file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  143


Автор: Серікбол Валихан

Құдайға талмай тағзым ет

 


Құламай тұрып Құдайға талмай тағзым ет!,
Хабарым барды өмірден көрген азды көп.
Жазғыра көрме жаншылып қалған сезімді,
Мүжіліп кеткен тағдырға қашап жазды деп!.


Өмірге өкпең, бар сынды сенің аздаған,
Қайтесің оны қайғырып қайта қозғаман.
Таусылып жүріп өзімнен-өзім жалғанда,
Құр бекер менде тентіреп кете жаздағам.


Жамалған жерді бүтіндей көріп сыр сақта,
Қайтады кері жақсылық, зиян қылсақта.
Несіне сонша таусылып, күйіп-пісесің,
Тағдырың сенің жазылып қойған құрсақта.


Келмейді дейсің қасымнан ұзап кеткенім,
Өмір ғой бәрі ұйқаса берер деп пе едің.
Қайғырып күзді өткізбейтінің секілді,
Көңілді бола бермейді күнім көктемің.


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу