file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  137


Автор: Серікбол Валихан

Замандар ай

 


Замандар ай,
Зулайтын замандар ай,
Балалықпен жүруші ем алаңдамай.
Ғашық едім ес-түссіз есім кетіп,
Өмір дейтін өкпешіл саған ғана ай.


Замандар ай,
Тұрақсыз замандар ай,
Алды артымды жүруші ем бағамдамай.
Тұнық еді жанымның тазалығы,
Көңіл қалып біртіндеп жоғалғаны ай.


Замандар ай,
Ызғыған замандар ай,
Егде тартып барамын жаман қалай.
Мінсіз едім тап-таза періштедей,
Жүруші едім ешкімді жамандамай.


Замандар ай,
Зулаған замандар ай,
Жазылады шерменде жарам қалай?.
Түтіп жеген онсыз да тағдырымды,
Қоя тұршы тоздырып тарамдамай.


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу