Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
282

Жаным ау
Желкелеп жүрме сені? әлі мұңдар,
Болмас күнім қайғыға салынуға әр.
Шыр еткеннен шықпайтын маңайыңнан,
Өле - өлгенше күту мен, сағыну бар.
Бөгет емес тағдырдың тас қамалы,
Өмір біткен жоқ енді басталады.
Сен тәуекел қыла ғой, жарық күнім,
Не деседе о десін басқалары.
Пенде бар ма? жалғанда мұңға бөтен,
Өмір құрғыр бітпейтін сындар екен.
Талайлардың жоспарын талқан еткен,
Тағдыр айтса қырсықпай тыңда көкем!.
Жүрегіңе түсседе сызат, қайғы,
Сені Құдай білемін жүз ақтайды.
Бақытыңды күттің ғой сабыр етіп,
Сәл шыдашы оны енді ұзатпайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇