Өлеңдер ✍️

Есіңде ме?
Жиырмаға келген кезің
Қызық қуып жүруші ең көшелерде,
Қоя берді еркіңе пешенең де.
Есің кетіп жастықтың желігімен,
Қателесіп бүліндің неше жерде.
Есіңде ме?
Жиырмаға келген кезің
Жастығыңды жүнжітіп тоздырғаның,
Кеуде керіп жүретін озбыр жаның.
Қыстырмайтын едің сен құлағыңа,
Әке шешең қақсаған сөздің бәрін.
Есіңде ме?
Жиырмаға келген кезің
Махаббатқа арналды барлық әнің,
Емделгенсің бұл дертке шалдыға мың.
Қара түнге қалдырып бар сырыңды,
Бір сұлудың қойнында қалғығаның.
Есіңде ме?
Жиырмаға келген кезің
Бәрі сеннен сескеніп, именетін,
Қорқатындар сыйлайтын, сый беретін.
Жағаласқан жағасын жыртып алып,
Ерегескен астыңда иленетін.
Соның бәрі келмейді түсіндің бе?,
Бал орнына қу шарап ұсындым де.
Жас күніңде жақсылық жасамасаң,
Қайыры жоқ қиратқан күшіңнің де.
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇