Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
133

Жаздың соңы
Қойдың мені ес-түссіз ғашық қылып,
Жүрген едім таусылып жасып, құрып.
Құшқым келді өзіңді суық күнде,
Құшағымды қаттырақ ашып тұрып.
Өлең жазғым келеді саған ғана,
Жазылса да менің де жарам жаңа,
Көлеңкесін түсірсе кім көрінген,
Мен боламын қасыңда алаңдама.
Жаздың соңы, барады жылу қашып,
Желпілдеген желіктің буын басып.
Мені мұңға малатын ағыл-тегіл,
Күз келеді, түседі жуырда шық.
Саған тартып тұрады қандай жалын,
Аман-есен жүрмісің шалғайдағым?
Пешенеме жазылған, ойып тұрып,
Боласың ба сен менің маңдай бағым?.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter