Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.03.2024
121

Сынық сәуле
Тербегенде сезімді түн сабырым,
Ол жанарға байланған тұнса мұңым.
Мен көнгенмін,
Сен енді көнесің ғой,
Маңдайыңа жазылып тұрса күнім.
Сырымды айтып егілдім, тал, қайыңға,
Сынық сәуле,
Түскенде маңдайыма.
Үміт мені алдап жүр қайтсем екен,
Менде солай біреуді алдайын ба?.
Мүжілмейді дейсің сен,
Шеті ненің,
Іліп қойса өткелдің өтіне мұң.
Сезім дейтін құрғырға сенбейтіндей,
Білмеймін,
Неге сонша сетінедім.
Жаңа мұңдар,
Ескісі ұмытылды,
Сол құрғырлар құртып жүр үмітімді.
Күтіп жүрмін барлығын жиып алып,
Санамнан ұмытуды!
Серікбол Валихан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇