Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
106

Бақытты етпей ме
Сүйгенің сені тастамайды ма?,
Пәк сезіміңді ластамайды ма?.
Соны ойлап тағы бекерден бекер,
Таңдарың атып қас қарайды ма?.
Сүйгенің сені бағалайды ма?,
Кемшілігіңе қарамайды ма?.
Жауқазын жүрек өкпелегіш қой,
Жаныңды бір күн жараламайды ма?.
Сүйгенің сені еркелете ме?,
Жоқ әлде безіп ерте кете ме?.
Бір беткей қырсық мінездеріңді,
Мамыққа малып көркем ете ме?.
Сүйгенің сені сатып кетпей ме?,
Өзгеге барып жасын төкпей ме?.
Шын сүйген болса қолыңнан ұстап,
Маңдайдан сүйіп, бақытты етпей ме?.
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter