Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
141

Пенде солай
Кім болса да, тіл тигізіп күндеме,
Мықты болсаң жеңіле сал, үндеме.
Адам деген аяқ асты тулайтын,
Түсініксіз бірдеңе.
Ұқсамайтын бір-біріне мың сырлы,
Кейде еріксіз келтіреді күлкіңді.
Жақсы көріп жүреді де әп-сәтте,
Құбылады лезде түлеп бір түрлі.
Бар айтқанын кейде сеніп, құптайсың,
Күлсе күліп бірге жылап сықтайсың.
Жүз жыл бірге, іргесінде жүрсеңде,
Ішіндегі ала сырын ұқпайсың.
Қырып-жойып шулатады, шайқайды,
Надан болу, адам үшін сол қайғы.
Жақсылығын көрмей қалып өтірік,
Кемшілігін тығып қойса байқайды.
Пенде солай қияметке, әй қамсыз,
Күнә қылмас едім дейді сайтансыз.
Біліп тұрып ренжітеді біреуді,
Ал біреулер байқаусыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇