қолқа салды бiр ағай,
Атады ел сан есiмдi.
Қала бердi ұнамай,
Көпшiлiкке ешбiрi.
Аттарды айтып кейiн де,
Даурығысып кеттi әркiм.
Айтқым келiп менiң де:
– Талғат болсын! – деп қалдым.
Батыр Талғат атаны
Алматыда көргем-дi.
Ата ғой зор атағы,
Көз алдыма келдi ендi...
Талай-талай ерлiгiн
Оқығанмын кiтаптан.
Құзғын жаудың небiрiн
Аспанда атып құлатқан.
Сескенбеген ол мүлдем,
Жiбермеген намысын.
Сансыз рет бомбамен
Талқан еткен жау күшiн.
100 101
Мейiрiмдi кескiн-жүз,
Жайма-шуақ мiнезi.
Кеудесiнде қос жұлдыз,
Екi батыр бiр өзi.
Атын алған атаның
Мұсабаев – ғарышкер.
Алған батыр атағын
Ол аға да намыскер.
Iлiп алып сөзiмдi,
– Дұрыс! – дедi ел ендi.
Аспанға атып өзiмдi,
Дуылдаса жөнелдi.
Сонсоң ағай бөпенi
Бесiгiнен алды да:
– Отырсын, – деп, екеуi –
Бердi менiң алдыма.
Фотоаппарат сырт еттi,
Түсiп қалдық суретке.
Есiмдi айтып құрметтi,
Бөлендiм мен құрметке.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter