Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
159

Көңіл күйім болмай жүр
Мені құртып қажытып жүр қандай зіл?,
Мұңым да жоқ, жұрт секілді ондай бір.
Зауқым соқпай ештеңеге қызықпай,
Неге екенін көңіл-күйім болмай жүр.
Көкіректі, көтертпейді зіл басып,
Емеспін де, есі кеткен шын ғашық.
Оңашада жұрт көзінен жасырып,
Неге жүрмін түнде жалғыз сырласып.
Тағы маған үбіп өтті күз демін,
Мен күзді емес, көктемімді іздедім.
Тамашалап тұрып қалдым қалқайып,
Қарша жауған қалың құстың тізбегін.
Мен әйтеуір мың түрленіп құбылдым,
Мына әлемде жылытпады жұмыр күн.
Қанжығаға қыстырылған қояндай,
Қара етімнен бір-ақ күнде сылындым.
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter