file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  136


Автор: Серікбол Валихан

Сыйласып қал

 


Алмалысың кей кезде төкпелісің,
Бір күн тату, ертесі өкпелісің.
Мінезіңді турала туысқаным,
Жақындарың қасыңнан кетпеуі үшін.


Қалған екен, қарайып кеш батып та,
Тізеңді бүк кіжінбей бес бақытқа.
Мінезіңмен сыйсаң да сыйлы жерге,
Өнеріңмен сыймайсың еш уақытта.


Тағдырласым тағайын несіне мін,
Мен кейде, асқақтаймын, көсілемін.
Ту сыртымнан қанжар сұқ маған мейлі,
Шын жүрекпен бәріңді кешіремін.


Езілмеші жарығым тастан құлап,
Тұра қойшы ол мәнсіз тастанды бақ,
Сен қызығып алданған дүниенің,
Тайғанауы оп-оңай бастан бірақ.


Білесің ғой өмірде жалған бәрі,
Қолға қона бермейді талғамдағы.
Тірі болсаң сыйласып үлгеріп қал,
Өз орнына келеді қалғандары.


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу