Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
406

Сен үшін де сағындым
Кетпей қойды бір сағыныш санамнан,
Жүрегім ай,
Жүрегім ай жамалған.
Ештеңе де өзгерген жоқ қалпында,
Сол сағыныш сол арманым сол арман.
Көңілсіз боп келеді осы күз неге?,
Жылымады,
Жылуы жоқ мұз дене,
Мен көктемді енді асығып күтпеймін,
Өкпем де жоқ бірақ мына күзге де.
Кімге жәйлі күңіренген күз бағы,
Анау тоңды,
Мынау мұңнан мұздады.
Аяқ асты құлап кетсем қайтемін,
Қуықтай тас секілденіп құздағы.
Жәйі бөлек мұңға толы жанымның,
Келмей де тұр,
Тағдырға да бағынғым.
Мен өткенді сен үшін де жек көріп,
Сен үшін де сағындым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇