Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
116

Бәрі қалар
Тағдырға тіл тигізіп керегі не,
Түнермеші түсесің тереңіне.
Құдай сүйген құлына сынақ беріп,
Сәл өксітіп алады демеді ме.
Қыла бердің таусылып несін қайғы,
Тітіркеніп қабылдап тосын жайды.
Қай-қайдағы түкпірде қалып қойған,
Уайымыңды қозғасаң басылмайды.
Әр сәтіңнің қуанып, біл бағасын,
Қайғырасың несіне мұңданасың?.
Шыңға құмар екенсің шық қалайда,
Орта жолда құлама құм боласың.
Бәрі қалар шат көңіл, сая күнің,
Басы шаттық өмірдің аяғы мұң.
Күнің жетсе кетесің мәңгілікке,
Орап алып жалғанның жаялығын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter