file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  121


Автор: Серікбол Валихан

Ада болдым

 


Махаббатқа,
Дейді ме бәрі құрбан?,
Аулақпын, жабығудан, зарығудан.
Келешектен сәулелі үміт көріп,
Ада болдым келместі сағынудан.


Не пайда бар?,
Сүйгенге жалынудан,
Қашқақтаса қасыңнан табылудан,
Бақытты күн басталып кеткен екен,
Келмесімді аңсаудан арылудан.


Қорықпаймын,
Ойлаудан, қамығудан,
Сан сұрақтың соңынан сабылудан.
Таудың өзі тұрғанда басын иіп,
Қашалмаймын тағдырға бағынудан.


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу