Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
112

Ұмытпа елім
Түрленді әлем,
Алада болып құбылды,
Еңкейіп емен, шыбықтар өсіп бүгілді.
Біздің ел дейтін талайдың сағын сындырар,
Егемен елге айналып кеткен тұғырлы.
Сары аяз суық, түніде айсыз ызғарлы,
Қаншама тағдыр, жанында жүдеу сыз қалды.
Мақтаңдар елім!
Құрбандық болған жігіт пен,
Қыршыннан кеткен қара көз қайран қыздарды.
Мәңгілік елге,
Алысып жүріп айналдың,
Еңсеңді тікте енді шыңдарға жайланғын.
Еркек тоқтыны болашақ үшін құрбан ғып,
Тәңірдің өзі құшағын бізге жайған күн!.
Күмбірде күмбір!
Жылайды жүдеп көк аспан,
Солақай дәурен, күндестей күн мен санасқан.
Ұмытпа елім!
Шоқпарсыз жалаң батырды,
Тәуелсіздік үшін таласқан.
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇